Еңбек – бәрін жеңбек

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 256
  • Тәрбие сағаты
  • 02/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22731


Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Горное негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жусупова Айжан Есенгельдиновна

Тәрбие сағаты Еңбек – бәрін жеңбек

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Абай
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, қағаздан қиылған жүректер, дәптер, оқулық.

Шаттық шеңбері:
Амандасу.
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
- Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып шығайық.

Әңгімелесу:
 Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
 Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
 Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
 Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Тапсырма
Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау



Мәтінмен жұмыс Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгіме
- Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
- Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
- «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Абай

-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Қандай еңбек туралы мақал –мәтелдер білесіңдер?

• Ердің атын еңбек шығарады.
• Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
• Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
• Көз – қорқақ, қол – батыр.
• Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
Еңбек түбі – зейнет.

Сахналау:
«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов.

Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ:
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ:
-Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген.

Нан дастарқанға қалай келеді? деген сұрақ аясында еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелету.

Үйге тапсырма:
Дәптермен жұмыс
«Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу

Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді, тілектеріңді мына қағаз жүректерге жазыңдар

Жүректен жүрекке
Шеңберге тұрып, бір – біріне жазған тілектерін оқыту.. Тәрбие.орг сайтынан Еңбек – бәрін жеңбек Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жусупова Айжан Есенгельдиновна

Пікірлер: 0

avatar