« Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 329
  • Тәрбие сағаты
  • 31/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21427


А. С. Пушкин атындағы №20 мектеп – лицейі

Тақырыбы:
« Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік»
(ашық тәрбие сағаты)
1 «а» сынып

Өткізген: Есенғалиева Гүлмира Едігеқызы



2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: « Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік»
Мақсаты: оқушыларға биылғы жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы екендігін түсіндіру. Егеменді еліміздің жетістігі туралы таныстыру. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл-қыздардың ерліктері жайлы түсінік беру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды оқушылардың бойына дарыту.
Түрі: сахналық қойылым
Көрнекілігі: кітап бұрышы, слайд, видео, плакаттар,шарлар, нақыл сөздер, суреттер, буклеттер
Типі: әдеби монтаж
Ұйымдастыру кезеңі ( Тәрбие сағатына оқушыларды дайындау)
1 «а» сынып оқушыларының « Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Мұғалім сөзі:
Армысыздар қымбатты ұстсздар мен оқушылар!Бүгінгі « Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» деп аталатын ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Біз ежелден ер даңқы шыққын халықтың ұрпағымыз,ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
Біз қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру , қазақстандық болу бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт.
Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан -ұрпаққа табыстайтын боламыз.
Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылған тәрбие сағаты осындай мақсаттарды көздеген болатынбыз.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым–Атазаңым қабылданып.
Әнұран орындалады
2-жүргізуші: (Айару)
Армысыздар құрметті ұстаздар,қадірлі қонақтар,оқушылар.Бүгін біздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен,еліміздің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ел тәуелсіздігіне 25 жыл» мерей тойына арналған тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
3-жүргізуші: (Нұрай)
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып отыр.

1-оқушы: Дидар
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
2-оқушы : Адия
Желтоқсан айы естіген
Дауыл боп, бұрқап сескенсің
Азаттық күні қашаннан
Көкейін елдің, тескенсің

3-оқушы: Анжелина
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
5-оқушы: Аяна
Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік, наланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира
Құрбаны болған жаланың!
2-жүргізуші (Айару)
Сүймейтұғын болдық қой,сүймей ғұмыр Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен,қайдан келген? Сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
3-жүргізуші (Нұрай)
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік-Қайрат,Ляззат,Ербол,Сабираның,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
2-жүргізуші (Айару)
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты,түрмеге қамады. Ербол,Қайрат,Ляззат,Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген,рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
3-жүргізуші(Нұрай)
1. Көрініс: Соның бірі«Менің тағдырым»
Автор: (Әсел)
Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Милиционер: Ұстаңдар,Бұзақыны,әкеліңдер!Савицкийді өлтірген сен бе?
Қайрат: Жоқ, мен емес.
Милиционер:Сен өлтіргенсің, мойныңа ал!
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Милиционер: Алып кетіңдер!Бәрібір құтылмайсың, бұзақы!
Қайрат: Шыңғырдым да, шындықты айтып шыңғырдым,
Кете бардым, жетегінде тағдырдың.
Бірге өткізген студенттік күндерді,
Хош, аман бол, оралам ба, жас құрбым!
5-оқушы: Аяулым
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
6-оқушы:Алихан
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
7-оқушы:Рахмана
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
8-оқушы: Айгерім
Тәуелсіздік бізге оңай келмейді
Асау аттай өз тізгінін бермейді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге өрледі.
Ән: «Желтоқсан желі»

9-оқушы: Аян
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
10-оқушы: Мадина
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді тасталды.
11-оқушы: Жұлдыз
Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн
12-оқушы:
Ақыл айтып, бабалар жолға салған,
Асыл сөз даналардан мұра болған.
Ерлігі Мәншүк пенен Әлияның,
Жүректе мәңгі өшпес орын алған.
2-Көрініс: Әлия мен Мәншүк көрінсі
Әлия:
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт,елге бақыт тіледік.
Отан ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік
Мәншүк:
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын
Екеуі: Жетсек деген арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.
Бізді туған күнімізбен құттықтап,
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.
Жанымызды құрбан еттік осылай,
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
13-оқушы: Назерке
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай ,
Желтоқсан желі болмасын!
14-оқушы: Назар
Ақындар желтоқсанды жырлайды.
«Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім»
15-оқушы: Әсел
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
16-оқушы: Исмаил
Тура келіп тарихи бір орайға
Тәуелсіздік түсті деме оңайға.
Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,
Не көрмеді қазақ елі соны ойла.
17-оқушы:Асипа
Жасай бер, жарқырай бер , Қазақстан,
Ертең-ақ біз озамыз басқалардан.
Тілек біреу-көрінсін қазақ елі
Дамыған елу елдің қатарынан.
3-Көрініс: Үш бидің батасы
Төле би: (С. Қайсар) Сұрасаң бата берейін
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсақ
Ақ тілекті төгейін.
Қазыбек би: (Аян) Дастарханың мол болсын
Абыройың зор болсын
Өрендерің ер болсын
Көре алмаған бағыңды
Сындыра алмаған сағынуды
Дұшпандарың жер болсын.
Әйтеке би: (Әлішер)
Жарысқа, Алла, қабыл ет.
Жарылқаудың қамы ет
Ізет, абырой, бақ, дәулет
Қыдыр қарап бақ қонып.
Жақсылық үшін қызымет ет!
18-оқушы: Каусар
Тәуелсіз 25 жыл!
Күн болды бұл керемет,
Ақ түйенің қарны жарылған.
Ел болдық, шүкір не керек,
Әлемге аты танылған.
19-оқушы: Әлішер
Тәуелсіз 25 жыл!
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным!
2-жүргізуші (Айару)
Дербестігін аңсаған ел ақ, адал,
Қанын төкті қанша батыр бабалар.
Осы жолдар құрбан болды емес пе?
Халық жауы атанған көп ағалар.
3-жүргізуші(Нұрай)
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
1-жүргізуші: (Мұғалім) Қазақта «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген мақал бар ғой, енді мен сендерді танымдық білімдеріңді сынап көрейін. Танымдық білімдеріңді кубизм әдісі арқылы сынамақшымын.
«Кім көп біледі?» білімдеріңді сынап көрейн
1. ҚР неше облыс бар? (14)
2. Мемлекеттік рәміздерді ата? (Әнұран, Елтаңба, Ту)
3. Тәуелсіздікке неше жыл толып отыр? (25 жыл)
4. Туған жер, Отан туралы мақал- мәтел айт.
Мақал-мәтелдер
• Отан оттан да ыстық.
• Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
•Отан отбасынан басталады.
• Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.
•Отан үшін отқа түс, күймейсің.
• Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
• Туған жер алтын бесік.
• Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
• Отанын сатқан – ант атқан.
• Опасызда Отан жоқ.
• Отанын сүйген – отқа жанбайды, суға батпайды.
• Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
5. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастары кімдер еді? (Ербол,Қайрат,Ляззат,Сабира)
6. Рәміздердің авторын ата?
(Әнұран –.............................................................................................................
Ту-.........................................................................................................................
Елтаңба - .............................................................................................................

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Әрбір қазақ елінің азаматы Отанымыздың гүлденуіне, көркеюіне өз үлестерін қосып отырса ғана Қазақстан мемлекетін бүкіл әлем таниды. Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда. Сондықтан өз елінің мәртебесін биіктерден көрсете біліңдер деп « Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты 1 «а» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ел іргесі тыныш,халқымыз бай-қуатты болсын! Қазақстан жасай берсін халайық! Мереке тағыда құтты болсын!
Ән: «Жаса,Қазақстан» Тәрбие.орг сайтынан « Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенғалиева Гүлмира Едігеқызы

Пікірлер: 0

avatar