Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 974
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19567


Сабақтың тақырыбы: « Елін сүйген , елі сүйген – Елбасы!»
Сабақтың мақсаты:
1. 1. Тұңғыш елбасымыздың өмір – жолы , туып – өскен, оқып білім
алған жерлері туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың елбасына деген сүйіспеншілігін ояту .
3. Оқушыларды туған елін,жерін сүюге,елбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнек құралдар: Интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Қ.Р.Гимн орындау.
Б) Шаттық шеңбері
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Көк аспанның түсіндей
Қолдарына ту алсын!
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Кіріспе
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы! » деп аталады.
Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967

жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.

2. Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:
(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету)
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

2. Қ. Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:
- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;
- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;
- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекетке айналды;
- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;

- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан;
3.. Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.
Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық. Видеоролик көрсету. Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.
Әндерімен таныстыру. «Елім менің», «Үш қоңыр» Гимн.
5. Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету)

6. Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық. / ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС/
• Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».
• Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

• Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.
• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.
• Сөз бостандығы шексіз емес.
Ол – табындыратын ғана емес,
Талқандайтын да қуатты күш.
7. Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған жолдаулары:
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл. БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жыл. ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жыл. НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ.
Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

8. Жыр - шумақ
9 . Балалар енді Елбасымыздың дәрежесін атайық.
(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады )
Қазақстанның тұңғыш президенті
Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы
Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы
«Ғасыр адамы»
Экономика ғылымының докторы, академик
Әнұранның авторы, жазушы
Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы
Алымды да, алғыр басшы
Көреген саясаткер
Қорытынды:
• Біз бүгін кім жайында әңгімеледік?
• Президент күні қай күн?
Нені білдік? Елбасы болу өте қиын,және жауапты іс.
Нені түсіндік? Отанымызды сүюді, елбасымызды мақтан тұтуды.
Не тілейміз? Қазақстан жасасын!
Еліміз аман болсын
Халқымыз тыныш болсын!
Елбасы жасасын!
«Президент күні құтты болсын! ӘН: «Елім менің» хор. Тәрбие.орг сайтынан Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Базаралиева Гулсим Жанбырбаевна

Жамбыл обл Қаратау қаласы "Үміт" мектеп - интернаты тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar