Кешірім ізгіліктің белгісі

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 709
  • Тәрбие сағаты
  • 04/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19574


Сабақтың тақырыбы: «Кешірім – ізгіліктің белгісі».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға «Кешірім» ұғымының адамгершілік
құндылығы ретінде мәнін ашу.
Дамытушылық. Оқушылардың кішіпейілділік, кешірімділік туралы
түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік. Оқушыларды кішіпейілділікке бейім қабілеттерін
дамыту; Кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Нақыл сөздер, мақал – мәтелдер ,суреттер, тірек сызба.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың пән аралық
байланысы: Өзін – өзі тану.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республикасының Гимн орындау.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Негізгі бөлім.

1.Шаттық шеңбері.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
А. Бейсебайдың өлең жолдарымен сабақты бастау.
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін
- Сендер кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың ойын, пікірін тыңдау.
2. Көрініс «Кешірім»:
А.- Апа, әлгі біздің көшені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты.
М. - Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғұс. Өткен сенбіде екі – үш оқушы сарай төбесінің қара қағазын жыртып, ішіне түсіпті. Сарайдан сыпырғылар алса керек. Тентектер, өйтіп бүлдіргенше, сұрап алсашы. Ондай берекесіздер өйтіп сенбілікке қатысқанша, қатыспай –ақ қоймай ма?
А. -Апа, ұрыспайсыз ба?
М. -Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?
А. - Жоқ екілік емес. Одан да жаман.
М. -Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.
А. -Апа, айтайын дегенім, аула сыпыратын атайға барсам деймін. Халін біліп, кешірім сұраймын. М . – Жағдай сұрағышын. Ештеңемен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл қазір бар және жалғыз емес, қасыңда болған көкелеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер. Қ. – Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» - деген.
Сұрақ – жауап арқылы талдау.
Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
Атай қандай жақсы қасиет танытты?
Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
- Балалар, адамдардың бір – бірімен келісімге келуі, жарасуы бір – бірінен кешірім сұрауына, бірін – бірі кешіре білуіне байланысты. Ренжіскен жағдайда кешірім сұрау достарды, туыстарды татуластырады. Ағаттық кеткен істе үлкеннен де, кішіден де кешірім сұрай білу сыпайылықты білдіреді. «Кешірім – сыпайылық белгісі, татулық негізі» дегеннің мағынасы осында.
3.Сергіту сәті.
4.Суретпен жұмыс.
5.Дәптермен жұмыс.
Кешірім – сыпайылық белгісі, татулық негізі.
1. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас».
Нақыл сөздер мен мақал – мәтелдерді талдау,мағынасын ашу.
3.Қорытынды.
Тірек сызба бойынша оқушылармен жұмыс жасау.
- Татуласуға бірінші қадам жасау.
- Кішіпейіл болу.
-Кешірім сұрау:
- Кешірім жасау.
-Қателікті мойындау.
-Ренішті ұмыта білу. Тәрбие.орг сайтынан Кешірім ізгіліктің белгісі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алипбаева Марал Амзеевна

Жамбыл обл.Қаратау қаласы "Үміт" мектеп - интернаты тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar