ЭКСПО 2017 БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 126
  • Тәрбие сағаты
  • 17/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23339


Тәрбие сағатының жоспары
«ЭКСПО – 2017. Болашақ энергиясы »
Пәні: тәрбие сағаты Мектеп: Ақтөбе қаласы ФМБ НЗМ
Күні: 23.01.
2017 жыл Тәрбиеші: Сарымсакова Г.И.
Класс: 11 Оқушы саны: 20
Өтетін орны
104 аудитория
Сабақтың мақсаты мен міндеттері Оқушыларды «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығымен таныстыру
 «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығын ашу
 Баламалы энергия көздерімен таныстыру
 Оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Кәсіби даму мақсаты АКТ арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер Баламалы энергия көздерінің суреті, презентация, компьютер, постер
Барысы:
Уақытты жоспарлау Жоспарланған іс - әрекеттер
Өткізу барысы

Ұйымдастыру кезеңі
7 мин Берілген бейнелер нені біріктіреді?


2011 жылдың 10 маусымында Парижде Халықаралық Көрме Бюросының штаб - пәтерінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев ХКБ Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жошыбаев ҚР Премьер-министрімен қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды.
Жасырын дауыс беру нәтижесінде Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында Қазақстанның Астана қаласы, басым дауыс жинап (103 бірі 161), бельгиялық Льеж қаласынан озып шықты және"ЭКСПО-2017" өткізу орны ретінде жарияланды.
«Болашақтың Энергиясы тақырыбымен өтетін алдағы көрме әлемдік қауымдастықтың ең өзекті мәселесі - баламалы энергия көздеріне арналады. Алдағы көрменің тақырыбын "Экспо-2017"логотипы бейнелейді.

Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді және 100-ге жуық қатысушы елдерді және 10 халықаралық ұйымдарды қабылдайды. 2017 жылдың Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесінде қатысушы елдер жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану саласындағы жетістіктері мен қолданудағы олардың артықшылықтары, экологиялық тазалығы, төмен құны, пайдалану және қоршаған орта үшін зиянсыздығын көрсетеді. Қазақстан үшін "ЭКСПО-2017" маңызды оқиға болмақ: осындай ауқымдағы халықаралық көрмесі бұрын-соңды ТМД және Орталық Азия аймағы елдерінде болған емес.
"Болашақ Энергиясы" жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз етудегі қоғамдық шешімге және әдістерге жұртшылық назарын аударуға негізделген.
Бұл әдістер бағытталған:
• көмірқышқыл газ шығарындыларын төмендету және климаттың өзгеруіне қарсы күреске;
• энергияның баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру, атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздерін және бағдарламаларды енгізу;
• энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;
• энергияны сақтау мен пайдалануды өндіруді бақылау;
• тұрақты энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Баламалы энергия көздерінің суреттері көрсетіледі.

"Экспо-2017"логотипы көрсетіледі.

«Болашақ Энергиясы» жобасының бағыттары презентация арқылы көрсетіледі.
Негізгі бөлім
20 мин
- Түрлі – түсті стикер арқылы топтарға бөлу.
- Мәтінмен жұмыс жасау (1-Қосымша)
- Интернетпен жұмыс жасау және постер дайындау. Әр топ өздеріне берілген энергия көзі туралы әңгімелеу.
 Күн батареялары
 Су электр станциялары
 Биоотын
 Жел энергиясы Оқушылар топқа бөлініп, өздеріне берілген мәтінмен жұмыс жасайды және қажеттілігіне қарай интернетті пайдалана отырып постер дайындап, оны қорғайды.
Рефлексия
3 мин «Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндет қойды: Қазақстан-2030 таза ауасы мен мөлдір суы бар таза және жасыл ел болуы тиіс. Біздің негізгі байлығымыз: мұнай, газ, көмір мәңгі емес. Сондықтан да ертеңгі күні энергия тапшылығына тап болмас үшін біз «Болашақтың Энергиясын" дамытуға міндеттіміз.
көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
Қорытынды. Тәрбие.орг сайтынан ЭКСПО 2017 БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарымсакова Гульнур Исембаевна

Ақтөбе қаласындағы физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar