КЕҢ БАЙТАҚ - ҚАЗАҚСТАНЫМ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 418
  • Тәрбие сағаты
  • 16/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22818


Кең байтақ – Қазақстаным
Мақсаты: 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенінін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар.
1-жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін сіздердің назарларыңызға « Кең байтақ – Қазақстаным» атты әдеби-музыкалық монтажымызды ұсынамыз.
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансыз да өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз, өзіміздің туған –туысқанымыз, дос-жарандарымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Қазақстан, менің асыл аймағым,
Қуантады күнге құшақ жайғаның
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.
2- жүргізуші.
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман-тау,қаласы
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең байтақ даласы.
Қазақстан Республикасының халқының саны 17 миллиондай. Жергілікті ұлт қазақтарымен бірге 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1-мамыр қазақстан Халықтарының бірлігі күні болып аталады.
Хор: Отаным
1-оқушы
Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған

2-оқушы
Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім, жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік – Қазақстан гүлстан.
Жүр барайық, ашайық ән арнасын,
Жырау толғап домбырасын қолға алсын.
Дастархандар көзді тартып жайнасын,
Қыпша белді қыздар билеп талмасын.
Би: 10 сынып Нұршат
1-жүргізуші
Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан -байтақ.Батыста каспий маңы ойпатынан шығыста алтай тауына дейін 3000км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі – 2млн.700 шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман. Тәрбие.орг сайтынан КЕҢ БАЙТАҚ - ҚАЗАҚСТАНЫМ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Омарова Айман Каратаевна

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі информатика пәні мұғалімі, 8 свнвп жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar