Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Дос болайық бәріміз"
  • 09.02.2016
  • 557 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15989

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (23.9Kb)

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.
Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Міндеттері:
- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;
- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны.
Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, мәуелі ағаш, жүрекшелер, 5 саусақты қағаз қолғап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу. /Әнұран орындау/.
ІІ. Психологиялық ахуал. «Досымның жүрегі» ойыны
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.
ІІІ. Топқа бөлу.
Буындар арқылы 4 топқа бөлу «Мейірімділер, адамгершілік , қарапайымды, кешірімді»
ІV.Жаңа сабақ
1.Тақырыпты ашу. «Жағдаяттар»
1. Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?
2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...
- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?
4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды-артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
 Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
2. «Кубизм» әдісі
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?
2. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
3. Достық жасқа байланысты ма?
4. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
5. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
6. Дос қандай болу керек?
Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.
3. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
4. Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.

5.. «Хат қоржын» (хаттарға жауап)
Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?

6. «Менездеме беру» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір-біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал Арам
Жомарт Өз қамын ойлайтын
Адамгершілігі мол Кекшіл
Қарапайым Сөзге түсінбейтін
Мейірімді Жалқау
Кешірімді Тәккапар
Төзімді Қатал
Ақылды Мейірімсіз
Сабырлы Сараң
Салмақты Қызғаншақ
Кек сақтамайтын Тұйық
Ашық
Бүкпесіздік
«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан алдымыздағы жүкті көтере білейік.
Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір – бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондақтан да достық - татулықтан басталады делінеді.
7. «Сиқырлы орындық» жаттығуы.
Ортадағы бір орындыққа әр оптан бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
8. Мақалды жалғастыр.
1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».
2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».
4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».
5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».
6. «Досы көппен ...,
Досы жоқпен ...».
7. «Досы ..., өзі де жақсы».
8. «.. басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».
10. «Досың мың болса да - ...,
... біреу болса да - көп».

Жауаптары:
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».
6. «Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқсатп, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз.
VI. Қорытынды. 9. Достық әні Тыныштық сәті
Дос деген достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бір-бірін жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңық,
Жасығанда жездей боп мойымайық.
Сыр сақтамас біреумен дос болам деп,
Сыр ашқан досымыздан айрылмайық.- дей отыра достықтарыңыз адал, шынайы болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз Тәрбие.орг сайтынан "Дос болайық бәріміз" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абенова Айгерім Асылбекқызы

Ақтөбе облысы Темір ауданы №1 шұбарқұдық мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 557 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar