Елбасы-ел тірегі

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 397
  • Тәрбие сағаты
  • 22/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20633


Тақырыбы: «Елбасы - ел тірегі»
Мақсаты: Елбасы, Астана,Қазақстан қалалары,туған жері, тілі туралы түсініктерін саяхат арқылы қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту.Елбасын, тілін құрметтеуге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Мен отанды сүйемін,
Сенде отанды сүйесің.
Мен анамды сүйемін,
Сенде анаңды сүйесің.
Мен әкемді сүйемін,
Сенде әкеңді сүйесің.
Көтеріп бір көңілді,
Шаттықпенен күлейік.
Дос бауыр боп бәріміз,
Тату-тәтті жүрейік.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Күзде қандай өзгерістер болады?
Бір аптада қанша күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді елбасымызға және отанымызға арнайтын боламыз. Себебі бүгін бізде қандай мереке?Кең байтақ жерімізді тамашалауға поезбен шығатын боламыз.Бүгін поезді Батырхан жүргізіп отырады. Ал қалғандарың бір-бір вагонға жайғасыңдар. Бұл поездің ішінде өлеңді де, әнді де айтатын боламыз.Мұнда жолсерік деген қызметкер бар. Ол айналасын таныстырып жолаушыларға қызмет көрсететін адам. Біз Динара апай екеуміз сіздерге бүгін жолсерік болып барлық бекеттерді таныстыратын боламыз. Сапарға дайынбыз ба?
1-ші бекет «Елбасы» деп аталады
Балалар мынау кімнің суреті?
Елбасымыздың аты-жөні кім?
Президентіміз кішкентай кезінде сендер сияқты ауылда дүниеге келіп ауылда білім алған өсе келе металлург болып жұмыс істеген. Сөйтіп өзінің білімінің арқасында ол мына суреттен көріп тұрғандарыңдай президент болған.
Мына суретте не істеп жүр?
Ия балалар елбасымыз спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстанатынын білдік.
Ал мына суреті бойынша не айта аласыңдар?
Елбасымыз домбыра тартып ән айта алады және кітап жазатынын көріп отырмыз.Көрдіңдер ме елбасымыз қандай екен ? Тәрбие.орг сайтынан Елбасы-ел тірегі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Омарова Алмагуль Мирасбековна

Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы "Октябрь орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі және даярлық сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar