Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көптілділік-әлемге шығар жол
  • 19.12.2016
  • 147 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20586

Көптілділік-әлемге шығар жол
Мажитқызы Алтынай
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Қазақстан үшін - үш тұғырлы тіл саясаты - елдің бәсекеге, қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдер де бәсекекеге қабілетті тұлғаға айналады. «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі-ағылшын тілін үйрену.
Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен » озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесіне үш тұғырлы тіл саясаты енгізілді. Яғни қазақ, орыс және ағылшын тілі. Қазақ елін әлем ¬дегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде таны¬туымыз турасында мемле¬кеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым - қатынас тілі – орыс тілі мен жаһандық экономикаға табыс¬ты кірігу тілі – ағылшын тілі бо¬лып бекітілді.
Дамыған өркениетті 30 елдің қатарына ену мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты шын мәнінде ел ертеңі үшін жасалынып жатыр. Қазақ жастары үшін ағылшын тілін үйрену ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттіліктерінен туындап отыр.
Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикалары. Олардың түгелдей дерлік экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі мен экономикалық әлеуеті жоғары. Осы елдердің барлығына ортақ – бұл ағылшын тілі, демек әлемдік тіл. Біздің елімізде көптілділік саясатының негізі мақсаты - аталған елдердің экономикалық деңгейлерімен тең болып, осы елдердегі ағылшын тілінің даму деңгейіне жету деп ойлаймын.
Өзге елдердің білім жүйесін қолдануда, экономикамызды дамытуда, тауарларымызды экспорттауда ,ұлт аралық дипломатиялық келісім жасасқан кезде маңызды рөл атқаратын халықаралық тіл-ағылшын тілі. Міне сондықтанда елімізде көптілділік саясаты сұранысқа ие. Оған қоса ағылшынша білсең - әлемдегі үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол.Тіпті, оқуды тәмәмдаған соң, біршама уақытқа шетелге қалып, тәжірибе алмасып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік.
Көптілік саясатын елімізде кеңінен етек жаюы үшін қазірден бастап мектептердегі, оқу орындарындағы білім жүйесін қолға алу керек деп ойлаймын.
Үш тұғырлы тіл идеясы негізінде Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен артта қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» дегендей, өз Отанымызда ана тілімізде, қазақ тілінде сөйлеуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - біздің қазағымыздың кепіл. Мемлекетіміздің мызғымас нышаны.
Екінші жағынан, отандастарымыз орыс тілін меңгеру деңгейін сақтап қалуына көңіл аударуымыз керек. Өйткені орыс тілі - ұлт аралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі.
Ең бастысы, ағылшын тілін білу - бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай, «...барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% ағылшын тілін меңгеруі тиіс.» делінген.
Көп тілді білім берудің мақсаты:
- Әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.
Міндеттері:
- Әр студенттің тілді үйренуге деген қабілетін дамытуда жағдай жасау.
- Әр түрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған студенттердің жобалары

Көп тілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде көп тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Бүгінгі Қазақстанға технологиялық, ғылыми, медициналық және басқа да салаларда жаңалықтардан, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тілді білетін мамандар қажет.
Егемендікке қол жеткізген еліміздегі салмақты проблемалалардың бірі - бәсекеге қабілетті мамандардың жетіспеушілігі еді. Осы проблеманы шешудің бір ұшы олардың кәсіби біліктілігін арттыру болса, екінші маңызды қыры - тілдік біліктілігінің барынша жоғары деңгейде болуы. Қазір елімізде заң, экономист мамандары өте көп және жұмыссыз. Бірақ көп компаниялар заңгерлермен экономисттерге зәру, соның ішінде мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілі және орыс тілін білетін нағыз іскер мамандарға. Бұл мәдени жоба осы олқылықтың орнын толтырары сөзсіз. Алайда мәдени жобаны жүзеге асырудың кейбір түйіткілдері әлі де болса қайта қарауды қажет етеді деп ойлаймын. Солардың бірі - аталмыш жобаны мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінде кеңінен енгізу асығыс жасалған қадам болмақ. Себебі айнала қоршаған ортамен енді ғана танысып жатқан, ана тілінде сөйлеу дағдысы әлі қалыптасып үлгермеген жас балаларға шет тілін, яғни, бөгде тілді үйрету бала санасының ақпаратты қабылдауына соншалықты салмақ түсірері хақ. Шет елдерде бала 12 жасқа келгенше, яғни ақыл-есі толық жетілгенше тек өз тілінде тәрбиеленеді екен. Осы тұста, А.Байтұрсынұлы сынды ұлт зиялысының тіл үйренуге қатысты мына пікірін еске түсірген жөн: «Бала ең алдымен, өз ана тілінде ойлауы, сөйлеуі, білім алуы шарт». Демек, ана тілінің нәрімен сусындап, жалпы тілдік қабілетін жетілдіріп, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланған балаға екінші, үшінші, төртінші тілдерді болады.
Қазақстан үшін - үш тұғырлы тіл - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
«Қазақстан-2050» даму стратегиясы жағдайында еліміздің ертеңі болар жастар адам капиталын толықтыру қабілетті толыққанды тұлға болуда үш тілді меңгерген саналы да сауатты азамат болуы керек. Елбасы Жолдауы біз үшін Темір қазық іспетті адастырмас бағдаршы, нақты тапсырма, биік меже.

Біз көптілділіктен не күтеміз:

- Мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттырумен қатар,тілдік ортаны кеңейтеді;
- Білім алушының коммуникативтік және ақпарттық құзіреттілігін арттырады;
- Рухани адамгершілік,ұлтаралық қатынастар мәдениетінің деңгейін жоғарлатады;
- Қабілетті балалардың танымдық сұранысын қанағаттандырады;
- Еңбек нарағанда,өмірлік қызметте тілдік кедергілерге ұшырамайды;
- Басқа ұлт өкілдері студенттерінің мемлекеттік тілді меңгерулеріне жол ашады;
- Креативті дүние танымы бар, қазіргі заманға қажетті тілдерді меңгерген, білімге ынтасы жоғары, жан жақты мәдениетті, нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті тұлға қалып тасады.
Мен өз баяндамамды Елбасымыздың сөзімен аяқтауды жөн көріп отырмын. Жолдауды жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы болашықтың Қазақстаны төмендегідей болатынынна сенімді: «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар- үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.Олар - әлемнің азаматтары. Олар - саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбек сүйгіш. Олар-өз елінің патриоттары.» Тәрбие.орг сайтынан Көптілділік-әлемге шығар жол Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мажитқызы Алтынай

Атырау қаласы Еркінқала орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: altynai_altynai_2016
Көрсетілім: 147 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar