Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ғибрат алар артыңнан із қалдырсаң...
  • 09.02.2017
  • 40 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21624

Тәрбие сағаты: Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң.
Мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы халықтың тұрмыс- жағдайын жақсартуға негізделіп, жоғары дамыған мемлекеттер қатарына қосылу алғышарттарының бірі болып табылатын елбасының бастамасымен қабылданған әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәнін, маңызын ғибрат ете отырып, оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың эпиграфы: Бұл – біздің еліміз үшін жаңа энергетиканың және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік. Бұл Қазақстандағы тағы бір «халықтық құрылыс» болмақ. Мен «ЭКСПО – 2017» біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатына сенемін»
Н.Ә.Назарбаев
Өткізілу формасы: зерттеу жұмысы ретінде
Көрнекілігі: ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы карточкалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.
2. Психологиялық тренинг. «Шаттық шеңберін» жасау.
Шаттамын мен де!
Шаттанасын де!
Шаттанамыз бәріміз!
Арайлап атқан күнге!
Бәрімізге сәттілік серік болсын!

Топқа бөлу: мозайка әдісі арқылы
Топтың ережесін шығару.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгін өткізгелі отырған «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды.
Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды.

Ал, оқушылар, тәрбие сағатымызды «Ой қозғаумен» жалғастырайық.

3.«Ой қозғау» Сұрақтар қойып, жауап алу.
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол туралы не білесіздер?
5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков. Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.
7. Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақ мерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауда? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.
4. Қызығушылығын ояту мақсатында «Сурет арқылы сөйлету» стратегиясы
1) интербелсенді тақтадан тақырыпқа сай суреттер көрсету
2) ой тастайтын сауал береді.
– Берілген суреттерде нелер бейнеленген?
– Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып пен суреттер арасында қандай байланыс бар?
3) Бірлесіп сабақтың мақсатын қою.
Тақырыппен таныстыру.
Сабақтың мақсатын айқындау.
5. Стратегия: Джиксо 1
«ЭКСПО-2017» көрмесінің мәнін,маңызын ашу үшін оқушылардың топтық зерттеу жұмыстарына кезек берейік.
1 топ: Халықаралық көрмелердің тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,
ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге
белгіленді.
Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
Қазақстан мен EXPO 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше ел болып табылады.
Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.
2 топ: Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
• Келушілердің саны: 370 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қолажүлдеге ие болуы;
• Келушілердің саны: 361 500 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
• Келушілердің саны: 446 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
• Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі»
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және
Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.
3 топ: Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.
Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.
Бекіту:
Стратегия: галлереяға саяхат
Кабинеттің өздеріне ұнаған кез келген жеріне постерлерін барып жапсырады. Оқушылар аралап жүріп, стикер арқылы өз пікірлері мен сұрақтарын жапсырады.

Стратегия: Соңғы сөзді мен айтайыншы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай Астана электроэнергетика саласында үздік идеялар мен тәжірбиелерді жинайтын, ғылым мен техниканың, жаңа технологияның ең озық нәтижелерін ұсынатын және сол шешілетін мәселелерді тиімді пайдаланатын орталыққа айналуы тиіс. Қазақстанда атом энергиясы, күн сәулесінің энергиясы және жел энергиясы жан-жақты және қарқынды түрде пайдаланылатын болады.Соның нәтижесінде электроэнергияны қолданатын ғылыми мекемелер, өндіріс салалары дамиды да, Еліміздің экономикасы жоғары деңгейде болатын болады. Тек сонда ғана Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жоспары орындалады деп сенім білдіріп, Елбасымыздың өлең жолдарымен тәрбие сағатын аяқтағымыз келеді:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Таләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы — менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім!

Рефлексия:
«Алақан» стратегиясы
Қолдың суретінің бір жағына тілек, екінші бет жағына ұсыныс жазады. Тәрбие.орг сайтынан Ғибрат алар артыңнан із қалдырсаң... Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Базкенова Асылтас Жанайдаровна

СҚО Бескөл ауылы "Парасат" мектеп-лицейі" КММ география пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 40 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar