"Кітап- досым, ақылшым"

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 485
  • Тәрбие сағаты
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22674


«Кітап – досым, ақылшым»
Тапқырлық кешіміздің мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой-өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, «Кітаптар әлемі» көрме, мақал – мәтелдер.
Түрі: жарыс сабағы.
Жоспары:
1)Таныстыру.
2)Мақал – мәтел жарысы.
3) «Жырлар мекені» қойылым.
4)Топ басшының жарысы-викториналық сұрақтар.
1- топ: «Құлагер»
2- топ: «Сұңқар»
3- топ: « Бикештер»
Әр топта 5 оқушыдан.
Кітапханашы: Қайырлы күн, кітап-сүйер қауым және сайысымызға қатысушы оқушылар! Кітап адам өмірінде аса маңызды рол атқарады. Оқушының жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оқыған ортасына, алған біліміне байланысты. Кітап адамзат ақыл- ойының інжу- маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
Қазір адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Кітап оқу, өзіңе қажетті дүниені кітаптан алу. Олай болса, балалар, кітапты кім көп оқыды деген сауалмен, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен біліктілігі артық екенін көретін сәт те келді.
1- жүргізуші: Олай болса «Білім кілті - кітапта» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жарыс шарттары мен әділқазы алқаларымен таныстыру.
2 – жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Білімдеріңді көрсетіп,
Алға оза беріңдер.
Әр топ өзін таныстырады.
7 – класс қыздарының қазақ биі.
1- жүргізуші « Мақал сөздің – мәйегі» дегендей, мақал -мәтел жарысына жол берейік.
2- жүргізуші Ойын тойға келейік,
Сөз маржанын терейік.
Кім көп білер екен деп?
Мақал айтып көрейік.
Топ кезекпен мақал- мәтел айтып жарысады.
1- жүргізуші. 3 тур «Жырлар мекені» қойылым қою бөлімі. Бұл турда алдын- ала әр топқа үй тапсырмасы берілген болатын.Бұл турда
1- топ: «Құлагер» - « Аққулар ұйықтағанда»,
2- топ: «Сұңқар» - « Төлеген мен Бекежан »,
3- топ: « Бикештер» - «Қаршыға мен Қарлыға» ролдерін сомдау.
«Аққу биі» 8- класс қыздары
2 – жүргізуші.Білесің бе, кітап білім ұясын,
Оқып оны өмірге азық жиясың.
Оқып- біліп, зерттеп кіріп санаға,
Терең білім, ой маржаның құясын- дей отырып, ендігі кезекті топ басшыларының жарысына берейік.
Викториналық сұрақтар:
• Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
• Кітап басып шығаратын жер қалай аталады ? (Баспахана)
• Кітапты жазған адам қалай аталады? (Автор)
• Халықаралық балалар кітабы күні қай күн? (2-сәуір)
• Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23 – сәуір)
• Кітапханаға барып үнемі кітап оқитын кім (Оқырман)
• «Өркеш -өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырып кемерін» Қай ақынның өлеңі?( Ж.Жабаев)
• «Барлығын да адамзат қиялдаған,
Қиялдап жер бетіне сия алмаған.
Ойлап -ойлап отырып кілемімен
Аспанға ұшудан да ұялмаған». Қай ақынның өлеңі? (М.Мақатаев. Фантазия)
• Шыбыным, жалғыздан -жалғыз отырып та жиналыс өткізе ме екен? Түн болса сарылып көп оқисың. Осы сенің ұйқың қанбай жүр ғой деймін? Қай жазушының шығармасынан үзінді? (Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»)
Әділқазы алқалар барлық турды қорытындылайды.
Күй «Ерке сылқым»
1- жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
2 – жүргізуші: Өрендер өрлей берсін өнерлерін
Айналаң бәрі сенің көрерменің
Тілеймін осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін.
Әділқазылардың қорытындысын тыңдау.
Мадақтау: Белсенді оқырмандарды құттықтап, марапаттау. Тәрбие.орг сайтынан "Кітап- досым, ақылшым" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұржан Ару Ерланқызы

Тоқмансай негізгі мектебі Кітапханашы

Пікірлер: 0

avatar