Біздің -Елбасымыз.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 416
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20573


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: «Біздің- Елбасымыз»
Өткізген:Атабекова Іңкәр Дүйсенбекқызы.
Мақсаты:Елорда Астана жайлы білімдерін кеңейту.Елбасының ұстанымен,өмір жолын үлгі етіп,балаларды Отанын,халқын,жерін сүюге,батылдыққа,патриоттыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:Елбасының туып өскен жері,өмір жолы,қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.Рәміздермен таныстыру.
Көрнекіліктер:Елбасының портреті,рәміздер.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,слайд көрсету.
Іс – әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең Шаттық шеңбері.
Достарды біз қолдаймыз.
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Барлық әлемдегі адамға тек,
Жақсылықты ойлаймыз.
Балалар қайталайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең Балалар,мынау кімнің суретін көріп тұрымыз?
Бұл кісі-Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
Бұл кісі-бізге кім болады?
Дұрыс айтасыздар,балалар,бұл бізді елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев.
Кәне,балалар,осы елбасымыз туралы өмір жолынан мағлұмат беріп өтейін.
Елбасымыз 1940жылы 6шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында,Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.Мектепті жақсы оқыды,ата-анасын құрмет тұтты.Ұшқыш болуды армандады.
Слайдтан балалық шағын,өмірін,отбасын көрсету.
Енді балалар,біз өзіміздің рәміздерге тоқталып өтейік.
Мынау-біздің елтаңбамыз.Елтаңбамызда шаңырақ,пырақ,бейнеленген.
«Кім білгіш ойыны»
Ал мынау не?
Туымызда не бейнеленген?
Туымыздың түсі қандай?
Біздің әнұранымызда бар.
Кәне бәріміз әнұранды орындайық.
Біздің елордамыз қай қала?
Астана қаласында қандай әдемі жерлер бар.
Ендеше балалар бәріміз бәйтеректі көрдік,енді осы бәйтеректі қағаз бетіне салып,оны түрлі-түсті қағаздармен әшкейлейміз. Бұл кісі-Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
Елбасымыз.

Балалар мұқият тыңдайды.
Ол біздің туымыз.
Күн,қыран құсы және оюмыз бейнеленген.
Көк.
Әнұранды балалар орындайды.
Астана қаласы.
Бәйтерек.Думан.
Ханшатыр.

Балалар
бәйтеректің суретін қағаздармен әшекейлейді.
Рефлексиялық – түзетушілік кезең Қорытындылау.
«Күншуақ ойыны»арқылы қорыту.
Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп,мақтау,мадақтау. Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ҚР.Еліміздің елбасын таниды.Өмірімен танысады.
Меңгереді:Рәміздер туралы түсініктері бар.Суреттерде не бейнеленген жайлы айта алады.
Жасай алады:Еліміздің әнұранын жатқа орындайды.Тақпақтарды жатқа айтаалады. Тәрбие.орг сайтынан Біздің -Елбасымыз. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атабекова Іңкәр Дүйсенбекқызы

Астана қаласы №9 "Нұршашу балабақщасы"МКҚК Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar