Күз аруы-Жігіт сұлтаны

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 123
  • Тәрбие сағаты
  • 20/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23349


Тақырыбы: «Күз аруы-Жігіт сұлтаны»
Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпымен таныстыру.Олардың жүректерінде туған елге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін ояту. Өмір танымын кеңейтіп, имандылық, ізгілік ұғымын себу. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Жүру барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Бүгінгі сіздерге арналған 3сынып оқушыларының «Күз аруы- Жігіт сұлтаны»атты ашық шарамызға қош келдіңіздер!
-Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Ендеше күздің ерекшеліктері мен өзгерістерін мына бейнероликтен корелік
-Күзде қандай өзгерістер болады?
-Күз бізге не сыйлайды?
-Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?
-Ендеше бүгін біз ертегілер әлеміне жол тартамыз.
(Ертегілер әні ойнап тұрады)
-Оқушылар біз ертегілер әлеміндеміз.Олай болса сол ертегі әлемінің кейіпкерлеріне еніп,бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша би биленіп,ән салады
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Аянбай еңбектенген балаларға
Аққудай әдеміміз,салмақтымыз
Жан менен тән сұлуын тепе-тең қып
Еріксіз өзімізге қаратамыз-дей келе сайысқа қатысушы аруларымыз бен сұлтандарымызды таныстырып өтелік.
№1 жұп –Байдолла Жанболат –Талғатқызы Бибінұр
№2 жұп- Бағыт Нұрқанат- Бағыт Әсемай
№3 жұп- Наурызбаев Арсен- Туралиева Гүлназым
№4жұп- Досжанұлы Ақжан-Сырым Ләйла
№5 жұп-Бахтыбай Әліби- Нұрбергенова Аяулым
№6 жұп-Сәрсенбайұлы Бақдәулет- Сәкен Іңкәр
-Таныс болсақ сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып кетейін.
1бөлім:Менің ата-тегім.(Таныстыру-слайдтауға болады, жұптың сымбатына,сөз саптауына назар аударылады)
2 бөлім:Өнерлі өрге жүзер(Өнер көрсету-ән,би,көркем сөз)
3 бөлім:Сәнді жұп(сән үлгісін көрсету)
4 бөлім:Білгенге маржан(сұрақ-жауап)
-Өнерпаздар өнерін салыстырып
Бәйге үшін терлетер шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға беріп
Жіберейік әділқазыларды таныстырып-дей келе әділқазы мүшелерін таныстырайын.
-Ақыл көркі бойларында жетеді
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызға бас иіп
Жұптарымыз таныстырсын өздерін-дей келе таныстыру сайысын бастаймыз.
№1 жұп –Байдолла Жанболат –Талғатқызы Бибінұр
№2 жұп- Бағыт Нұрқанат- Бағыт Әсемай
№3 жұп- Наурызбаев Арсен- Туралиева Гүлназым
№4жұп- Досжанұлы Ақжан-Сырым Ләйла
№5 жұп-Бахтыбай Әліби- Нұрбергенова Аяулым
№6 жұп-Сәрсенбайұлы Бақдәулет- Сәкен Іңкәр
-Жадырап сәуле бейне күн дидары
Бұлбұлдай дауысыңмен ән сыйлашы
Күй тартып,би де биле,өлең оқы
Шығады ортамызға өнерпаздар-дей келе келесі «Өнерлі өрге жүзер» атты
сайысымызды бастаймыз.
№1 жұп –Байдолла Жанболат –Талғатқызы Бибінұр-Ән Алло
№2 жұп- Бағыт Нұрқанат- Бағыт Әсемай-Ән Болайық бірге
№3 жұп- Наурызбаев Арсен- Туралиева Гүлназым-Қара жорға биі
№4жұп- Досжанұлы Ақжан-Сырым Ләйла-Вальс
№5 жұп-Бахтыбай Әліби- Нұрбергенова Аяулым-Вальс
№6 жұп-Сәрсенбайұлы Бақдәулет- Сәкен Іңкәр-Ән Жараламағын
-Берекесін жинауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді-дей келе сайыскерлеріміз дайын болғанша «Көкөністер дауы» көрінісімізді қабыл алыңыздар.
-Ерте,ерте ертеде ертегілер елінде бір еңбекқор әжей болыпты.Әжей үлкен бау-бақшасына көкөністер егіпті.Көкөністердің шөбін жұлып,су құйып баптайды екен.
(Әжей су құяды,көкөністер жайқалып ашылып билей бастайды.)
Бақшашы:(Нұрсұлтан)
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса
Сәбіз,картоп,қызанақ
Қырыққабатқа қарашы
(Көкөністер бір кезде дауласады)
Көкөністер:Жиналып қалыппыз бәріміз
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ:(Азель)
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне
Қызылша:((Нұрдаулет)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Дәмді болып үстелде
Қырыққабат:(Нұрасыл)
Мақтанғаннан не пайда
Менсіз салат болама?
Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана
Қияр:(Нұрбол)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қарбыз:(Амангүл)
Кім білмейді қарбызды
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Тауып көр мнен дарханды!
Сәбіз:(Рамазан)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де
Қызанақ:(Алихан)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Барма адам сүйсінбей
Үзіп алып жемеген
Пияз-Шапағат.
Қауын-Жансұлу
Картоп:(Нұртас)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер де балалар
Бос айтысты қояйық
Достасайық бәріміз!
Көкөністер:Өйткені біздің бәріміз
Ең пайдалы дәмдіміз
-Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер! (көкөністер билейді)
-Әр жұп әсем болар өз сәнімен
Сымбатына әсемдік жарасатын
Өнеріне сай келіп дайын тұрған
Сән көрсетер сайыскерлер өз жұбымен-дей келе «Сәнді жұп»атты сайысымызды бастаймыз.
№1 жұп –Байдолла Жанболат –Талғатқызы Бибінұр
№2 жұп- Бағыт Нұрқанат- Бағыт Әсемай
№3 жұп- Наурызбаев Арсен- Туралиева Гүлназым
№4жұп- Досжанұлы Ақжан-Сырым Ләйла
№5 жұп-Бахтыбай Әліби- Нұрбергенова Аяулым
№6 жұп-Сәрсенбайұлы Бақдәулет- Сәкен Іңкәр
-«Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
Келесі сайысымыз «Білгенге маржан»сұрақтарға жауап бересіздер
-Жаңбыр жауғаннан кейін аспанда не пайда болады?
-Қазақтың жаңа жылы?
-Табиғат 2-ге бөлінеді, қандай?
-Жыл мезгілдерін ата.
-Қазақтың тұңғыш ғарышкері?
-Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
-20 Әбілхан Қастеев кім?
-Ұя салмайтын құс?
-1 жылда неше ай?
-Зере Абайдың қандай туысы?
-Ұлттық ойын түрлерін ата.
- Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
-Осымен 4 бөлімімізде өз мәресіне жетті.Ендеше әділқазылардан әділ бағамызды сұраймыз.
-Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі.Жеңімпаздар марапатталады.
-Бойларыңда от бар екен байқадым
Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!-дей келе бүгінгі 3 сынып оқушыларының Күз аруы- Жігіт сұлтаны»атты ашық шарамыз аяқталды.Сөз кезегі ата-аналар ұстаздарға беріледі. Тәрбие.орг сайтынан Күз аруы-Жігіт сұлтаны Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тұрғанбайқызы Тілекші

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Құлсары қаласы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar