Достықтың тамыры терең

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 629
  • Тәрбие сағаты
  • 25/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19531


Подготовила: Байбашкарова Н.С.
учитель казахского языка и литературы
Акмолинской области
Аршалынского района«АСШ№ 2»
Урок на тему «Достықтың тамыры терең».
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілік өмір сүрудің бірден бір жолы достық қарым-қатынасы екнін түсіндіріп, «достық»сөзінің мағынасын ашу.
Міндеті: 1.Адам қарым-қатынасы арасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың арасында қандай ұлт болмасын достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа, өз елінің адал азаматы болуына тәрбиелеу.
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (Кіріспе).
2. Достытың қандай болуы керек? Оқушылар пікірі.
3. «Достық-ынтымақ пен бірліктің туы».
5. мақал айту ойыны.
6.Сұрақ-жауап.
7.Досымның жүрегі ойыны

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар.
«Достықтың тамыры терең » атты сынып сағатына қош келіпсіздер!
Бүгінде біздің еліміздегі кез келген ұлттың салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілдіруіне қамқорлық көрсетілуде. Еліміздегі әр адамның бақытта, бейбітшілікте өмір сүруге, әділдік орнатуға, жарқын болашақ үшін күреске деген арман ойлары олардың бәрінің басын біріктірді. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: орыс, украин, беларус, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Бет келбетіміз әр алуан, ак, сары,қара болсақ та, тіліміз бен дініміз бөтен болғанмен, мақсатымыз бен көзқарасымыз бір доспыз.
« Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады » дейді қазақ мақалы.
Ендігі кезекті достық тақырыбындағы мақал мәтелдерге берейін:
Оқушылар ал тақтадағы слайттағы мақалдарды орыс және басқа да тілдер мақал мәтелдерімен толықтырайық\ Оқушылар әр тілде достық тақырыбына мақалдар айтады.
Жақсы балалар сендер әр тілде достық жәйлі мақалдар мен мәтелдерді көп біледі екенсіңдер, енді сол әр елдердің ұлттық тағамдарын атай аласыңдар ма? /оқушылар әр елдің ұлттық тағамдарын айтады/
Ал қазақ халқының ұлттық тағамдарын білесіңдер ме? /балалар айта бастайды/
Ендеше балалар өздерің айтқан қазақтың бауырсағын білмейтін жер бетінде жан жоқ шығар. Қазір Жанар апай сіздерге бауырсақ ұсынады/ балаларға ұлттық киім киген оқушылармен жанар апай бауырсақ таратады/
Енді сөз кезегін тақпаққа берейік
ДАНИЛ:
Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
РУСЛАН:

Мой верный друг! Мой враг коварный!
Мой царь! Мой раб! Родной язык!
Мои стихи – как дым алтарный!
Как вызов яростный – мой крик!
Максим ағылшын тілінде тақпақ:
Снижана
Мы дружной семьюй живём в Казакстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов

Кезекті әнге беремін: Ағылшын тілінде "достық туралы ән"
Ендігі кезекті тағыда достық туралы тақпақтарға беремін.
..............................:
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

..........................:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

......................:
Әр қашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.

Мұғалімнің сөзі:
Балалар енді Достық қандай болатыны жайлы ойланып көрейік
Оқушылар үш тілде достықтың түрі мен мінездемесін айтады пікір таластырады / шынайы достық, айлакер достық,өтірік достық, пайдақор достық.........../
Енді адамда шын дос нешеу болуы керек?
Оқушылар жауабы........
Иә, балалар жан жолдас, ол ешкімге ұксамайтын, бар сырларыңды сақтайтын жер бетінде жалғыз ғана.
Ал енді достыққа лайық мінездерді слайдтан оқып қазақша, ағылшынша айтып көріңдер
Оқушылар іштеріңде кім өз досы туралы айтқысы келеді?
Оқушылар өз қалауымен достары туралы айтады
Ендігі кезекті биге берейік
Би: Пономорева Палинаның орындауында "Назылы гүлім"

Мұғалімнің сөзі:

Республикам менің,
Республикам менің, Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Данагүл
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

Данил
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

.
Мұғалімнің сөзі:
Балаларға жүрекше стикерлер таратылып ір оқушы оған достарына деген тілектерін жазып достарына сыйлайды
Барлық қатысушылар «Жан досым» өлеңін айтад.№
« Достықтың тамыры терең » атты сынып сағаты осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Достықтың тамыры терең Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байбашкарова Нурсулу Сапарбековна

Ақмола облысы, Аршалы ауданы , №2АОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar