Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бата және тиым сөздер
  • 08.04.2016
  • 536 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18529

Сабақтың тақырыбы: Бата және тиым сөздер.
Сабақтың мақсаты:Ата-текті білу,ата дәстүрлерін ардақтау,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі:Сахналанған сабақ.
Қонақ қариялар:Бекзат,Дәурен.
Кемпір:Күншуақ.
Баласы:Азиза
Келіні:Камилла
Немересі:Айгерім
Көрші балалары:Ләйлім,Айым,Миржан.
Кешқұрым мезгіл Дастархан жайылып кешкі асқа отырып жатқан уақыт.Даладан алқынып немересі кіріп келді.
Әжесі:-Әй,жүгірме.Үйге жүгіріп кіруге болмайтынын білмейсің бе?
Немересі:-Әже,біздің үйге қонаққа аталар келе жатыр.
Әжесі:Келсін – келсін.Қонақ өз несібесімен келеді.Қонақ – ырысың деген.Бар өзің қолыңды жуып кел.
Сол уақытта уйге қос қария келіп кіреді.
- Кеш жарық!
- Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумассалам!
Баласы:Төрлетіңіздер.Мақтап жүреді екенсіздер.Асқа келіңіздер!Балам аталарыңның қолына су құйып жібер.
Немересі келіп қариялардың қолына су құяды.
- Өркенің өссін!Қатарыңның алды бол!
- Бақытты бол!Үлкен азамат бол!
Әжесі:-Е,замандастарым,жөн сұраса отырайық.Кімдер боласыңдар,қайдан келіп,қайда бара жатырсыңдар!
І-қария:- Біз алыстан келе жатырмыз.Еліміз шөмекей.Көрші ауылдарыңда Болысбай деген замандастарымыз бар еді,соның немересі үйленіп тойға бара жатырмыз.Жас келген екен.Қарттық үндемей жеңеді екен адамды.Жас кезімізде аттың үстінде мызғып алып күніді-түнге,түнді-күнге ұрып жүре беруші едік.Заман-ай деген!Шаршадық,атымызда болдырған сияқты.Әрі кешкі мезгілде,күнмен толасып от ала барғандай болайық деп сіздердікінде аялдап алуға бел будық.
Баласы:-Дұрыс жасағансыздар.Тамақтан шайдан ала отырыңыздар.
Көршінің балалары келеді.Үлкен екі қызы үлкендермен сәлемдесіп,дастарханға жайғасады.Кіші,ер бала босағаны көріп,табалдырықта тұрып қалады.Сол кезде екінші қария:
- Балам, босағаны керме,табалдырықта отырма жаман болады.Бері кел,дастарханға жақында.Өзінің баласы бос бесікті тербете бастайды.
Әжесі: - Жүгірмек,бос бесікті тербетпей кет әрі.
Баласы:Ақсақалдар,көрген-білген,естігендеріңіз болса айта отырсаңыздар. «Қария,ақылы оныңдария»дейді атам қазақ.Мына кішкентай жаңа өсіп келе жатқан жас буынға үлгі-өнеге болатын өсиет айта отырсаңыздар.
ІІ- қария: - Е,қазіргінің балалары ақылдан кенде емес шығар.Сонда да мына жеткіншектерге тиым сөздерді айта отырсам деймін.
Босағаға отырма,
Босағаны керме.
Бейітке қолыңды шошайтпа,
Бейітке қарап түзге отырма.
Бос бесікті тербетпе,
Бейуақытта жылама,уықтама.
Досыңды өкпелетпе,
Дарақтанып күлме.
Дәмге түкірме,
Еңбектен қашпа,
Еріншек болма.
Жала жаппа,
Жаман жерді баспа.
Келіні:- Қыздарым аталарыңа қандай өнерлерің бар көрсететін.
- Апа,мен өлең айтып берейінші.
- Әрине қошақаным.
Айым ән айтады қария бата береді.
- Ата біздің өнеріміз бұнымен шектелмейді.Шара апамыз сияқты дөңшеленіп би билеп берсек қалай қарайсыз.
Айым мен Ләйлім би билейді.
Қария тағы да бата береді.
- Е,замандас балалар өнерлі екен.Асың да дәмді болды.Тынығып,жақсылап демалдық.Енді жолға шығайық,рұқсат болса.
- Әрине,рұқсат.Асқа бата беріңіздер.
Қариялар дастарханға бата береді. Тәрбие.орг сайтынан Бата және тиым сөздер Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мауетекова Люба Бакытовна

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық орта мектебі Математика және физика

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 536 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar