Әдебиет сабақтарында сандық технологиялардың тиімділігі

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 133
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23267


Әдебиет сабақтарында сандық технологиялардың тиімділігі

Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкінік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Білім беру үдерісінде сандық технологияларды қолданудың маңызы зор, өйткені күнделікті өмірде және педагогикалық үдерісте компьютерді қолданбау мүмкін емес. Қоғамда ақпараттық ағымдардың өте тез жылдамдықта тарайтындықтан, ауқымды ақпараттық орта қалыптасады. Баланың ақпараттық қоғамға енуіне жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға баулу қажеттілігін атап өткен жөн. Еліміздің саяси, әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді ақпараттандыру.Бүгінгі таңдағы біртұтас ақпараттық ортаны құру. Бүгінгі таңда білім саласында сандық технологияларды пайдалану, ақпараттық кеңістікпен сабақтастыру болып отыр. Қазіргі кезеңдегі негізгі мәселелердің бірі- оқыту үрдісінде де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімділік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып отыр. Білім беруде мұғалім құзырлығы ақпараттық- технология құралдарын игерумен тығыз байланысты. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталды. Қазіргі таңда білім ошақтарында заманауи үлгідегі компьютерлік сынып, мобильдік сынып жабдықталған. «Е-learning» білім беру ұйымдарына енгізу бұл – оқыту сапасын арттырудың бір түрі. Осыған орай мектебіміздегі кабинеттерде моно блоктар, сандық мультимедиялық подиум, интерактивті тақта, сонымен қатар барлық сынып кабинеттері ғаламторға қосылған. Ең бастысы электронды каталогпен де кітапхана да жұмыс істейді. Қойылған мақсаттың жетістігі оқыту сапасын, білім беруді басқару тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады. Компьютерлік индустрия күнделікті білім сапасында жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін барынша айқындай түсуді және білім континентінің сапасын арттыруға да ерекше назар аударып отыр.Компьютерлендіру заманы өтті, технология бір орында тұрып қалмайды, одан әрі дамиды. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені мәлім. Оқушы үшін кез- келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі өте ауқымды.Сондықтанда сынып оқушыларымен жұмыс жасауда мультимедиялық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда мұғалімнің айтқаны , ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай сандық ресурстарды пайдалану өте тиімді. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін сұрыптауға зор ықпал етеді. Әдебиет сабақтарында сандық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсаты білім беру, білімді пысықтау, бекіту, бақылау, ақпараттық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту,таным көкжиегін кеңейту. Тиімділігі уақытты ұтымды пайдаланып, үнемдейді. Электронды оқулықпен оқыту мұғалімнің оқушымен жеке шығармашылықпен жұмыс істегенімен пара-пар,компьютерлерге арнайы орналастырылып оқу үрдісінде автоматтандырылған жүйе болып отыр. Бүгінгі таңда бірнеше пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен қолданысқа ие. Ғаламтормен, компьютермен жұмыс жасау өміріміздің мәніне айналды. Сандық технологиялардың бірден бір тиімділігі:
-Материалдардың алуан түрлілігі:
-Аудиомәтіндер, суреттер, сызбалар, кестелер, бейнематериалдар,презентациялар т.б.
-Тапсырманың бірізділікпен берілуі;
-Өз бетінше шығармашылықпен ізденуі;
-Ақпаратты сұрыптай алуы;
-Алған білімді бекітіп, пысықтай алуы;
- Белгілі бір өсу сатысына көтерілуі;
-Ой толғау жазу.
Ұсынылатын сан алуан қызықты материалдар, тест түрлері, диалогтық оқу түрлері, кестелер, сәйкестендіру тапсырмалары, мәтін түрлері және құрылымына байланысты тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі, шығармашылыққа жетелейді, өз бетінше ізденіп, көш озық болуына итермелейтіні анық.
Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады.Жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне жазбалар арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді. Әдебиет сабақтарында көрсету – түсіндіру-жаттықтыру-бақылау-бағалау.
Әрекеттестік түрі бағыттаушы, нұсқаушы яғни іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық қалыптасады. Бұнда мұғалім-жетектеуші, оқушы-орындаушы бірлескен ізденіс орнайды.
Әдебиет сабағының құрылымы әртүрлі оқу әдістері мен ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары болуы керек.
Қазақ әдебиеті сабағында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады.
- Уақытты үнемдеу;
- Сабақтың сапасын көтеру;
- Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады;
- Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. Мысалы қазіргі сабақ үстінде сандық технологиялар оқушы үшін де мұғалім үшін де тиімдісі ноутбук немесе планшет. Планшет арқылы зертханадағы іздендіру, зерттеу жұмысы. Ақын жазушылардың өмірінен мәлімет; шығарманың басты ерекшелігін саралау; шшығарманың көркем тіліне талдау жасату.
АКТ-ны әдебиет сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін: -сабақты түрлендіріп өткізу; - сабақта ақпарат құралдарын пайдалану; - оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету –ғаламторға шығу. Қазақ әдебиеті сабағында сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады:
• Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;
• шығармаға қатысты бейнежазба
- интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдануға;
- шығармашылық жұмыстарда;
• Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.
Бала сандық технологиялар арқылы компьютер, ноутбук немесе планшет арқылы орындап отырған тапсырмасы бойынша өзін-өзі түзету мен бақылауды жүзеге асырады. Сандық технологиялар оқушыны қызықтырады, сауатын ашады, ойлау қабілетін дамытады, шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелейді.
Мектептегі сандық технологияларға мыналар жатады: теледидар, ғаламтор,ұялы телефон, компьютер, ноутбук, планшет,виртуальды зертхана.Әдебиет сабағында сандық технологияларды қолдана отырып, шығармашылық қабілетіне жол ашады, шығармаға толық талдау жасау оған қатысты кесте құра білу. Барлық оқушылардың сабаққа қатысуына мүмкіндік туады. Жан-жақты ізденуге үйренеді, шығармашылық белсенділігі артады. Әдебиет сабақтарында пікір-сайыс, пресс-конференция, форум, сот сабағы, әдеби портрет т.б сандық технологияларды тиімді пайдалана отыра өткізуге болады. Деңгейлік тапсырмалар,ақпаратпен жұмыс істей білу, дағдысын қамтамасыз етеді. Әсіресе өзіндік бағалауда немесе топтардың өзара бағалауында тиімді. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында бірқатар жұмыстар өз нәтижесін береріне сенімім мол. Тәрбие.орг сайтынан Әдебиет сабақтарында сандық технологиялардың тиімділігі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бірманова Қымбат Исланбекқызы

Пікірлер: 0

avatar