«Әдептілік белгісі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 469
  • Тәрбие сағаты
  • 28/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19136


Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№23 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жетпісбаева Ақмарал Қонайқызы
«Әдептілік белгісі» тақырыбындағы тәрбие сағаты.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;
Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;
Дүниетанымдарын кеңейту;
Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;

Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мұғалімнің кіріспесі.
а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам
кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;
б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.
г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.
Ситуациялық жағдаяттар.

1. Автор. сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ.
Не істер едіңіз?
2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
3. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?

1 Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.
2 Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
3 Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?
Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;
- кішкене баланы жылатуға болмайды;
- құстарды атуға болмайды;
- сабақтан кешігуге болмайды;
- сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды;

. Не істеу керек?
- үлкенді сыйлау керек;
- үлкендердің тілін алу керек;
- кішілерге қамқор болу керек;
- оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;
- сабақты жақсы оқу керек;

ІІІ. Қорытынды бөлім
Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сәлем – сөз анасы. Тәрбие.орг сайтынан «Әдептілік белгісі» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жетпісбаева Ақмарал Қонайқызы

Пікірлер: 0

avatar