Көңілді қыс

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 105
  • Тәрбие сағаты
  • 27/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23023


Тақырыбы: «Көңілді қыс»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы білімдерін нығайту. Осы мезгілдің өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, бір – бірімізбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
ІІ. Негізгі бөлім.
1. - Мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
- Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
-Қыс мезгілінің белгілері- қар жауады, аяз болып, боран соғады.
-Боран соққанын қимылмен қалай көрсетуге болады?
-Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді.
-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
-Қатты аяз болып тоңғанда, қолымызды қусырап алып, аяғымызды топырлатамыз.
-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
-Күн шыққанда, қуанғанымыздан «Алақай!» деп, қолымызды көтереміз.
-Енді қыс айларын атайықшы?
-Қыс айлары - желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
-Біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
-Қыс мезгілінде біз тоңбас үшін мынандай жылы киімдер киеміз: бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
-Қандай қыстық ойындар білесіңдер?
-Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады. Біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Біз қыс мезгілінде «Жаңа жыл» мерекесін тойлаймыз.
Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз!
- Мынау ненің суреті?
-Бұл –аққаланың суреті.
-Аққала неден жасалады?
-Аққала –қардан жасалады.
-Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
-Қардың түсі қандай?
-Қардың түсі-ақ.
- Қар мұздай ма, жылы ма?
-Қар –мұздай.
-Аққала неше бөліктен тұрады?
-Аққала -үш бөліктен тұрады.
-Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
-Аққаланың пішіндері -дөңгелек.
2.Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
-Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
-Қонаққа –аққала келді.
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
3.«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.
Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.
4.Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатқан сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)
ІІІ.Қорытынды бөлім.
1.Сұрақтар.
- Бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
-Бүгін біз, қыс мезгілі жайлы әңгімелестік.
-Бізге бүгін қонаққа не келді?
-Бүгін бізге қонаққа аққала келді.
-Барлығымызға ұнады ма?
-Иә, барлығымызға ұнады.
2. Бағалау.
Тәрбие сағатына белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Көңілді қыс Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулендиева Ардак Касымхановна

"Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп - инетрнаты" Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar