«Дос болайық бәріміз!»

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 636
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18695


Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз!»
Мақсаты: Жас оқырмандарға «Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; достық, көмек туралы түсінік беру; өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту; бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
(Электронды қазақ үйден көңілді, достық туралы ән қойылып тұрады)

Кітапхана бұрышына достық туралы кітаптардан «» кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Слайдпен жұмыс.
-Сладйта достық туралы мақал- мәтелдер көрсетіліп оқырмандар жалғасын табады. Сонымен қатар достық туралы жазылған кітаптар көрсетіліп сол кітаптың авторларының табу. Достық туралы сюжеттер көрсетіліп әңгіме құрайды.

Ән: «Достар»
«Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжесуді білмейміз.»
Ал балалар, менің оқырмандарым қандай?
Оқырмандар: «Біздің әркез балалар,
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлайды.
Би: «Шаттық» биін билейді.
Кітапханашы: -Оқырмандар тату – тәтті болу үшін, ең алдымен өзіміздің бойымыз жақсы қаситтерге толы болу қажет.
Кітапханашы: «Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді – өзің ая да,
Өзіңнен үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңсің ақыл айнасы,
Өзіңді тану пайдасы ».
Оқырмандар хормен:« Қосыл- қосыл шеңберге,
Нағыз адал дос болып.
Қосыл – қосыл шеңберге,
Ең сенімді дос болып.
Қосыл – қосыл шеңберге,
Ең зиянды дос болып.
Қосылмаймыз шеңберге,
Бізде ондай бала жоқ».
Ойын: «Досынды тап»

Шаттық шеңбер.
Гүл сыйлау
- Қолдан жасалған гүлді қолдарына ұстап, «Сенің досың қандай болғанын қалайсың?» деген сұраққа жауап бере бір-бірлеріне ұсыну.
Ақырғы оқырман жақсы тілек арнап кітапханашыға береді.
Оқырмандар: - Менің досым ақылды болса деймін...
Менің досым өтірік айтпаса екен деймін...
Менің досым өзіме адал болса.....
Менің досым шыншыл болса.......
Ән: «Достар»

Қорытындылау:
Кітапханашы : - Жас оқырман достыққа, татулыққа, мейрімділікке толы жүрегімізбен , көңілді әуенмен би билеп үйімізге қайтайық.
Барлығы би билейді.



Маржангүл Тұрарбекқызы Шұлғаубаева
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,
Өркен ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тәрбие.орг сайтынан «Дос болайық бәріміз!» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Маржангүл Тұрарбекқызы Шұлғаубаева

Пікірлер: 0

avatar