Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бала тәрбиесі - ортақ мәселе
  • 05.05.2016
  • 357 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18933

Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
«О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп» МКМ Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Арыстанбекова Ұлбосын Шынарқызы

Бала тәрбиесі - ортақ мәселе

Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді».
Бала тәрбеисі үлкен ыждаһаттылықты талап ететін күрделі құбылыс.
Халқымыздың сан ғасырлар бойғы бала тәрбиесіне байланысты даналығына құлақ түрсек: «Адам- ұрпағымен мың жасайды» деген. Әрбір адамның өмірдегі арманы, бақыты- артында із қалдыру. «Байлық- қолдағы мұз, бақ- ұзатылайын деп тұрған қыз, бала- артыңда қалар із» деп бекер айтылмаса керекті. Өмірдің есігін «шыр» етіп ашқаннан баланың ең бірінші көретіні, танитыны – ата-анасы. Рас, қазіргі таңда бала тәрбиесіне мектеп жауапты десек те, бала мектепке келерге дейінгі, 6-7 жасқа дейінгі тәрбиенің өзін ата-анадан алады емес пе?.. Одан кейін 11 жылын мектеппен тығыз байланыста өткізеді. 16-17 жастан кейін және ары қарай да бала толықтай ата-ана жауапкершілігіне өтеді. Ары қарай да баланың қандай болмағы ата-анаға байланысты. Атамыз қазақ : «Не ексең соны орарсың» деп бекер айтпаған. 23 жастан ары қарай бала өз ата-анасындай толыққанды азамат болады.
Қазіргі таңда, әсіресе, ауылды жерлерде, рас, көп ретте балабақша жоқ. Мектепке дейін бала тәрбиені тек ата-анадан алады. Ал үйде отырған ата-ананың балаға жіті қарауға үй тірліктерінің өзінен-ақ қолы босай бермейді. Жас нәресте балаға кей ата-аналар жаман сөздерді айтқызып, оған «Менің балам былай деді» деп мәз болатынымыз да арамызда ілуде кездесетіні несмесе ата-ана балаларын түрлі ішімдікке, темекі заттарын алуға жұмсайтыны тағы бар. Жас оқушы балалармен бірге туған күн тойлап, балаларының көзінше мас болып жатқан ата-ананы сирек болса да кездестіріміз.
Таң сәріден қара кешке дейін жұмыста болатын ата-аналар, әрине, баласының сабағына да, тәрбиесіне де қарауға шамалары келмейтіні анық. Бірақ ауылды жерде үйде отыратын-ақ ата-аналарамыз да бар емес пе?.. (Олар не уәж айтар екен?) Міне, сондай ата-аналарымыздың арасынан жылдап, айлап мектеп бетін көрмейтін ата-аналар да шығады. Сөйте отырып, мектепті жамандап, көпке топырақ шашатындары тағы бар.
Қазіргі уақыт, балаға бос қарауды көтермейді. Үйдегі жаман әдет жат қылықтардан қорғауымыз керек. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы белең алып жатқан түрлі қатыгездіктер, кісі өлтіру, тонау, зорлық-зомбылық, нашақорлық пен жезөкшелік, жастардың жыныстық тәрбиеге ерте баруы, тастанды балалардың көбеюі, әлімжеттіктердің болуы кез келген адамның, әсіресе баланың психикасына әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Бала сол болып жатқан оқиғаға не жиреніп қарап бойын аулақ ұстауға тырысады, не қызығып сол оқиғаға еліктеп кетуі әбден мүмкін. Сол себепті де барынша балаларды ондай жағдайлардан да алшақ ұстауымыз, қызғыштай қорғауымыз керек. Ол үшін, әрине, мектеп пен ата-ана тығыз қарым қатынаста болуы керек.
Рас, мектеп балаға білім мен тәрбие беретін орталық. Мектепте барлық ұстаздар мен сынып жетекшілер балаға бар білгедерін үйретуге, бойларына сіңіртуге тырысатыны анық. Бірақ сол берген білім мен тәрбиені ары қарай терең сіңіртуге үйде ата-ана да ықпал етуі керек.
Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде баланы кез келген тығырықтан шыға алатын, бәсекелестікке қабілетті етіп және осы тұрғыда бойына адамгершілік қасиеттерді терең сіңірген, өз ұлтының патриотын тәрбиелеу ұстаздың да, ата-ананың да
үлкен міндеті болып тұрғаны һақ.
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Бала тәрбиесіндегі олқылықтардың алдын алу үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жүргізуіміз керек.
Жас шыбық иілгіш болса, жас бала да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ендеше, жас өркенді тәрбиелеу жүгін бірге көтеріп, бірлесе жұмыс атқарып, жұмысымыздың желекті жемісін бірге көрейік, құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бала біздің, еліміздің болашағы екенін ұмытпайық! Тәрбие.орг сайтынан Бала тәрбиесі - ортақ мәселе Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арыстанбекова Ұлбосын Шынарқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 357 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar