Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА
  • 30.01.2017
  • 99 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21410

Мақсаты:

а) тәрбиелік: Қазақстанның жетістіктерін, төзімділік, рухани бірлік пен келісім идеяларын кеңінен насихаттау, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: жоғары адамзаттық парыз сезімі бар, жауапкершілікті сезіне білетін, әлеуметтік белсенді тұлға тәрбиелеу.

Өткізу әдісі: пресс-конференция
Көрнекілік: фотокөрме, тәуелсіздік жайлы қанатты сөздер, интерактивті тақтада видеофильммен слайд-презентация


Жоспары:

I. Кіріспе: Индустрияландыру терминін қалай түсінесіздер? (өз ойларымен бөлісу)
II. Ауыр өнеркәсіптің дамуы (видео, слайд-презентация)

III. Ауыл шаруашылығы, орта және кіші бизнестің дамуы

IV. Мұнай газ өндірісінің дамуы

V. Құрылыс.
VI. Қорытынды

Өту барысы:

1. Әнұран
Жүргізуші 1: Қайырлы күн,құрметті оқытушылар мен студенттер!Бүгінгі «Қазақстанның 25 жыл ішіндегі индустрияландыруы»атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2: Добрый день! Добро пожаловать дорогие гости на наше сегодняшнее мероприятие, посвященное развитию индустриализации в Республике Казахстан!

Жүргізуші 1: Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Индустрияландыру – экономиканы жаңғыртуды басты бағдары. Ел Президенті Нұрсүлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында атап өткендей,индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.Осы орайда экономикамыздың озық кластерін құру және дамытудағы жұмыстың қарқынын төмендетпеу міндеті қойылған еді.

Жүргізуші 2: 16 декабря 1991 года была провозглашена государственная Независимость РК. Н.А.Назарбаев подписал Конституционный Закон РК «О государственной независимости Республики Казахстан». Теперь это главный праздник нашей страны - День Независимости Казахстана. В этом году исполняется ровно 25 лет со дня обретения нашей Независимости! За короткий период истории независимого развития наша страна превратилась в современное, конкурентоспособное государство, которое успешно осуществляет все свои цели.

Жүргізуші 1: Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Биыл осы сұрақтарға жауап беретін,өткен жылдарға қорытынды жасап,Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек,қателеспеспейміз. Қазірдің өзінде жалпы ішкі өнімнің үштен бір бөлігі Индустрияландыру бағдарламасына тиесілі екен. Осы уақыт аралығында мыңдаған кәсіпорын іске қосылды. Тек Ақмола облысында 2010 жылы 10 өндіріс іске қосылса, республика бойынша 7 жылда 961 жобаның тұсауы кесіліп, 90 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл мақсатқа 4 трлн теңге бөлінген. Ал 2016 жылдың 10 айында 63 кәсіпорын іске қосылып, 5 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылды.

Жүргізуші 2: За 25 лет Независимости Казахстан пережил многое: и небывалый экономический подъём, который позволил дать старт многим программам развития, и последующий спад, который заставил пересмотреть эти программы, оптимизировать расходы, отделить цельные зёрна от ненужного и оставить лишь жизнеспособное. В чем – то страна преуспела. В чем – то были неудачи. Но одно можно точно сказать: все действия были направлены на развитие общества, на решение социальных задач государства.

Алихан, видео-слайд «Ауыр өнеркәсіп»

Жүргізуші 1: Расында Индустрияландыру бағдарламасы дағдарысқа төтеп беруге және ұлттық жалпы өнімнің үлесін арттыруға негіз болды. Соңғы 7 жылда елімізде 7,5 триллион теңгенің өнімі өндірілген. Отандық өндіріс жыл санап қарқын алуда. Сондай-ақ 500-ден астам жаңа өндіріс саласын игердік. Олар: жүк және жолаушылар вагоны, автомобильдер мен автобустар, трансформаторлар, рентген құрылғылары, дәрілік заттар және азық-түлік өндірісі. Жалпы индустриялық жобалар аймақтардың дамуына жаңа серпін берді.

Жүргізуші 2: Казахстан родился в кризисную эпоху. Первое десятилетие - самый трудный период становления Независимости - мы жили, в основном, "без нефти". Независимый Казахстан всегда развивался наперекор внешним экономическим стихиям. Разве была благоприятной для нас первая половина 90-х годов прошлого века, когда мы провозгласили свою Независимость? В то время остановилось производство, люди оказались без работы и средств к существованию. Мы достойно, шаг за шагом преодолели этот кризис. Важное позитивное значение имели принятые в то время стратегические решения и действия. Это широкомасштабная приватизация и приход в нашу экономику большинства транснациональных компаний. В тот период мы взялись за строительство новой столицы - Астаны, начал работать Каспийский трубопроводный консорциум, стартовала Стратегия "Казахстан -2030", создали Национальный фонд, реализовали два Антикризисных плана, приняли Государственную программу инфраструктурного развития "Нұрлы жол", реализуем "План нации" и много других. На сегодняшний день стоит задача в реализации Стратегии "Казахстан - 2050".

Мейрамгуль, видео, слайд «Мұнай, газ»

Жүргізуші 1: Сонымен қатар, Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жоспарын толықтыруға қосар бірқатар ұсыныстарын айтты.
– Біздің қызметіміздің басты мақсаты – халықты лайықты табыс деңгейімен қамтамасыз ете алатын жемісті түрдегі жұмыспен қамту ісі. Бұл үшін бізге бірқатар міндеттерді орындау керек, соның ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет. Халыққа, жастарға әсіресе ауылда өз ісін бастауға мүмкіндік беру керек. Бастапқы капитал алуды жеңілдетіп, шағын несие беру аясын ұлғайтқан дұрыс. Агроөнеркәсіп кешеніне айрықша назар аударған жөн. Бүгінде ол негізінен халықтың жеке үй шаруашылығынан тұрады. Өндіріс көлемі аз болғандықтан, олардың сақтауға, өңдеуге және өнімді өткізуге мүмкіндіктері жоқ. Олардың өнімдерін өңдеу және өткізуді қамтамасыз ету үшін осындай шаруашылықтарды кооперациясын жеделдетіп дамыту қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Лора, видеослайд «Агроөнеркәсіп»

Алена, видеослайд «Малый и средний бизнес»

Фариза, видео "Құрылыс"

Жүргізуші 1: Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды.

Жүргізуші 2: Через несколько дней история начнет отсчет 25-го года Независимости страны. Всего за четверть века Казахстан состоялся и как суверенная национальная экономика, включенная в глобальные хозяйственные связи, и как государство, ставшее полноценным участником мировой семьи нации. Казахстан выдержал немало испытаний, закалился и окреп. Государство добилось невиданных во всей нашей истории темпов успешного экономического развития. Никогда прежде наш народ не жил так хорошо, как живет сейчас.

Қорытынды: Ән «Атамекен» Тәрбие.орг сайтынан ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Боранова Талшын Табылдықызы

БҚО Орал қаласы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Химия пәні оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Кенжук
Көрсетілім: 99 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar