Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1873
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Янв/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 13458


Тәрбие сағаты 7-сынып
Тақырыбы: «Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?»
Мақсаты: Оқушыларға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру; өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, құрметтей білуге, алдына мақсат қоя білуге, сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге, қорғай білуге үйрету; оқушыларды қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға, адал білім алып, еңбек етуге тәрбиел
Күтілетін нәтиже: алдына мақсат қоя алады, сын сәттерде шешім таба алады, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: Әдеби, діни кітаптар, жинақтар, фото суреттер, фламастер, түрлі- түсті қағаздар, стикерлер
Барысы:
Сабақ кезеңдері.
Әдіс- тәсілдер
1. Ұйымдастыру:
«Шаттық шеңбері»
Психологиялық әзірлік
Мұғалімнің іс – әрекеті
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! Оқушының іс –әрекеті
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, күндеріне сәттілік тілейді. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Эссе Оқушылар өздері жазып келген эсселерін оқиды.
1. Ой қозғау
Бейнефильм көрсету Слайд көрсету
2. Топқа біріктіру Дұрыс топтарын тауып жатқандарын бақылап, бағыт –бағдар беріп, көмектесіп отырады. Мамандық түрлеріне қарай оқушылар үш топқа бөлінеді.
1-топ – Адамгершілік
2- топ – Имандылық
3 – топ – Сенімділік

3. Мақсат қою Бүгін біз қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдар туралы әңгіме қозғамақпыз.
4. «Еркін микрофон». Оқушылардың пікірі, пайымдау іскерлігі (шеберлігі), дұрыс қорытынды жасауы. Сұрақ - жауап Жас арудың жүзін жауып, бозбаланың оғаш қылық көрсетудегі мақсаты не? Жас жеткіншектерді ондай істерге итермелейтін қандай күш?
-Қандай экстремистік ағымдардың түрлерін білесіңдер? Балалар өз ойларын ортаға салады.

5. Топтық жұмыс
Постер «Біз діни терророизмге қарсымыз!»
«Екі жұлдыз, бір тілек» Әр топ мүшелеріне плакаттар таратып береді.
Әр топ спикерлері шығып, қорғайды.
Бір – біріне «екі жұлдыз, бір тілектерін» білдіреді.

6. Сергіту сәті Сергіту жаттығуы
7. Рефлексия
«Синквейн» Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
М. Дулатов «Дін», «Адалдық», «Имандылық» тақырыптарына ---- құрастырады.
8. Үйге «Менің мақсатым» тақырыбына шағын шығарма жазу Тәрбие.орг сайтынан Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді? Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сембаева Гулбарша Сатымбаевна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar