Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
" Келемін ғой өсіп мен..."
  • 17.01.2017
  • 96 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21060

Тақырыбы: «Келемін ғой өсіп мен...»
Мақсаты: Оқушылардың жыл бойы оқу тәрбие бағытында алған білімдерін тиянақтай отырып,тәуелсіздігіміздің ұландары дені сау жас ұрпақ екендерін ұғындыру. Әр оқушының іс -әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту, оқушылардың ата - ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, нақыл сөздер, шарлар, т.б.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген саяхат сабағы.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, баяндау, сергіту
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық: \Оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлайды.\
Барысы:

1-жүргізуші:
Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған
2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар,
«Біздің сыныптың бір жылы» деген тойымызға.
1-жүргізуші:
Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
2-ші сыныпқа біз бармақ.
2-жүргізуші:
Бір жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Құрметті біздің балалар,
Орындалды ойымыз
Құтты болсын тойымыз!
1-жүргізуші:
Жоламасын жамандық,
Болсын әр кез амандық.
Ашық болсын көгіңіз,
Әнге толсын төріміз.
Хор: «Мектебім» әні орындалады
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!Бүгінгі тәрбие сағатымыз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Біздің сыныптың бір жылдығы аясында «Дене тәрбиесі,салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша ұйымдастырылып отырған «Келемін ғой өсіп мен» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Біз бір жыл бойы тәрбие сағаттарымызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бағыттары бойынша өтіп келе жатырмыз. Айтыңдаршы,сол бағыттар бойынша біз бойымызға қандай қасиеттерді дарыттық?
Хормен: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды,салауатты өмір салтын сақтауды.
1-жүргізуші: Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өсіп келеміз. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі. «Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі»,-деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны анық.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етіп аттандырудың өзі бір үлкен күш.Сондықтан да ұстаздың еңбегі ұлы-еңбек.
1-оқушы: Аяулым
Сан жастық қамын шертесің
Тағдырын ойлап толғанып.
Әрбір үйдің еркесін,
Үйреттің өзің қолға алып.
2-окушы: Алдияр
Қиялымды көздедің,
Таптың ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
3-оқушы:Нұрәділ
Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолыңды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың.
4-оқушы:Айғаным
Ақылды да,білімді
Дана жүрек білікті
Салиқалы,салмақты
Ұстазым ол сүйікті
5-оқушы:Жұлдыз
Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық!
Хор«Мектеп лицей» әнұраны орындалады.
6-оқушы Нұршат
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе біздің данамыз.
Әліппені құрметтеп,
Басты орынға қоямыз.

7-оқушы:Құр.Санжар
Ойлантып, есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғалымдардың патшасы,
Математика данамыз.
Хормен:математиканы да меңгеріп тез санауды,есептеуді ,логикалық есеп шығаруды үйрендік.
8-оқушы:Жаннұр
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
Хормен:дүниетану сабағынан жыл мезгілдері ерекшеліктерімен,жануарлар,өсімдіктер әлемімен танысып,салауатты өмір салты туралы білім алдық.
9-оқушы:Диана
Адамдыққа үйреткен,
Жамандықтан жиренткен,
Тілімізді ширатқан,
Ана тілі данамыз.
Хормен: ана тілі сабағында өлеңді мәнерлеп оқуға,мәтін құрастыруға,жаттығуларды сауатты жазуға үйрендік.
2-жүргізуші:
Балалар біз осы бір жыл бойы нені үйрендік?
Хормен:оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.Халқымыздың салт- дәстүрін,ұлттық ойындарын, әдет- ғұрпын үйрендік.
1-жүргізуші:Біз нені сүйеміз?
Хормен: ата- ананы, халқымызды,табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!
2-жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.
1-жүргізуші:Біз кім боламыз?
Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.
10-оқушы:Тайлан
Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның.
Жалау етіп ерлікті,
Ескек етіп ерлікті,
Өсіп келе жатырмын.
11-оқушы:Нұрболат
Адал терім әрдайым
Моншақтатып маңдайым.
Соқсын дауыл, соқпасын,
Қиындықтың көк тасын,
Өсіп келе жатырмын.

12-оқушы:Толқын
Кейде күнмен теңесем,
Таласып мен күнмен өсем.
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған еліммен
Өсіп келе жатырмын.
Хор: «Бала тілегі » әні орындалады
Мұғалім:
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық.
Мұғалім:
Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Хормен
Денсаулық — адамның басты байлығы.
2-жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,
1-жүргізуші:
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға
14- оқушы. М.Мирас
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.
15- оқушы. Аида
Ата – анамыз, ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз:
Берекелі заман болсын,
Балаларың аман болсын
Денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білеміз?
1.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
2. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
3. Күлкі денсаулық мүлкі
4. Ішің ауырса.аузыңды тый
Көзің ауырса, қолыңды тый.
5. Дені саудың, жаны сау.
6. Тазалық-саулық негізі,
Саулық-байлық негізі.
7. Демі бардың-емі бар.
8. Басы аманның малы түгел.
2-жүргізуші
Шат көңіл адамдар,
Ақ көңіл адамдар!
Денсаулық- зор байлық,
Жансаулық-мол байлық.
1-жүргізуші:
Амандық үшін де,
Адамдық ісінде
Қолданып ел сынар,
Табиғат-емші бар.
Ендеше ортаға табиғат емшілерін шақырайық!
1.КҮН. Жансая
Нұр сәуле –шуақты,
Беретін қуатты.
Ұлы емші анамыз,
Күннен күш аламыз.
Жылытып, қыздырып
Нұрына жүздіріп,
Күн ана шуағы
Сырқатты қуады.
2. АУА. Хамза
Жер шары-«дәу » әлем,
Қоршаған ауамен.
Ауадан тыныс ап,
Өсті өмір, ырыс, бақ.
Денсаулық-дауа да,
Дәмге күш-ауада
3. СУ. Расул
Сусын да әрі дем,
Су-емші бәрінен.
Сусынын берді жер,
Жуынсаң сергітер.
Денсаулық тірегі.
4.ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Санжар Қабден
Спорттық ойында,
Күш берер бойына.
Спортта ем болар,
Жаттықсаң ем қонар.
Хор: «Көктем келді»
2-жүргізуші:
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты,өзі шыдамды болады.Біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың-жаны сау» -деп бекер айтпаған.Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
1-жүргізуші:
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан -2030»стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағытының бірі ретінде атап көрсетті.
-Балалар салауатты өмір сүру үшін не істеуіміз керек?
Хормен:тазалық сақтап,дене тәрбиесін жасау және спортпен шұғылдану,спорттық үйірмелерге қатысу.
Хормен:
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,
Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.
Біз өмірді таңдаймыз,
Біз өмірді қолдаймыз.
Әрқашан бар ынтамен,
Салауатты қолдаймыз.
Би «флешмоб»
1-жүргізуші:
Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
2-жүргізуші:
Біз мектептен,
Тәрбие мен білімді қоса аламыз,
Санамызға ой қосып өсе аламыз.
Ұстаз бен ата-ананың еңбегі зор
Болашаққа қолымызды еркін соза аламыз.
1-жүргізуші:
Мәңгілік ел идеясын ұстанамыз
Елімізге қамқор болуға күш саламыз,
Желбіреген Тәуелсіздік туымызды
Қыран құстай биікке самғатамыз.
2-жүргізуші:
Біз бұл жетістіктерге қалай жетеміз?
1.Бейбіт күннің арқасында
2.Ата-анамыздың арқасында
3.Алтын ұя мектебіміздің арқасында
4.Салауатты өмір сүрудің арқасында
5.Тәуелсіздіктің арқасында
Хор: Ән «Тәуелсіз елдің ұланы»
Қатысқан мектеп басшыларына сөз беріледі.

Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.

1,2-жүргізуші,бірге:
- Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рақмет!
- Қош сау болыңдар. Тәрбие.орг сайтынан " Келемін ғой өсіп мен..." Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Еспаева Мирамкул Танибергеновна

Жезқазған қаласы "Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі"КММ бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: espaeva_2015
Көрсетілім: 96 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar