ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ МЕРЕКЕ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 558
  • Тәрбие сағаты
  • 22/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22850


Әлемге ортақ мереке

Наралиева Р.Т.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр болса да, жас Тәуелсіз Қазақстан аз ғана уақыт ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев көрегенділікпен атап көрсеткеніндей, шын мәнінде Азия барысына айналды. Тәуелсіз Қазақстан Президентіміздің парасатты саясаты мен көшбасшылығының арқасында қомақты табыстарға қол жеткізді. Экономикамыз артты, халықтың әлеуметтік ахуалы артып, тұрмысы жақсарды, білім-ғылым саласы да жоғары деңгейде дамып келеді. Қазақстан шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастар орнатып, өз тәуелсіздігін тұғырлы етуде. Сонымен қатар артта қалған мемлекеттерге де өзінің көмек қолын созуда. Ауғанстан мемлекеті дүниежүзі елдерінен гуманитарлық көмек сұрағанда, еліміз достық қолын созған алғашқылардың бірі болды. Президентіміздің игілікті бастамасымен қазір елімізде жүздеген АИР-дан келген тыңдаушылар жоғары білім алуда. Олар ең алдымен біздің университетімізде, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде дайындық курсынан өтеді. Шетелдік тыңдаушыларға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру ісі ұштастырыла жүргізіледі. АИР тыңдаушыларының қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау және олардың қазақ тілі пәні бойынша алған білім деңгейін анықтау, сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру,
тыңдаушының жыл мезгілдері жайлы және тыңдаушыға ұнайтын мезгілдің өзі үшін алар орны мен маңызы туралы мәлімет беру, шетелдік білім алушыларды халықаралық ынтымақтастыққа, бауырмалдыққа, сыйластыққа баулу мақсатында мәдени-танымдық шаралар, тәрбие сағаттары жиі ұйымдастырылады. Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің назарларыңызға 2015 жылы желтоқсан айында өткен «Әлемге ортақ мереке» атты тәрбие сабағының бағдарламасын ұсынамын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтттық университеті
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы

Әлемге ортақ мереке
Ашық тәрбие сағатының жоспары

Сабақты ұйымдастырушы: аға оқытушы Наралиева Рахила Турсыновна
Сабақтың тақырыбы: «Әлемге ортақ мереке»
Сабақтың мақсаты: оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға тақырыпты меңгерту: есім тіркестері туралы білімін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: АИР тыңдаушыларының сөздік қорын байыту, алған білімдерін нақты тілдік жағдаятта қолдана алуға дағдыландыру, тілдің негізгі аспектілері бойынша тақырыпты меңгерту, тақырыпқа байланысты өз ойын айтуға, диалог құрастыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын лексикалық-грамматикалық тапсырмалар беру арқылы дамыту, осы пәнге деген мәдени-танымдық қызығушылығын арттыру, нақты тілдік жағдаятқа қатысты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және логикалық, креативтік ойлау қабілеттерін дамыту .
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың формасы: «Брейн-ринг» әдістемесін қолданатын және «Инсайт» әдісі бойынша дидактикалық ойын түрлерін пайдаланатын дәстүрден тыс сабақ. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау, пысықтау.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, ақпараттық технология.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ойтүрткі сұрақтар беру арқылы миға шабуыл жасау, сұхбаттасу, тіл дамыту, дидактикалық ойындар.
Көрнекі құралдар: презентация, иллюстациялар, апликациялар, стикерлер (жапсырмалар), үлестірмелі материалдар.

ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ МЕРЕКЕ
Ашық тәрбие сағатының бағдарламасы

1-топ АИР тыңдаушылары: «ҚЫС МЕЗГІЛІ» командасының әдеби кешке арналған бағдарламасы
Мақсаты: тіл ұстарту – екі ай ішінде қазақ тілінен алған білімінің нәтижесін, тілдік деңгейді қалай меңгергенін көрсету.
1-топтың АИР тыңдаушыларының куратор-эдвайзері аға оқытушы Р.Т.Наралиева.
Қатысушылар: топ тыңдаушылары – 9
Бағдарлама жүргізушісі Гафуроглы Моһаммад Мунир
Қыс қария – Амир Шахи Мохаммад Сияр;
Жайдарлы Желтоқсан – Иса Хан Решад;
Қаһармен Қаңтар – Рахим Ахмад Файз;
Айбарлы Ақпан – Сафизада Фарахуддин;
Жаңа Жыл – Попал Мохаммад Иса;
Аяз Ата – Сарвари Мохаммад Юнус;
Ақ қар – Насери Мохаммад Амиль
Кәрі құда қыс – Авкан Бек Файзуддин;
Гафуроглы Мунир. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен тыңдаушылар?!
Берекелі Алтын күзбен де қоштастық. Мұз бен қардан жасалған, аязбен шыңдалған қылышын сүйретіп Қыс ақсақал да келіп жетті. Алдарыңызға «Қыс мезгілі» командасы 1-топты шақыруға рұқсат етіңіздер.
Қыс ақсақал Амир Шахи Мохаммад Сияр. Қошеметтеп қарсы алайық Қыс қарияны!
Амир Шахи Мохаммад Сияр.
Ассалаумағалейкум, құрметті халқым!
Қаһарлансам қабағынан қар жауған,
Ашулансам ақырып аяз шақырған,
Айбарлы ақсақалың қыс дегенің мен болам.
Таныстырдым өзімді,
Енді айта кетейін, отбасым мен өз жайымды:
Ығай менен сығайдай үш ұлым бар ержүрек.
Тұңғыш ұлым жайдарлы Желтоқсан,
Ортаншы ұлым қаһарлы Қаңтар,
Кенже ұлым еркешім, айбарлы Ақпан.
Өз жайыма тоқталсам,
Айбарым бар аяз атты,
Қаһарым бар қар атты,
Ашуым бар бұрқыраған бұрқасын боран атты.
Жаңа Жылым бар жаңа бақыт сыйлайтын
Барлық адамзатқа, әлемге.
Аппақ қардан нұр төгіп,
Жырдан шашу шашайық,
Ал, ұлдарым, өздеріңе бердім енді кезекті.

Гафуроглы Мунир. Қыс ақсақалдың тұла бойы тұңғышы – Исахан Решад – Жайдарлы Желтоқсанды қарсы алайық.
Исахан Решад. Сәлеметсіздер ме?!
Қараша, желтоқсан сол бір екі ай
Ықтырмамен күзеуде отырар бай, деп
Ұлы Абай атамыз айтқан,
Қарынан желі басым,
Аязынан мейрамы көп,
Қаһарынан мейірімі көп,
алғашқы күнім – Президент күні,
он алтысында Қазақстан халқына
тәуелсіздік сыйлаған,
күндері мерекелі, берекелі
Жайдарлы Желтоқсан ұлың мен болам!

Гафуроглы Мунир. Қыс ақсақалдың ортаншы ұлы Қаһарман Қаңтар – Рахим Ахмад Файз алдарыңызға келді. Қарсы алыңыздар!

Рахим Ахмад Файз.
Алғашқы күнінен Жаңа жыл келіп,
Қалың жұртқа қуаныш сыйлаған,
Қазақстан Ата заңын тойлаған,
Ал ашулансам сақылдаған аяз бары тоңдырар,
Ұшпадай бөркімді сілкіп қалсам ,
Қалың қар жауып мазаңды алар,
Жадырсам, ашық аяз күндері қабағым ашылар,
Күміс қардан уыстап шашу шашар,
Қаһарман Қаңтарың мен болам.

Гафуроглы Мунир. Қыс қарияның кенжесі, еркелеткен еркесі, қыс айының серкесі, алдарыңызға Айбарлы Ақпан да – Сафизада Фарахуддин келіп жетті. Қарсы алыңыздар!
Сафизада Фарахуддин . Сәлеметсіздер ме?!
Ағарып атқан ақ таңым,
Терезені қырау шалғаным,
Ашулансам, аязым бар ақырған,
Жадырасам, әкелер құт-берекені,
Сондықтан халқым еркелетіп үт дейді,
Екінші атым – үт, жүрген жерім – құт
Айбарлы Ақпан айың мен болам.

Гафуроглы Мунир. Жаңа жылда – жаңа жыр, жаңа үміт, жаңа бақыт. жаңа өмір, жаңа қуанышпен өзімен басталар Қыспен бірге келетін, әлемдегі бар адамға ортақ берекелі мерекені – Жаңа жыл Попал Мохаммад Исаны – қарсы алайық, адамзат!
Попал Мохаммад Иса.
Армысың, халқым?!
Әрбір үйге жаңа бақыт сыйлайтын,
Әр жүрекке маздатып үміт отын жағатын,
Татулық пен жан жылуын жоғалтпауға шақырып,
Әлемге оттан шашу шашатын
Жаңа Жылың мен болам.
Құрметті халайық!
Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа жыр таусылмасын,,
Жаңа жылда әлемде татулық болсын,
Әрбір отбасына шаттық пен бақыт толсын!

Сарвари Мохаммад Юнус. Сәлеметсіздер ме?!
Үлкен демей, кіші демейтін,
Бай-кедей деп бөлмейтін,
Бәріңе ортақ мереке
Жыл сайын Жаңа Жылмен келетін,
Қуаныш пен жаңа үміт сыйлайтын,
Жаңа өмір мен жаңа бақыт сыйлайтын,
Баршаңызға Қаршақызды ертіп кеп,
Әсем-әсем сыйлықтарын тарту ететін,
Жомарт Аяз аталарың мен болам.
Гафуроглы Мунир. Қаһарлы қыстың символы, дала мен қала сәнін кіргізер ақ қары емес пе?! Олай болса, қарсы алайық Ақ қар – Насери Амильді!
Насери Амиль.
Аппақ-аппақ қар жауады тынбастан,
Қалың орман маужырайды түнгі аспан, дегендей,
Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп болады.
Қысың қарлы болса,
Жерің ылғалды болады,
Жерің ылғалды болса,
Еккенің нәрлі болады,
Үйің астық пен құт-берекеге толады.
Гафуроглы Мунир. Тамаша ғой қыс деген
Күміс кілем қара жерге төсеген,
Дегенмен де қоштасатын кез келген,
Себебі көктем келер құлпырған.
Ал, құрметті ұстаздар мен тыңдаушылар! Ашуланса – алты ай жатып алатын, жадыраса – үш айда етек-жеңін жиып алатын кәрі құдамызды қыспен қоштасатын кез келді. Кәрі құдамыз Қыспен қоштасатын кез келді. Кәрі құдамыз Қыстың тағы бір белгісі Аққала – Авкан Бек Файзуддиннің қоштасу жырын тыңдайық.
Авкан Бек Файзуддин.
Сәлеметсіздер ме?!
Абай. Қыс.
Ақ киімді, денелі, ақсақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Ұшпадай бөркін сілкісе
қар жауып мазаңды алды.
Дем алысы үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Гафуроглы Мунир. Құрметті көпшілік! Міне, кәрі құдаларыңыз қыстың да қонақ болғанына үш айдың жүзі болды. Қарт келсе – асқа, жас келсе – іске, деген. Соғымдарыңызды жеп тауыстық. Енді іске кірісер кез келді. Етек-жеңімізді жинап, артымыздан ерген жас ұрпаққа жол берейік. Қалы кілемін көтеріп құлпырған Қыз көктем келеді. Қарсы алайық көктемді. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше, күн жақсы! Тәрбие.орг сайтынан ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ МЕРЕКЕ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Наралиева Рахила Турсыновна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің аға оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar