Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
  • 23.11.2016
  • 83 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20190

Сабақтың тақырыбы : «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» .
Сабақтың мақсаты : оқушыларға егеменді еліміздің жетістігі туралы таныстыру . 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл – қыздардың ерліктері жайлы түсінік беру . Өз отанына туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру . Өз ана тілін , әдет – ғұрпын , салт – дәстүрін сақтауды оқушылардың бойына дарыту .
Сабақтың көрнекілігі :
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз
1. Ақтабан шұбырынды «Алқакөл сұлама» кезінде 1000000 қазақ опат болды .
2. 1916 – 1921 жыл аралығында 800 000 адам қырғынға ұшырады .
3. 1928 – 1931 жылдары 3 млн астам қазақ қырылды.
4. 1941 – 1945 жылы 350 000 ұл – қызынан айырылған қазақ халқының саны 12 % - ға кеміді .
5. 1915 жылы қазақ халқының саны 6 000 000 болса
6. 1945 жылы бүкіл ССРО бойынша 2 650 000 – ға әзер жеткен .
7. 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіретті де қасиетті де жетерлік тарихына айналды .
(екі жүргізуші ортаға шығады )
1 – жүргізуші
Ассалаумағалейкүм , халқым менің
Ардақта дәстүріңді , салтыңды , елім
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін .
2 – жүргізуші
Армысыздар , құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы . Бүгінгі Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз .
Би : қыздар биі
Қазақ десем қаным қызып денемде
Қайнап кетем ғажап күйге енем де
Қазақ десем Абай болып елестеп
Абай мені шақырады өлеңге

Қазақ десем айдарымнан жел есіп
Кетем ойша Мұқаңменен кеңесіп
Қазақ маған Әлиядай айбынды
Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп

Қазақ десем қаламымнан жыр тамып
Өткенді еске ап отырамын бұрқанып
Қазақ деген тәуелсіз ел бүгінгі
Түп – тамыры жатқан сонау тереңде

Қазақ бүгін тәуелсіз ел біл мұны
Ақиқатқа айналғандай шындығы
Әрбір түні ақ тілеумен жабылып
Атар таңға айқара ашық түндігі
1 – жүргізуші
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға
Біз көрдік хас дұшпанның балтасын да
Еліме тәуелсіздік келіп жетті
Мық жылдық күрестердің арқасында
2 – жүргізуші
Жеткен арман жаса Тәуелсіздігім
Өз қолына берген еркін тізгінін
Ие болған әлем ілтипатына

Ән Несібелі , Рахат , Жанерке ,Біржан
1 – жүргізуші
70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті .
2 – жүргізуші
Ия бостандық , теңдік , тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ ! Қаншама адам құрбан болды . Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан ! Ол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалады . Желтоқсан көтерілісі – елімнің болашағы , бостандығы , егемендігі үшін болған күрес

1. Қатыгездік жұдырығы түйіліп .
Қамшы үйірді жасқап , жекіп , бұйырып .
Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға
Ата – баба аруағына сиынып .

2. Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн ,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін ,
Ерлерім елдік үшін атой салып ,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн .

3. Желтоқсан – тағдырларға азалы күн ,
Қайраған намыстарын мазалы мұң .
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде қазағымның

. Ән : Мадина « Қазақ елі осындай »
1 – жүргізуші Желтоқсан батырларын мына жыр шумақтарымен еске алайық

4. 19 – желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді . 23 – желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды . Ербол біреудің жалғыз баласы еді . Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды .
5 . Ербол Сыпатаевқа
Алтын баулы лашын
Биікке жазбай құлашын
Қарақұсқа жем болды – ай !
Алтын баулы лашын,
Момыным – ау , жуасым ,
Қапияда қор болды – ай !
Танадай көзі жайнаған ,
Жас ботадай ойнаған
Алтыным – ай , қайтейін
Ербол , Ербол атыңды
Ер болсын деп қойдым ба ? ....
6. Сәбира Мұхаметжанова бар жоғы 16 жаста еді . 26 – желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар - намысына , оқу орнынан жазықсыз шығарғанына шыдай алмай , Өскемен педучилищесінің І курс студенті Сәбира жатахананың 5 қабатынан құлап қайтыс болды .
7. Сәбира Мұхаметжановаға
Бұлдыр да бұлдыр , бұлдыр күн ,
Қан жылатқан құрғыр күн
Медет болмай Алладан,
Қызығымды жалмаған
Тұнжыраған тұлдыр күн .
Ақ білектей сүйрігім ,
Алаштан озған жүйрігім ,
Алтын діңгек қазығым
Аққудай аппақ нәзігім ....

Ән : Рахат « Алға Қазақстан »

8. Лаззат Асанова Алматы облысы , Панфилов ауданы , Ақжазық аулында дүниеге келген . Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры үзілді .
9. Бота көзің боталап
Қиянаттан қаталап
Дәл он алты жасыңда
Жан адам жоқ қасында
Қыршыныңнан қиылдың
Қара жерге бұйырдың
Алқара көк аспаның
Аяласын , Ләззат
Шейіт болған жас жаның
Тыным алсын , Ләззат
Көктем келді , ұйқыңнан
Оянарсың , Ләззат ....
10. Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Бірлік аулында дүниеге келген . 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрлыс институтына түседі . Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны « Савицкийді өлтірген қылмыскер » деп жала жауып « Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында » ұсталды .
11. Қайрат Рысқұлбековке
Бөрілі байрақ ту алған ,
Жау көрсе жаға суалған ,
Дос көрсе жаны қуанған ,
Далада көші шұбалған
Арғы атаң сенің кім еді ?!
Арманда өткен боздағым ,
Алатау ма еді қонысың ,
Қаратау ма еді қонысың ,
Опат болдың сол үшін !
Арқа ма еді қонысың ,
Атырау ма еді қонысың ,
Опат болдың сол үшін !
2 – жүргізуші Аяулы қырандарым , қыршындарым !
Ақ еді , анық еді шын сырларың
Ел үшін құрбан болған боздақтарым ,
Төрінде жұмақтың жүрсін жаның

Өткірдің жүзіндей боп қылшылдадың ,
Сынаққа түскен кезде бір сынбадың .
Қараймын сағынышпен сендер жаққа ,
Сөнбейтін шырық болып тұрсың бәрің ....
Би : Топпен
1 – жүргізуші Желтоқсан – қайсар ерлік , қуатты күн ,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым .
Тәуелсіздік билігі қолға ұонған –
Тәңірімде Желтоқсан шуақты күн .

2 – жүргізуші Желтоқсан – жадымызда жаралы күн ,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік , егемендік , елдігімді
Еміріне аңсаған саналы ұғым .

11. жаның қамауда қалғанда , арың талауға түскенде араша болған Тәуелсіздік !
12. Барың тоналғанда , асылың жоғалғанда қайтарып берген Тәуелсіздік !
13. Аузыңнан құдай қалғанда , алыптар алқымыңнан алып , көз алдыңда дүние шыр айналғанда адастырмай ақ жолыңа түсірген Тәуелсіздік !
14. Дінімізді бұрмалап , Құранымыздан жаңылдырған , Алламызды ұмыттырып , адамға табындырғанда иман нұрмен сәулесін шашқан Тәуелсіздік !
15. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Асау аттай өз тізгінін бермеді
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төрімізді төрледі
16. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Жұртым менің не қиындық көрмеді
Жылап тұрып аналарын бұл жолда
Сан перзентін қара жерге жерледі

Ән : ұлдар тобы
1 – жүргізуші
Есігі ашық , төрі кең
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен .
Жерер енді , желпінейік , қарайық
Мына өмірге егемендік көзімен .

1 – жүргізуші
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік – ел бақыты , ертеңі
О , халайық ,
Құтты болсын қуаныш !
1. Біржан
2. Аяна
3. Мадина
4. Несібелі

Хор : Үш бақытым

1 – жүргізуші Тәуелсіздік туын ұстап өз алдымызға дербес мемлекет болғанымызға бақандай 23 жыл толды .

2 – жүргізуші Қазақстан еліміз 2030 жылы « Азия барысына » айналуына үлес қосқан өркениетті елдің , өсер елдің азаматы мен азаматшалары болуға өз үлестерімізді қосайық .

1 – жүргізуші Құрметті өнер сүйетін қауым .Бүгінгі сыныбымыздың дайындаған «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты әдеби кешімізді осымен аяқтаймыз .
Қош сау болыңыздар ! Тәрбие.орг сайтынан «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Камшат Алкебаева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, «Елімнің, еркіндігі, Тәуелсіздік»
Көрсетілім: 83 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar