Көктемгі орманға саяхат

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 52
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23247


Білім саласы: Коммуникация Ұ.О.І.Ә : Сойлеуді дамыту Тақырыбы: "Көктемгі орманға саяхат" Мақсаты: Балаларды көктемгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету, көктем мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуге тәрбиелеу. Балаларды табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру. Тақпақ айтып сөздік қорын байыту.
Балалардың белсенділігін арттырып, табиғатқа қамқор болуға баулу. Әдіс-тәсілі: жұмбақ, ғажайып сәт, д/о: "Түсін айырып, себетке сал", "Көктемгі орманға саяхат" әңгімелеу,д/о: "Кім тапқыр", сұрақ-жауап, қорытынды.
Сөздік жұмыс: орман, ереже. Көрнекілігі: слайд, орман макеті, гүлдер, саңырауқұлақтар,жабайы жануарлар,құстар, көбелектер. Жүру барысы: Жылулық шеңбері: "Жүректен-жүрекке"
Тәрбиеші: Тәрбиеші:Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:Көктем мезгілі. Т-Көктем мезгілінде неше ай бар? Б-Көктем мезгілінде үш ай бар. Т-Қане, атайықшы үш айды. Б-Наурыз, сәуір, мамыр Т-Қазір көктем мезгілінің қай айы? Б-Сәуір айы. Т-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? Б-Көктемде қар ериді, күн жылиды, ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жақтан ұшып келеді,жерде гүлдер, шөптер өседі. Т-Көктем туралы кім тақпақ айтады? Б-Қандай қызық көктемде, Күн шуағын төккенде. Гүл тереміз алуан, Шығып алға көк белге. Көктем күні керемет, Жаңбыр жауса себелеп. Күн ашылса болғаны, Көлбеңдейді көбелек. Таңғажайып сәт: Есік қағылып ішке Маша келеді. М-Сәлеметсіңдер ме,балалар? Т-Балалар,бізге кім келді білесіңдер ме? -Маша сен не істеп жүрсің? М-Мен балаларды орманға саңырауқұлақ теруге шақыруға келдім. Көктем келіп, күн жылынды.Орманда серуендеп қайтамыз.. Т-Балалар орманға барамыз ба? Б-иә Т- Балалар сендер орманда жүру ережесін білесіңдер ме?
Балалар: - Орманда шуламау керек.
- Бір - бірінен қалмай жүру керек.
- Айқайлап өлең айтпау керек, себебі құстар, аңдар шошып кетеді.
- Бұтақтарды сындырмау керек.
- Орманға қоқыс тастауға болмайды.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар сендер орманда жүру ережесін біледі екенсіңдер. -Олай болса көктемгі орманға саяхаттап қайтайық. (балалар орындарынан тұрып, қатарға тұрады) -Балалар, орманға баратын жолда кедергілер болады. Сондықтан бір-бірімізден қалмай,абайлап жүрейік. Мына жерде бөрене жатыр. Балалар, мына жерде хат жатыр. Бұл бөренеден өту үшін бізге тапсырма беріпті.Ішін ашып, оқып көрейін. -Балалар, мына хаттың ішінде жұмбақ жасырылған. Жұмбақтың шешуін шешсек, бөренеден өтіп, орманда серуендей аламыз. Орманда тұрады,өзі бір қу, Жүрген жері айғай мен шу. (түлкі) -Жарайсыңдар,балалар! Әрі қарай жүрейік. -Балалар, мына жерде саңырауқұлақтар көп екен. -Қане, ойын ойнайықшы. Ойынның аты "Түсін айырып, себетке сал" -Балалар, саңырауқұлақтардың түстері қандай? Б-қызыл, сары саңырауқұлақтар. Т-Дұрыс айтасыңдар.Олай болса қызыл саңырауқұлақты Машаның себетіне, сары саңырауқұлақты менің себетіме сала қойыңдар. -Жарайсыңдар, балалар! Түстерді ажырата алады екенсіңдер. Әрі қарай жүрейік. Алдымыздан қоян шығады.Көңілсіз.Жан-жағына қарап. Т-Қоян, сен неге көңілсізсің? Қ-Көжегімді таба алмай жүрмін. Т-Көжегің қайда кетті? Қ-Орманның ішіне жасырынып қалды.Енді таба алар емеспін. -Сен көңіліңді түсірме,біз көжегіңді тауып береміз. Т-Балалар, қоянның көжегін тауып береміз бе? Б-Иә Т-Олай болса қоянның көңілін көтеріп, тақпақ айтып берейік. Ақ қоян - ау, ақ қоян
Үркек қоян сақ қоян
Қаша берсең қалыңға
«Қорқағым» деп ат қоям. Т-Жарайсыңдар, балалар! -Қоян, сен де бізбен жүр,көжегіңді серуендеп жүріп, бірге іздейік. Сұрақ- жауап. -Балалар, біз қайда жүрміз? -Орманда жүрміз -Орманда нелер бар екен? -ағаштар,шыршалар бар. -Қандай ағаштар бар екен? -Биік,аласа ағаштар бар -Орманда нелер тіршілік етеді?
- жабайы жануарлар тіршілік етеді. -Бізге бір дыбыстар естіліп тұр, ол ненің дыбысы?
- Құстардың, судың дыбысы естіліп тұр. -Дұрыс айтасыңдар. -Балалар, шаршадыңдар ма? Біраз сергіп алайық. Қоян, сенде бізбен сергіп ал. Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің, Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. -Балалар, ағаштың түбінде бір дыбыс естіледі. Қарайын, мүмкін көжек болар. Расымен де көжек екен. -Қоян, міне көжегің табылды. -Рахмет, сендерге балалар! Енді көжегімді тастамаймын.Мұқият қарап жүремін. Сау болыңдар! -Сау болыңыз! -Ал, балалар енді тобымызға қайтайық. -Балалар, біздер серуендеп жүріп, көжекті іздеп жүргенде сиқырлы орманға өтіп кетіппіз.Сиқырлы орманның жарығы жанып,сөнді.Жарық жану үшін тағы да тапсырма беріпті.Не деп жазылған екен? Ішін ашып көрейін. "Мына дидактикалық ойынды орындасаңдар, топтарыңа қайтасыңдар",-деп жазылған. Дидактикалық ойын "Кім тапқыр" М: балаларды тапқырлыққа үйрету. Шарты: үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып өз мекеніне орналастыру. -Жарайсыңдар, балалар! Енді тобымызға қайтайық. (балалар орындарына отырады.) -Маша, саған серуен ұнады ма? -Иә, ұнады. Балалар рахмет сендерге! Мен тағы басқа топтың балаларын көктемгі орманға саяхаттауға апарайын. Сау болыңдар! -Сау болыңыз! (үш тілде) -Ал, балалар орманға саяхатымыз ұнады ма? -иә. -Тағы да саяхаттауға барамыз ба? -иә. -Онда келесі саяхатқа барғанда көжекке сыйлық апарайық. -Көжек нені жақсы көреді, балалар? -Сәбізді жақсы көреді? -Сәбіздің түсі қандай? -Сәбіздің түсі қызғылт сары. -Сәбіздің пішіні қандай? -Сәбіздің пішіні сопақша. -Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, алдымызда қоянның суреті бейнеленген ақ қағаз бар, соған сәбіздің қиынды суретін желім жағып жапсырамыз. (Балалардың жұмысы) -Жарайсыңдар, балалар!Қане, біздер қайда бардық, не көрдік, не істедік? Есімізге түсірейікші. Бүгінгі ҰОҚ жақсы қатысқан балалар жұлдызшалармен мадақталады. Тәрбие.орг сайтынан Көктемгі орманға саяхат Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гүлшешек Абатқызы

Пікірлер: 0

avatar