Дос болайық бәріміз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 319
  • Тәрбие сағаты
  • 08/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22762


№ 137 жалпы орта мектеп

Тәрбие сағаты

Дос болайық бәріміз

6 «Ә» сынып
Сынып жетекші: Бурабаева Мақпал

2017 ж

«Тексерілді»
Тәрбие ісінің меңгерушісі:__________________ Г.Көшкінбаева

Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз Мұғалімнің ата-жөні:
Бурабаева Мақпал
күні: 26.01.2017ж
Сыныбы: 6 «Ә» Сыныптағы жалпы оқушылар
саны: 17 Қатысқан оқушылар саны______
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.

Күтілетін нәтиже Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйренеді,
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыйды.;
Ресурстар: суреттер мен буклеттер, тілек гүлдері,
Әдіс- тәсілдер сұрақ-жауап, топтастыру, постермен жұмыс
«Ренжістік-татуластық ойыны

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

САБАҚ БАРЫСЫ, ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ:
БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР Жұмыс
түрі
Ұйымдастыру кезеңі
(жағымды ақуал қалыптастыру) .Сыныпқа шаттық шеңберіне құру арқылы жақымды ақуал қалыптастырып, оқушыларды гүл шоқтарын силау арқылы тілек айтқызу.
Тақырыпты ашатын сұрақ қою.
Суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашамыз.
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?
2. . «Хат қоржын» (хаттарға жауап)
Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?


жеке жұмыс
Үй тапсырмасын
сұрау Үйге берілген эссені оқу.
2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Достық жасқа байланысты ма?
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
8. Дос қандай болу керек?
жеке жұмыс
1-3балл

Жаңа сабақ Тақырыбы: Дос болайық бәріміз
ІІ. «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау) жеке
жұмыс

Сабақты бекіту ІІІ. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».

ІV. «Сөйлемді аяқта» тренингі
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә) Сыйластық бар жерде ...
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
үш топқа тапсырма беіледі.

V. Жағдайаттан шығу сұрақтары:
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың сағатын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
3. Алғашқы жауын жауғанша
Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.
- Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! - деді Бота.
Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.
- Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.
- Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр – деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
4. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
5. Бесінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Талғатты ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Талғат саббаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.
- Талғаттың бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?
Қорытынды.
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
1балл
жеке жұмыс
Үйге тапсырма 1. Дос туралы мақал-мәтел жаттап айту.2.
.
1-3 балл

Бағалау
Критериалды түрде
Қол белгілері мен смайликтер арқылы бағалау.

РЕФЛЕКЦИЯ

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызда қандай өзгерістер енгізген едіңіз? Тәрбие.орг сайтынан Дос болайық бәріміз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бурабаева Мақпал

Пікірлер: 0

avatar