Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің!

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 956
  • Тәрбие сағаты
  • 04/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18422


Тақырыбы : «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің»

2015 – 2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің»
Формасы : тәрбие сағаты
Бағыты : Азаматтық –патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие Мақсаты: Жас ұрпақты өзі өмір сүріп жатқан қоғамының дамуы сатылары мен қоғамды құрушы тарихи тұлғалар еңбегін дәріптей отырып Отанын сүюге тәрбиелеу; оқушылардың ұлттық сана-сезімін,қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту;жеткіншек жүрегіне ұлттық рух пен өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялату.
-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
1986 жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқтықазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Біз өзіміздің тәуелсіздігімізді алып, өз алдына мемлекет болдық , яғни осы мемлекетімізді Н.Ә.Назарбаев басқарып келеді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Кемеңгер елбасы – ырысы елімнің» тақырыбында өткелі отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жарыққа шығуы.
6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8.2000ж. Мәдениет жылы.
9.2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Ән: «Астана» орындайтын Жандосова Аружан
Оқушы :
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
3-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
4-оқушы : Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
5-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
6-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
«Елбасы ағашы» сұрақтар берілген.
1. Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторларын атаңыздар? Әнұранның
Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Тудың авторы:
Ш. Ниазбеков.
Елтаңбаның авторы.
Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
2. Н. Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?
1991 жыл. 1желтоқсан.
3. «Ұлттық валюта» дүниеге қашан келді?
1993 жылы 15 қараша
4. Қазақстан Республикасының алғашқы Ата заңы қашан қабылданды?
1995 жылы 28 қаңтар ҚР – ның «Ата заңы» қабылданды.
5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды
6. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?
Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
7. « Тәуелсіздік» монументі қай қалада орналасқан?
Алматы
8. Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз зайырлы мемлекет.
9. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы?
БҰҰ - на, 1992 жылы
10 - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы не білесіздер?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
11. Елбасының бірінші халыққа жолдауы қай жылы жолданды, қалай аталады?
1997 жыл «Қазақстан – 2030»даму стратегиясы.
12. Елбасы туралы қандай көркем фильм бар? Кино қайда түсірілді?
«Балалық шағымның аспаны», Үшқоңырда түсірілген.
13. Елбасының қандай еңбектері / кітаптары/ жарық көрді?
«қазақстан жолы», ғасырлар тоғысында», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих тағлымдары және қазіргі заман», «Тәуелсіздік белестері», «Жүз жылға татитын 10 жыл», «Бейбітшілік кіндігі»
Ойын « Тапқырлар».
Отан, туған жер туралы мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
1. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
• 2. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
• 3. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
• 4. Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.
• 5. Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.
•. 6. Туған жер — тұғырың,
Туған ел — Қыдырың
7. Ұлтарақтай болса да
ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
туып - өскен ел қымбат
8 Отаны жоқтық - нағыз жоқтық.
9. Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер.
10 Ел үшін аянба - ерлігіңе сын
Жұртың үшін аянба - жігіттігіңе сын
11 Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.
12. Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен

Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар. Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән «Атамекен» Тәрбие.орг сайтынан Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қошманова Данагүл Оразбайқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі Информатика пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar