Үй құстары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 188
  • Тәрбие сағаты
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21565


Білім беру саласы:Коммуникация
Тақырыбы:Үй құстары
Мақсаты:Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру.Құстарға деген сүйіспеншілікке , қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс -Тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын
Көрнекіліктер:Слайд,әтеш, балапан,тауық, қаз,үйрек,балапанның суреттері .макеттері,үнтаспа ,жұмыртқа салынған жәшік.
Зал әсем безендірілген тақырып ілінген,үйшік үй құстарының макеттері
Оқуқызметінің барысы:
Тәрбиеші:Балалар менің бүгін көңіл күйім жақсы ,көтеріңкі боп тұр ,мен сендермен осы жақсы көңіл күймен бөліскім кеп тұр ,Ал олай болса барлықтарыңа таратайын .(әрқайсысының қалтасына ,қолына, алақанына жақсы көңіл күй сыйлайды)
Енді орнымыздан тұрып шаттық шеңберін құрайық:
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Өте, жақсы отырыңдар
Тәрбиеші:бүгін бізге қонақтар келді,біздің балабақшамыздың тәрбиешілері сендердің қандай ақылды тәртіпті, білімді екендеріңді көргілері келеді олай болса соған сай болайық та қонақтарға амандасып алайық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз
Рахмет отыра ғойыңдар орындарына
Тәрбиеші:-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:-қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Балалар: -қыста күн суық болады, ауа тазарады, ағаштарды қар басады,адамдар жылы киим киеді.
Тәрбиеші: -Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Үй құстары»
Үй құстары орыс тілінде –домашние птицы болып аударылады.
Бүгін сендермен үй құстары туралы әңгімелейміз.Үй құстарына қандай құстар жататынын білеміз.
Балалар енді назарларыңды мына экранға аударыңдар
Мынау –әтеш ,орыс тілінде –петух кәне қайталайықшы,оның басында айдары бар.Әтештің түсі қандай?
-Түсі қызыл
Әтештің екі көзі ,екі қанаты,екі аяғы және құйрығы бар.Әтеш қалай дыбыс шығарады?
-Ку ка-ре-ку
-Мынау тауық бұл да үй құсына жатады,Олар жем жеп, су ішеді.Түсі қандай?
-Ақ
Олар қалай дыбыстайды?
-Қыт-қыт-қыт
Мынау-Балапан ол қалай дыбыстайды?
-шиқ-шиқ-шиқ
Оның түсі қандай ? -Сары
Мынау-Қаз Қаздың мойыны, тұмсығы ұзындау болады Қаз тауыққа қарағанда үлкендеу,Жұмыртқасы да үлкендеу
Мынау- үйрек.Бұл құстар суда жүзгенді ұнатадыҮйректің де жұмыртқасы болады.Ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу.
-балалар үй құстары не жейді?
Жем, тары су ішеді, нанның қоқымын.
Үй құстарының пайдасы көп кім біледі қандай пайдасы бар?
Жұмыртқасын, етін, сорпасын тағам ретінде пайдаланамыз,Жүнінен жастық , көрпе жасайды.Сол себепті адамдар үй құстарына қамқор болып асырайды, ұя салады,жем береді, ыдысқа су құйып ,ұя маңын тазалайды
Ал енді орнымыздан осы құстар сияқты қанат жайып бой сергітіп алайық Сергіту сәті :Шөжелер биі слайдқа қарап қимыл дар жасау.
Балалар әженің ауласына барып құс қорасындағы ,үй құстарын көріп қайтайық әженің ауылына поезбен барайық.
Салеметсізбе әже!Қаліңіз қалай ?біз балабақшадан сіздің үй құстарыңызды көрейік деп келдік
Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Тәрбиеші: әже неге көңіл күйіңіз жоқ?
Әже: түнде түлкі кеп жұмыртқаларымды суға түсіріп кетіпті,Балалар маған көмектесе алар ме екен
Тәрбиеші: Әрине кане балалар әжеге судан жұмыртқаларды алуға көмектесейік
Балалар судағы жұмыртқаларды қасықпен алып береді(саусақ моторикасы дамытады)
Әже балаларды құс қорасындағы құстармен таныстырады,құстардың жұмыртқасын көрсетеді.
Енді біздің балалар сізге тақпақ айтып береді
Нұржигит, Алижан,Жібек ,Нұржан,Алихан
Әже: көп рахмет сендерге балалар мынау сендерге сиқырлы жұмыртқа топтарыңа барып ашып жейсіңдер.-Рахмет әже сау болыңыз
Балалар ал поезға отырып бақшамызға қайтайық
Қорытындылау:
Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма ? Тәрбие.орг сайтынан Үй құстары Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айнур Амиржанова

Пікірлер: 0

avatar