Кемеңгер-елбасы!

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 142
  • Тәрбие сағаты
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23427


«Кемеңгер-елбасы!»

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға мемлекетке сіңірген еңбегі туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Елбасының халқына сіңірген еңбегін,ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой- толғау,ауызша баяндау,сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: Елбасының суреті, еңбектері.
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
ІІІ. Ой- шақыру стратегиясы
ІҮ. Ой қозғау стратегиясы.
1. Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі.
2.Тәуелсіздік жолындағы қадам.
3. Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.
4.Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа абыз ақын Ш.Әбеновтың бата беруі.
Ү. Сабақты бекіту. 1. Топтастыру стратегиясы «Біз не білдік?»
ҮІ. Ой толғау «Мен Президент болсам...»

Барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі. Қазақстан Республикасы әнұранын орындау.

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Сабақтың эпиграфы: «…Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққақызмет етуден артық ештеңенін керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді,білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…»
Нұрсұлтан Назарбаев
Ой-шақыру стратегиясы.
Мұғалім:Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып,оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік.Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,биік болмысын,кемел дарынын,ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.
Н.Ә.Назарбаев-ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған,тілін,тарихын,мәдениетін,әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтан келе жатқан ұлтжанды азамат;
-қалың елінің жанашыры,мұңдасы,тағдырласы;
-қорыққанға қорған,тарыққанға пана,зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;
- алдағыны болжай білетін,ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;
- елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;
- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын,егескенде еңсесін басатын,елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.

Ой толғау стратегиясы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.


Тәуелсіз жолындағы қадам.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков. 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы. Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері

№ Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері
1 «Қазақстанныңегеменді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамудың стратегиясы».Алматы,1992
2 «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде».Алматы,1993
3 «Ғасырлар тоғысында».Алматы,1996
4 «Тарих толқынында».Алматы,1999
5 «Бейбітшілік кіндігі».Астана,2001
6 «Сындарлы он жылы».А.:Атамұра,2011
7 «Тәуелсіздік белестері».А.:Атамұра,2003
8 «Еуразия жүрегінде».Астана, 2005
9 «Қазақстан-2030».Алматы,1997
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевқа ең алғаш бата берген абыз ақын Ш.Абеновтың бата беруі.
Сарыарқа туған жерім, елім қазақ,
Қазақ елі ежелден көкседі азат.
Көп естіп,көпті көріп,аз білсем де,
Мен бір ғасыр куәсі – экспонат.
Біз көрген зобалаңды қуғын-сүргін,
Енді ешкім көрмес үшін қанды қырғын.
Бар ұлттың тілін тауып табыстырған
Нұр Сұлтаным, жұлдызың жанды бүгін!
Зерек ақыл, зерделі ой, батыл жүрек,
Жаманат жасыра алмас жатың тілеп.
Қарадан хан туған деп қадірлеген,
Қазағың ғұмырыңды отыр тілеп.
Абылайым бүгінгі сен емес пе.
Қазағым өзге жұртпен тең емеспе?!
Халқыңа тәуелсіздік нұрын шаштың,
Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте.
Ақ киізге көтеріп хан сайласқан,
Қарт атаң тоқсан бесте мен емеспе!
Сабақты бекіту.1)Топтастыру стратегиясы. «Біз не білдік?»
Оқушылар бекіту сұрақтары бойынша ізденген,алған білімдерін жинақтай келе Елбасы туралы ой-пікірлерін ортаға салып,оның қасиеттерін түгел ашып береді.
Ой толғау: «Мен президент болсам..»
Бұл тақырыпқа өз ойын,бағдарламасын жасап келуге алдын ала тапсырма берілген.Оқушылар өздеріне ұнаған,жақсы жазылған бағдарламаның иесін болашақ президентке лайық деп бағалайды.
Қорытынды.
Мемлектіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет-елдің, халықтың үміті мен сенімін,бабалар аманатын арқалаған ең жауапты,ең қиын міндет.Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүетін,ұлттық тілін,тарихы,мәдениетін құрметтейтін,елі үшін отқа түсетін нағыз азамат,патриот қана атқара алады.
Оқушылар білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Кемеңгер-елбасы! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кымызбаева Балжан Мухтаровна

ШҚО Риддер қаласы "Шаңырақ" көпсалалы мектеп-гимназия" КММ математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar