Дәстүрді сыйлаған озады.

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 146
  • Тәрбие сағаты
  • 11/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23309


Тақырыбы: Дәстүрді сыйлаған озады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен дәстүрлерін таныстыру, мәнін ашу,мағынасын түсіндіру
Көрнекілігі: дәстүрлер бейнеленген суреттер; өлең шумақтары;мақал – мәтелдерден үзінді.
Жоспары: 1. Кіріспе әңгіме.
Бүгінгі «Дәстүрді сыйлаған озады» атты тәрбие сағатында ата-бабамыздың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып , кейінгі ұрпаққа жеткен дәстүрлерімен тереңірек танысамыз.
Қазақ халқы бір ауыз сөзбен қуантып , бір ауыз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл, дархан халық болған. Біз де жақсы дәтүрді жалғастырып , бойымызға сіңіріп, жамандықтан аулақ, жаны таза, елжанды ұрпақ болуымыз керек.
2. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге ,қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім, келеді, айта бергім.
Ата-бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
3. Оқушылар өздері білетін дәстүрлерді атап, мағынасын түсіндіреді.
4. Сурет бойынша дәстүрлерді таныстыру , мәнін аші, мағынасын түсіндіру.
Сүйінші сұрау- Шын қуанудың белгісі,- аса мәнді хабар жеткізген адам сүйінші сұрайды. Естіген адам алғысын білдіріп, жолын береді.
Шашу шашу- жақсы тілектің айғағы ретінде көрінетін сұлу да, көңілді дәстүр.
Байғазы және көрімдік беру – байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі. Көрімдік жаңа туылған нәрестеге , жас келінге, жас туған төлге беріледі.
Тоқымқағар- жас бала алғаш рет жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мал сойылып, дастарқан жасалып, ойын- сауық, өлең- жыр айтылады.
Ерулік – басқа жақтан көшіп келген адамдарды қонаққа шақыру .
Асар жасау –бір үйдің күші жетпейтін үлкен бір жұмысқа бір тоқтысын сойып, ауылдастарды шақыру: Көптің күші қоя ма, бір асарда – кірпішін құйып , бір асарда іргесін көтеріп, тез арада үйді қалап тастайды.
Бастаңғы – ауыл үйдің үлкендері көрші ауылға әр түрлі жол-жаралғымен кеткенде, қалған жастар тамақ істеп, бас қосады. Қысылып –қымтырылмай, еркін әзілдесіп , ән – күймен көңіл көтереді.
Сыбаға беру – мүшелі ет салып сыйлы адамға тамақ беру. Қойдың басы, ірі қараның шекесі,жамбас, белдеме , ортан жілік, қазы, қарта, жал – жая сияқты мал мүшелері сыбағалы тағам қатарына жатады. Соғым сойған үй сыйлайтын інісіне, жақсы ағасына сыбағалы ет беріп жібереді.
Ұша- «Біреудің асын ішсең, ұшаңды әзірле» деген сөз бар. Дәм татырған үйді шақырып, дәм беру.
Шілдехана- Қазақ халқы нәресте көріп, бала сүюді ерекше бақыт санаған . Баланы өмірінің жалғасы деп түсінген.Сондықтан, бала өмірге келген күні шілдехана өткізіп, жиналған халық өлең айтып, ұлттық ойындар ойнап, мерекеге ұласқан.
Бесікке бөлеу- Көшпелі қазақ халқының өмірінде жас нәрестені күтіп бағу үшін бесік өте қолайлы болды. Біріншіден, жылы,екіншіден таза болады.
Баланы бесікке бөлерде үлкен адамды шақырып, қонағасы беріп, жол-жоралғысын берген.Бесікті тербеткен кезде ерекше әуезде бесік жыры айтылған.
Тұсау кесу- Баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен байланады. Тұсау кесушіге сый-сыяпат көрсетіліп,сыйлық беріледі.
Тұсау кесілген соң баланы ақ жайма үстімен жүргізеді.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың
Алға қарай баса бер
Асулардан аса бер! –деп тілек тілейді
Сарқыт.Қонағасыға сойылған мал еті жаз айында сол күні асылады. Үлкен табақ берілген сыйлы кісілер табақты кері қайтарғанда ішіне туралмаған етті сарқыт деп кері қайтарады.
Сәресі.Таң сәріден ораза тұтқан адамдардың күн шықпай тұрып ішетін тамағы.
5. Сахналық көрініс. « Жарасып тұр дәстүрім »
- Сүйінші! Сүйінші! Ауылдан әжем келді!
- Қатты қуанып тұр екенсің. Міне, сыйыңды ала ғой.
- Самат,артыңа жасырып тұрғаның не?
- Байғазы берсең, көрсетем.
- Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Міне, саған жаңа асығымды берейін, көрсетші.
- Міне,әжем тігіп әкелген тақия! Ал атам маған кішкентай қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.
6. Мақалдарды айта отырып,тәрбие сағатын қорытындылау.
Жақсы дәстүр жан семіртер
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.
Дәстүрді сыйлаған озады.
Осы дәстүрлерді біліп, өмірде қолданып, есте сақтап жүрейік.
Хор « Қазағымның дәстүрлері-ай »!. Тәрбие.орг сайтынан Дәстүрді сыйлаған озады. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мынбасова Куляш Тойшыбековна

Қарағанды облысы Теміртау қаласы №17 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar