«Әдептілік – тәрбиенің бастауы»

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 457
  • Тәрбие сағаты
  • 19/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22841


Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбиенің бастауы»
Мақсаты: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет – нақылдар.
Сөздікпен жұмыс:
Қезекші дыбыстар. К – Г дыбыстары
Дұрыс , анық айтамыз!
Тілдік жаттығулар
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт-дәстүрін, әдеттерін үйренеміз.Әдептілік ең бірінші амандасудан басталады. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдептілік әліппесі: (Хормен)
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем
ІІ. Әдептілік сөзіне Ассоциация құру.

Жол беру Адамгершілік

Әдептілік

Кешірім сұрау Көмектесу Рұхсат сұрау


Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Әдептілік ережелері:
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

«Әдепті бала»
Өнерлі
Ұқыпты
Іскер
Ақылды
Адамгершілігі жоғары
Әдепті
Ақкөңіл
Үлгілі

«Әдепсіз бала»
Ұқыпсыз
Дөрекі
Әдепіз
Мейірімсіз
Өтірікші
Жауапсыз
Суретпен жұмыс. Мағынасын түсіндіру
«Жүректен жүрекке»
Ә – әділ , әдепті бол
Д – дәріптей біл
Е – еріншек болма
П - пейілді бол
Қорытынды
Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік! Тәрбие.орг сайтынан «Әдептілік – тәрбиенің бастауы» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сундетова Асем Асановна

БҚО Орал қаласы Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кеше Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar