Cынып сұлтаны - 2017

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 311
  • Тәрбие сағаты
  • 19/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23103


Ақтөбе облысы Алға ауданы №1 Алға мектеп – балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі
КОЙБАГАРОВА ЛАЗЗАТ АНУАРБЕКОВНА
Тақырыбы : «Сынып сұлтаны -2017»
Мақсаты: Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай оқушы бойына ұлттық сана сезім мен патриоттық сезімін арттыру. Сынып оқушыларының ішінен сегіз қырлы, бір сырлы жігітті анықтау. Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : сыни ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Көрнекілігі: интер белсенді тақта, шарлар, гүлдер, плакаттар, нақыл сөздер
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші: Бүгін біздің сыныптың ұлдары арасында өтетін «Сынып сұлтаны» байқауын тамашалауға қош келіпсіздер!
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы ________ жігіт өз өнерлерін көрсетпек.
2-жүргізуші: Ортаға өз өнері мен білімдерін сарапқа салатын жігіттерімізді шақырайық.
1-жүргізуші: Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Беделді сыныптың ер жігіттері,
Шақырайық ортамызға Әділет ұлды -
2-жүргізуші: Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Төлеген мен Иманәли ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
1-жүргізуші: Біледі олар жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Данияр атты сабазды –
2-жүргізуші: Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Нұрхан
1-жүргізуші:Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Талабы зор Инабаттай жігітті,
Шақыралық қошеметпен ортаға
2-жүргізуші: Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол Нұрәділ
1-жүргізуші: Қуантады білімімен бізді Нұртас
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
2-жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Нұрдәулет
Көрінген күштің басынын
1-жүргізуші: Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан бұл Мақсат
2-жүргізуші:Ашық жарқын жүзді,
Әділ – қазылар біздің,
Таңдап баға берерге,
Шақырайық төрге, - дегендей, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміздің өнерін таразылап, әділ шешімін берер әділ – қазылар алқасымен таныстырамыз.
1.
2.
3.
1-жүргізуші: Жігіттерімізді бүгінгі байқаудағы сайыс түрлерімен таныстырып өтейік:
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз,» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Көңілі ояу, көзі ашық» сұрақ – жауап сайысы
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
V бөлім «Білімді мыңды жығады» білгірлік сайысы
VI бөлім «Сәнді киім үлгісі»
Асықтар таңдау арқылы нөмерленеді.
2-жүргізуші: Бала деген бақытты еліменен,
Құдіреттің қолында әлем деген.
Қазылар алқасы мен қонақтарға,
Басталсын байқауымыз сәлемменен,-деп байқауымыздың алғашқы сайысы «Тегімді менің сұрасаң»
-Әділ қазылардан бағасын сұраймыз.
1-жүргізуші: Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады. 2-бөлім: «Жігітке жеті өнер де аз»
Әділ қазылардан әр жігіттің бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
3-бөлім: «Көңілі ояу, көзі ашық»
«Ер қанаты –ат» демекші, тақтадағы жылқылардың суретін таңдау арқылы артындағы сұраққа жауап береді.
1.Киіз үй жабдықтарын ата? (кереге, уық, шаңырақ, түндік, босаға)
2.Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
3.Төрт түлік малды ата? (түйе, жылқы, қой, ешкі, сиыр)
4. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай)
5. Ең кіші бір таңбалы санды ата? (0)
6.Сәби баланың төсегін ата? (Бесік)
7.Түйенің сүтінен не жасалады? (шұбат)
8.Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам? (наурыз көже)
9.Білім күні қашан? (1-қыркүйек)
10.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата? (см, дм, м, км)
Әділ – қазылардан бағасын сұраймыз.
1-жүргізуші: Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.
2-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға – сол алда-дегендей сайысымыздың ендігі түрі «Білімді мыңды жығады» білгірлік сайысы.
1. Жаңылтпаш
2. Мақал – мәтел
3. Өтірік өлең
4. Үш би
5. Жеті ата
6. Бес дұшпан
7. Бес асыл іс
8. Апта күндерін ата
9. Қазақтың ұлттық ойындарын ата
10. Жұмбақ
-Әділ – қазылардан бағаларын сұраймыз.
1-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы шарты Сән үлгісін көрсету. Ұлдарымыз ата – аналарының көмегімен жасаған киім үлгілерін көрсетіп, таныстырады.
Әділ – қазылардын бағасы сұралады.
2 – жүргізуші:
Осымен, «Сынып сұлтаны 2016» атты бойына өршіл рухы бар жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, класымыздың аруы Маратқызы Жадыраттың орындауында «Бақытты балалық шақ» әнін тыңдасақ. Қарсы алыңыздар.
Ән: Қазақ жігіттері
1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Қорытынды: Ата – аналарға, мектеп дирекциясына құттықтау сөз беру.
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі құтты, еліміз тыныш болсын!Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын ! Тәрбие.орг сайтынан Cынып сұлтаны - 2017 Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Койбагарова Лаззат Ануарбековна

Ақтөбе облысы Алға ауданы №1Алға мектеп - балабақшасы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar