Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 527
  • Тәрбие сағаты
  • 05/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21520


Күні: 29.11.2016 жыл
Сыныбы: 3 «А» Сынып жетекшісі: Жахина Қарлығаш Серікқызы
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік».
Мақсаты :
1. Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреттері.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Мұғалім сөзі:
“ Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік ” атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Олар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сырым Датұлы, Кенесары, Исатай, Махамбет, Амангелді Иманұлы сияқты батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев және де мыңдаған қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 25 жыл! Тәрбие.орг сайтынан Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жахина Қарлығаш Серікқызы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar