Бабалар ерлігі ұрпаққа үлгі-өнеге

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 834
  • Тәрбие сағаты
  • 30/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23072


Тәрбие сағатының тақырыбы: Бабалар ерлігі ұрпаққа үлгі-өнеге
Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, батыр бабаларының ерлігін үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Елінің даңқын батыры шығарар, Батыры шығармаса, ақыны шығарар»
• Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
• Ерлік білекте емес, жүректе.
• Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.
• Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі.
• Қаһарлы қамал бұзады.
• Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а.Таныстыру тренингі.
ә.Топқа бөлу
ІІ. Негізгі бөлім.
а.Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге.
ә. Еркін елдің ертеңі – тағылымды тұлға.
ІІІ. Қорытынды.
Өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімінде тәрбие сағатының тақырыбымен, жоспарымен және өту барысымен таныстыру.
а. Таныстыру тренингі. Сыныпқа жаңадан келген оқушылар бар болғандықтан олар бір-бірімен жақсырақ танысып, тез араласып кету үшін «Әсем-әдемі» тренингін ұйымдастыру.
ә.Топқа бөлу
Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге.
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” -деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, тіл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Фильмнен үзінді.
ХVIIIғасырдың 20-жылдары басында болған жоңғар шапқыншылығы қазақ халқы тарихында «Ақтабан шұбырынды» жылдары деп аталып кетті. Қазақтың жоңғарларға қарсы күресінде қазақтың талай батыр ұлдары жанқиярлықтың, өз ел жұртына адалдықтың үлгісін көрсете білді. Олар: Қаракерек Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай ел қыраны, тұлғалы батырлары болды.
Қазіргідей қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға елді жеткізу жолында талай батырлар өзінің өмірін аяған жоқ. Басына қандай қиындық түссе де, өр халқымыз еркіндікке ұмтылды.
Мамыр айында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланған болатын. Туған жерде жеңіс туын желбіреткен хас батырларымыз Қ.Қайсенов, Р.Қошқарбаев, Т.Бигельдинов, Б.Момышұлы мен Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларымыз сияқты батыр қыздарымызды білмейтін ұрпақ жоқ.
1-оқушы. Қазақтың қаһарманы – Момышұлы
Үлгісі батырлықтың, намыс ұлы
Үніндей зеңбіректің гүрілдеген
Ерлікке шақырады таныс үні.
Айбарлы тұлгасы зор басқа түрі,
Айналды қала мүсін, тасқа ақыры,
Елімен мәңгі бірге жасай берер,
Қазақтың қайталанбас хас батыры.
2-оқушы. Шығыстың кос шынары
Әлия, Мәншүк қайсар қызы қазақтың.
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы
Қазақстан аспанында азат күн.
3-оқушы. Қазақ тарихында демократия бостандық бастауы болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кімді де болса толғантпай тұра алмайды.
4-оқушы. Шағылса да тауға тиіп жас тауы
Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.
Күллі әлемді шулатқан сол екі күн
Болған екен бостандықтың бастауы.
5-оқушы.Тегеурінді соққылары жарақтан
Ақша қарға судай ақты қайнап қан.
Қайдан білсін, қызу қанды ерлерім
Айрыларын Ләззат, Ербол, Сабира мен Қайраттан.
6-оқушы. Дүлей күштің алып зәре ұсқынын
Алаулатып жылытты бір қыс күнін.
Қайдан білсін қайран қара көздерім
Тастағанын елге ерлік ұшқынын.
7-оқушы. Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанымның бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте.
8-оқушы. Асыл халқым аңсаған
Тарихында төгіп термен қанша қан.
Орындалды енді міне тілегің
Арайланып атты жарық таң саған.
Ие болып байлығыма жеріме
Өркендесін туған Атамекенім.
Еркін елдің ертеңі – тағылымды тұлға бөлімінде
Әр топқа мақал-мәтелдер жазылған беттер үлестіріледі.
Мақал-мәтелдерді толықтыруға, нақыштап оқуға тапсырма берілді.
Әр топ бір мақалдың мағынасын ашып берсін.
Сұрақ: Бұл мақалды өздерің қалай түсінесіңдер? Өзгелерге қалай түсіндіріп берер едіңдер?
І топ.
1. Елбарда, .... қор болмас,
Ербарда, .... қор болмас.
2. Батырды жауда, ............................ дауда сына.


3. Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,
Бай болсаң – еліңе ...................... тисін.
4. Білімдіге дүние ....................
Білімсіздің күні ....................
5. Бірлік болмай ...................... болмас.
6. Батыр туса .......... ырысы,
Жаңбыр жауса .......... ырысы
7. Талапты ............. нұр жауар.
ІІ топ
1. Оқу – білім .........................
Білім – өмір .......................
2. Жұмыла көтерген ............ жеңіл.
3. Білегіңе сенбе, .................. сен.
4. Татулық – табылмас бақыт.
5. Ырыс алды - .......................
6. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел боса, .................... келеді.
ІІІ топ
1. Жеті жұрттың тілін біл
Жеті түрлі ................... біл.
2. Білекті бірді, білімді ................ жығады.
3. Болар елдің баласы он бесінде баспын дер,
Болмас елдің баласы отызында ................дер.
4. Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді ..................... өлтіреді.
5. Ердің атын .....................шығарады.
6. Жігітке .................. өнер де аз.
ІV топ.
1. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз .................... жоқ.
2. Тіліңмен жүгірме, .................. жүгір.
3. Болат .......................шынығады,
Батыр майданда шынығады.
4. Жүк ауырын нар көтерер,
Ел ауырын .........көтерер.
5. Ұланы бар ................ұраны бар.
6. Ел үмітін ............. ақтар,
Ер атағын ................. сақтар.
Мақалды толықтырып, топтағы балалар оқығаннан кейін бір мақалдың топпен ақылдасып мағынасын түсіндіруге тапсырма берілді.
Қорытынды. Отан, туған жер ұғымы сендерге таныс ұғымдар.
Отан оттан да ыстық деген бар. Елімізді осындай дәрежеге жетуіне үлес қосқан батырларымыздың тек бір азғантай бөлігінің ғана есімдерін атап отырмыз. Сендер де ержетіп, бабалардың аманатын арқалайтын, еліміздің көркеюіне үлес қосатын азаматтар болып шығатындарыңа сенімдімін. Тәрбие.орг сайтынан Бабалар ерлігі ұрпаққа үлгі-өнеге Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мурзабаева Лиза Есмағанбетовна

БКО, Орал қаласы, №20 жалпы орта мектебі математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar