Дінсіз тәрбие, тамырсыз көшет.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 254
  • Тәрбие сағаты
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20936


Дөңгелек үстел тақырыбы: «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет»

Мақсаты: Дін туралы білімдерін сұхбат, мәліметтер беру арқылы тереңдету. Оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, имандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір айта алуға бағыттау.

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі кездесу кешіміз имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ. Соған орай дөңгелек үлтелге мешітінің бас имамы – Ералы ағамыз келіп отыр.
Кіріспе сөз
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы» делінген. Ислам дінінің негізі 610 жылы Арабия түбегінде қаланды. Исламның дүние жүзіне кең таралуына алғашқы кезде арабтардың жаулап алу соғыстары мен сауда қатынастары ықпал етті. VІ – VІІ ғасырдарда арабтар мәдениеті кіші Азия мен Үнді өзені бойына солтүстік Африкаға таралса, X ғасырда ислам қазіргі Иран, Ирак, Орта Азия жерлеріне келіп жетті. Ислам дінінің қағидаларында мұсылмандардың білім алуға ұмтылысы жаңа жерлерге саяхат жасауы құпталады.
Олай болса кезекті сөз Индер аудандық мешітінің бас имамы Ералы ағамызға береміз.
Оқушылардың сұрағы.
1-оқушы: Мектеп оқушыларына жұма намазына қатысуға болама?
2-оқушы: Намазды қай уақыттан бастаған жөн?
3-оқушы: Ауылға Ислам дінінің насихаттауын қалай жүргізесіз?
4-оқушы: Қазіргі кезде бес уақыт намазын оқитын студент, оқушы қыздарымызды оқу орындарына хиджабпен келуге рұқсат бермейді. Осы мәселе бойынша ойыңыз қандай?
Экранға назар аударайық. Ролик жүреді.
Осы бейнероликте көрсетілген оқиға бойынша Ералы ағай сізге сұрақ қойғым келіп тұр? Ата-ананың тарапынан дұрыс тәрбие болмағаныма? ненің салдарынан болған жағдай деп ойлайсыз?

«Дінсіз тәрбие -тамырсыз көшет» атты кездесу кешімізді қорытындылай келе экрандағы көрсетілетін видороликке назар аударуларыңызды сұраймыз.
Қорытынды сөз:
Тәрбиенің бастауы Ислам діні екенін есте сақтайық. Ислам діні - ұлтымыздың басты рухани және ел болып, тамырымызды тереңге жайуымыздың негізі, ата – бабамыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ретінде құрметке лайық.
Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге бас қоятын қайда күнім?
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін. деген Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен бүгінгі кешімізді тәмамдаймыз!
Ералы ағай бүгінгі сұхбатыңызға көп көп рахмет. Отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілейміз.
Барлығыңызға назарларыңызға рахмет! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Тәрбие.орг сайтынан Дінсіз тәрбие, тамырсыз көшет. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ешибаева Аққу Бақтыбайқызы

Индер ауданы, Оқушылар шығарашылық орталығы Биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar