Күріш туралы сыр

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 413
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20080


Тірек сөздермен жұмыс.Автормен таныстыру.
Базарбай Исаев 1941жылы 5 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы қазіргі
Манап ауылында туған. Қызылорда қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген Аудандық, облыстық Егемен Қазақстан газеттерінің редакцияларында жұмыс жасаған. «Отызыншы көктем» ,«Мөлдір» ,«Арайна» атты жыр жинақтары жарық көрген. «Өң мен түс» ,«Жігіт пен жендет» прозалық шығармалары бар.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Тірек сөздер.
1-2..Ырысты өлке-астықтан мол өнім беретін өлке
3.Бәтуаласу-уәделесу, келісу.
4.Арқауы-жібі, жалғаушысы.
5-6.Талғажау болар-азық қылар
7. Агроном- егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы.
Мәтінмен жұмыс

Қарама-қарсы сұрақтар:
1.Мәтін қалай аталады?
2.Ақ күріштің атасы кім?
3.Бас агроном кім?
4.Бала кезінде не естіген?
5. Осы ертегіде Сыр өңірі қалай суреттеледі? Ырысты өлке
6. Ауылдағы күріш егетін жалғыз қарттың жағдайы қалай? Кәрілік жеңіп,төсек тартып жатып қалыпты
7.Ауылдастарын жинап не айтты?
8.Қай мезгіл келіп қалды? Көктем к қ
9.Не істеу қажет дейді? Егін егу қажет
10.Көзімнің тірісінде нені беріп кетейін? Қасиетті кетпенімді өз қолыммен табыс етейін
11. Жиылған жұрт құптады ма? Жұрт үн-түнсіз
12.Қарт неге назаланды? Өркенсіз өлке болмаушы еді, түңілгендей не болды сендерге?
13.Ақсақал қандай күйге түсті? Қатты кейіді
14.Қай мезгіл келеді? Көктем өтеді, жаз өтеді. Күз қаһарына мініп,қыс төбесін көрсетті
15.Қамбадағы күріш қай кезде таусылады? Қыс кезінде
16.Халық неге ұшырайды? Күйзеліске ұшырайды
17.Неге өкінеді? Диқан атаның тілін алмағанына
18.Жаз шыға салысымен қандай жұмыс жасауға уәделеседі? Жаз шықса күріш егейік
19. Бірнеше адам қайда аттанады? Жазға дейін азық қылар астық тауып келуге алдарына үйір-үйір жылқы салып, алыс жаққа аттанады.
20.Ертегіні тыңдап отырған Мақсұт қандай шешімге келді? Мен де күрішші боламын
21.Әкесі қандай жауап қайтарады? Ниетіңе жет, қарағым
22. Содан бері қанша уақыт өтті? Көп жыл өтті.
23.Мақсұт қандай білім алды? Агрономдық
24. Қандай қасиеттерімен елді сүйсіндірді? Тапқырлығымен, еңбеккерлігімен
25.Орденді не үшін тақты? Үздік жетістігі үшін.

Сын тұрғысынан сұрақтар:
1.Бұл оқиға ШҚО өңірінде болған.-
2.Мақсұт әкесінен бір шумақ ән естіген. -
3.Сыр өңірі ырысты өлке болыпты .+
4.Ақ бидай жайқала өсіпті. –
5.Ауылдағы бидай егетін жас жігіт ауырып қалыпты. -
6.Ауырып жатқан қария ауылдастарына ақылын айтады. +
7.Жиылған жұрт шуылдайды. -
8.Ақсақалдың кетпеніне таласады. –
9.Қарт қатты назаланады +
10.Қарт диқан мәңгілікке кө жұмады.+
11. Қамбада қа күріш көбейе береді .-
12.Барлығы жұмылып еңбек етеді.-
13.Диқан атаның тілін алмағанына қатты өкінеді.+
14.Енді жаз шықса тағы да көкпар тартып,ойнайық дейді.-
15.Астық тауып әкелу үшін бірнеше балаларды ауылдарға аттандырады.-
16.Көшілік қуанышты, той тойлап жүр -
17.Осы жерге келгенде Мақсұт мен де жүргізуші болам деді.-
18.Ниетіңе жет, қарағым. -деді әкесі +
19.Содан бері бір ай өтті.-
20. Мақсұт заңгерлік білім алды-
21.Мақсұт өзінің жалқаулығымен көзге түсті.-
22..Мақсұт өзінің тапқырлығымен, еңбекқорлығымен елін сүйсіндірді+
23.Үздік жетістігі үшін кеудесіне гүл тақты.-
24.Үздік жетістігі үшін омырауына орден тақты +
24.Авторы Мұхаметжан Етекбаев.- Тәрбие.орг сайтынан Күріш туралы сыр Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейсекенова Гаухар Хамзина

ШҚО Семей қаласы " Т. Аманов атындағы № 16 жобб мектеп" бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar