Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
КІШКЕНТАЙ АРУЛАР
  • 12.12.2016
  • 61 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20475

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.2Kb)

Тақырып: « Кішкентай арулар»
Мақсаты Кішкентай ару қыздарымызды инабаттылыққа ,әдептілікке,ұқыптылыққа,өнерге баулу ,Анаға деген махабатты ояту .Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,гүл,шарлармен безендіру.
Қатысушы :1-4 сынып қыз балалары.
Жүргізуші сахнада баяу музыка Армысыздар,жиналған қауым ! Амансыздар құрметті аналар ! Көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын
Ел тілегі оң болып,тыныштық болсын әрдайым Осынау көгілдір аспанының аясында жер бетіндегі тіршілік атаулының жаратушысы Күннің көзі мен Ананың ақ сүтінен нәр алған бүлдіршіндердің шаттығы мәңгілік бұзылмасын Қымбатты ата-аналар,қонақтар,сіздер бүгін мектебіміздің бастауыш сыныптар жанынан ұйымдастырылған « Кішкентай арулар» сайысына қатысып отырсыздар .Сайысты ашу үшін мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөз беріледі.
«Анашым» ән құрметті аналар сіздердің құрметтеріңізге қабыл алыңыздар.
Жүргізуші Сайысымызды бастамас бұрын ,біздің кішкентай бүлдіршіндерге төрелік ететін әділ қазылар алқасын тағайындап алайық.
Жүргізуші Қазақ халқы қыз баланы ардақтап,оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсірген.Әсем де инабатты қыздарын үнемі үлгі етіп отырған ,Сондай үлгі етерлік кішкентай арулар бүгін сіздердің алдарыңызға шығады
(Сайысқа қатысушы аруларды таныстыра отырып,шақыру).
Жүргізуші Нәзік гүл сияқты майысқан
Билеуге бұрала асыққан.
Өнерлі кішкентай Самира,
Бақ сынап сайысқа қатысқан.
Жүргізуші Жүзінен таң нұры тарайды,
Райхан гүліндей арайлы.
Сафина қызымыз өнерлі,
Биікке самғауды қалайды.
Жүргізуші Биязы ұяңдық бойында,
Ойға ой қосу ойында.
Оқуда озат қыз Махаббат Бүгінгі бүлдіршін тойында.
Жүргізуші Биікте қос шыңның мұнары,
Секілді ағаштың шынары.
Келеді ортаға Айдана
Ерке қыз егіздің сыңары.
Жүргізуші Маржан ,жақұт бар жасыл тас,
Өзі де секілді асыл тас,
Шақырам ортаға,Камиланы
Бойында даналық ақыл жас.
Жүргізуші Ай дидар ақ жүзді ақ сары,
Қиылған қабағы ,қастары.
Сабақта озат қыз Айым
Ұнатқан сыныбы достары.
Жүргізуші Күмбездей күн нұрлы сүйкімді,
Бей-жай ғып қалдырмас кім-кімді.
Биязы Жанельді шақырам
Бейне бір қошақан сүйкімді.
Жүргізуші Мінезі жайдары үнемі,
Жүзі нұр күлімдеп жүреді.
Бекзада биіндей Аида бұл
Сыныптың белсенді жүрегі
Қол соғып,кішкентай аруларымызды қошеметтеп отырыңыздар.
Байқауымызды бастамас бұрын шарттарымен таныс болыңыздар
1кезең «Таныстыру»
2 кезең «Сән үлгісі»
3кезең «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
4кезең «Өз өнерін көрсету»
Жүргізуші Ал,енді сайысымызды бастайық
1 кезең «Таныстыру».
Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар өнерді дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен,ізетпен танысуға.
Әр ару өзін таныстырады,ән,жыр арқылы
Музыкалық номер
2кезең «Сән үлгісі»
Киіммен керемет және түрлі
Назарын аударар елдің күллі
Сұлу сәнді қыздарымыз барбіздің
Киім киген жарасымды,әрі құнды
(Әр сайыскер дайындаған сән үлгісін көрсетеді.)
Музыкалық номер
3 кезең «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
Ел жұрттың рухани азық асы,
Асыл сөздің әдемі қазынасы.
Тәлімі ұштасады тәрбиемен,
Мақал да халықтың қазынасы.
(Бұл кезеңде бүлдіршіндер мақал-мәтел айтудан жарысады.)
Музыкалық номер
4 кезең «Өнерлі өрге жүзер»
Таланттыны танытып елге бүгін,
Көтерейік мерейін өнерлінің.
Үкілі үмітпенен сенім артып,
Өренге арқалаған өнер жүгін.
(Әр бүлдіршін ән айтып,би билеп өз өнерін ортаға салады).
Музыкалық номер
Жүргізуші Құрметті көрермендер Осымен бүгінгі «Кішкентай арулар» сайысы аяқталды.Сөз кезегін,әділқазылар алқасына береміз. Тәрбие.орг сайтынан КІШКЕНТАЙ АРУЛАР Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жакаева Айсулу Бурбаевна

Қостанай облысы,Қостанай қаласы №9 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 61 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar