Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Байқоңыр – ғарыш айлағы»
  • 05.04.2016
  • 904 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18445

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта мен таныстыру
Тақырыбы: «Байқоңыр – ғарыш айлағы»
Тобы: Ересек
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беріп, Байқоңыр тіралы біліп, зымыранды құрастыруға үйрену.
Әдіс-тәсілдері: СТО, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, тыңдау.
Көрнекілік: Байқоңырдың, ғарышкерлердің, зымыранның суреттері, слайд

Іс –әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс -әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері:
- Амансың ба, алтын Күн!
- Амансың ба, Жер ана!
- Амансың ба, достарым,
- Сендерді көрсем қуанам! Шаттық шеңберіне тұрады:
- Амансың ба, алтын Күн!
- Амансың ба, Жер ана!
- Амансың ба, достарым,
- Сендерді көрсем қуанам!-
Іздену ұйымдастырушы - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын білеміз бе?
- Осы көктем айының бірінші айы қалай аталады?
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал , осы наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?
- Балалар, қәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?

Тамшылар кетіп, бұлттың арасынан күн шығады.

- Жарайсыңдар, балалар міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен. Ал көктемнің осы айы қалай аталады.
- Ия, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ол-ғарышкерлер мерекесі.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайық.
- Не көріп тұрсыңдар? Бұрын қайдан көрдіңдер.
- Балалар, біздің тұратын жеріміз – Жер планетасы деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл – аспан әлемі - ғарыш. Біз өзіміздің Жер планетасында тату - тәтті өмір сүреміз.

- Көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ерте заманнан адамдар әуеде құс сияқты ұшуды армандаған, сондықтан аспанға көтерілудің түрлі жолдарын ойластырған. Ең алдымен, әуе шарлары пайда болды. Келе - келе ұшақ, тікұшақ пайда болды. Ұшақтар адам тасымалдауға арналған. Ал тікұшақтармен ауыр жүктерді тасиды.
- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дұрыс шешуге тырысайық:
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.

Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз.


Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /

- Аспанда нелер болады, балалар?
- Олар не үшін керек бізге?

- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

- Ал, Қазақстаннан ең алғаш ғарышқа ұшқан кімдерді білесіңдер?

- Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан осылардан сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған баллоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады
- Балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Қане есімізге түсірейік, кім айтады?



Ғажайып сәт: Балалар, казір бізге бір қонақ келеді. Мынау кім, балалар?
Робот: Са - ла - мат - сың - дар ма, ба - ла - лар, сен - дер қай ға - лам - да тұ - ра - сың - дар?
Робот: Сен - дер - дің жер - ле - рің қа - лай деп а - та - ла - ды?
Робот: Балалар, мен сендерге хат әкелдім.
(хат оқылады)

Сергіту сәті:

Боймызды сергітіп алсақ тапсырмаларды орындайық.

- Балалар, сонымен ғарышқа немен ұшамыз? Сендерде белгілер бар, қызыл белгілер бар балалар қызыл зымыранға ал көк белгілері бар көк зымыранға отырады.
Көзімізді жұмамыз 5 - тен 1 - ге дейін санаймыз:
5, 4, 3, 2, 1 – ұштық.

Қызыл зымыран Марс планетасына қонады, мұнда тұрғындардың ұшақтары жарамай қалды. Біз оларда зымыран жасауға үйретеміз. Үлгілерге қарап зымыранды жасаймыз.

Көк зымыран Юпитер планетасына қонады. Зұлымдар планета тұрғындарын мұзға айналдырды, көмек көрсету үшін тапсырмалар орындау керек.
Әліппе - дәптермен жұмыс Зымыраннның суретін салу.
Робот пен қоштасу.
- Балалар планета тұрғындары сендерге рахмет айтады, сендерге арнайы сыйлықтар бар.
- Зымырандарымызға отырамыз мектепбімізге ораламыз.
5, 4, 3, 2, 1

- Көктем мезгілі
- Көктем мезгілінде үш ай бар
- Наурыз айы деп аталады
- Аналар мерекесін, наурыз мерекесін

Бұлттар:
Жер анаға көмегім
Жағбыр болып төгемін,
Төмендемін, көлбеймін
Бөгелмеймін, өрлеймін

Тамшылар:
Бұлттар, бұлттар ойнашы
Күркіреп, дүркіреп
Бұлттар, бұлттар ойнашы
Сіркіреп, дүркіреп

Бұлттар:
Нөсер, нөсер төк-төк
Болсын егін көп-көп

Сулар:
Сылдыр-сылдыр сылдырлап
Су ағады сыңғырлап
Бау- бақшаны аралап
Су ағады жағалап

Күн:
Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты

Кемпірқосақ:
Мөлдіреп моншақ шашылды
Аспан шайдай ашылды
Көкте , қызыл жасылды
Кемпірқосақ асылды

Құстар:
Көкке қанат қағамыз
Көктем әнін саламыз

Гүлдер:
Бәйшешекпіз құлпырған
Көрік берер далаға

- Сәуір айы
- Балалардың жауабы

Жер көлігі (машиналар, велосипед, мотоцикл), су көлігі (кеме, қайық), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, зымыран).

- (Зымыран)

- /Зымыран/

- /Ғарышкер

- Күн, ай, бұлттар болады.

- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю. А. Гагарин болды. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит – Белка және Стрелка ұшырылған.

- Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.

Арсен:
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын..
Нұртас:
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.

- Робот
- Саламатсыз ба?
- Жер ғаламында тұрамыз.
- Қазақ жері деп аталады?

- Көздерін жұмып саяхатқа шығады.

- Қызыл зымыран Марс планетасына көмектесіп зымыранның суретін құрастырады.
- Көк зымыран Юпитер планетасына көмектесіп зымыранның суретін салады.
Рефлексивті қорытындылау Дидактикалық ойын: «Ғарышқа ұшу». Ойынның шарты: Балалар зымыранмен ғарышқа ұшып, жұлдыздың тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап береді:
- Аспан денелеріне нелер жатады?
- Ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді ата.
- Скафандр деген не?
- Ғарышқа қандай көлікпен ұшады?

- Міне көрдіңдер ме, балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді көрсетіп, сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, жұмбақ шешіп, суретті жақсы салып, сабаққа жақсы қатыстыңдар! Жарайсыңдар!
- Ай,жұлдыз, күн, ғаламшарлар т.б
- Әубәкіров.Т, Мұсабаев.Т Ю.Гагарин
- Ғарышкерлер киетін киімдер
- Зымыранмен

- Балалар сыйлықтарын алып мәз болады.
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Ғарыш әлемі жайлы түсіне білді.
Баланың меңгеруі: Байқоңыр –ғарыш айлағы туралы меңгерді.
Баланың жасай алуы: Зымыранның суретін және де құрастыра алды. Тәрбие.орг сайтынан «Байқоңыр – ғарыш айлағы» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 904 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar