Ұлы дана бабамыз. Қадырғали Жалайри Қосымұлының ңүғ жыдығына орай.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 703
  • Тәрбие сағаты
  • 21/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18770


«Ұлы дана бабамыз»

Поэзиялық жыр кеші

Талдықорған қаласының «Қала күні және «Тілдер мерекесі» аясында
өтетін Қадырғали би Қосымұлы Жалайыр бабамыздың туғанына
485 жыл толуына орай ұйымдастырылған
жыр кешінің сценарийі

Өткізген: Дюсембинова Н


Талдықорған, 2015 жыл
Талдықорған қаласының «Қала күні» аясында өтетін Қадырғали би Қосымұлы Жалайыр бабамыздың туғанына 485 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлы дана бабамыз» атты поэзиялық жыр кешенінің сценарийі

Баба ескерткішінің қасында қанатты сөздер, гүлдер, суреттер және «Қадырғали Жалайыр –түркі әлеміндегі ұлы тарихшы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Фанфар ойнайды.

1- Жүргізуші (Қуат):
- Армысыздар, құрметті қонақтар мен қала тұрғындары! Жердің әсемдігін қаншалық жанат деп мақтанғанмен, оның өмірлік даңқын шығаратын да, аялап сүйіспеншілік пен сәндендіретін де, ел мен жердің өз перзенті - адамдар. Жетісу жерінің даңқы өнерпаз ұл-қыздарының арқасында ежелден асқақ. Біз әрқашан ата-бабалар жаратқан мәдениет пен парасат арқылы мақтана аламыз. Соның бірі 16-шы ғасырда өмір сүрген қазақ тарихында өшпес мұра, із қалдырған жан-жақты ғұлама ғалым, тарихшы, жазушы, ақын, публицист, аудаудармашы Қадырғали би Қосымұлы Жалайыр бабамыз біз үшін мақтанышымызға айналды.

2- Жүргізуші (Зарема) :
- Өткен дәуірге сапар шексек рухы биік, беделі асқақ, дара тұлғалардың тарих сахнасында ойып алардай орны бар екендігіне куә боласың. Солардың бірі ретінде Алаш жұрты тарихының негізін қалап, «Жылнамалар жинағы» атты құнды деректерден тұратын шежіре жазған Қадырғали би Жалайырды айтуға болады.
Ол өз кезеңінде табанды еңбек етіп, осылайша Түркі жұртына өшпес мұра қалдырды.

1- Жүргізуші (Қуат):
- Ғұлама ғалым, данышпан тарихшы, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, шежіреші Қадырғали Қосымұлы жайында Ресей, Татар, Шығыс елдері және Қазақ мемлекетінің тарихшылары, мәдениет қайраткерлерінің Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың тарихта алатын орнына, өз заманың көрнекті қоғам қайраткерінің ғұмыры мен мұратына ерекше назар аударып, көп жыл ізденуінің арқасында дана бабамыздың еңбектері өз оқырмандарына оралды. Қадырғалидей біртуар перзентті күллі қазақ халқына бәріміз болып танытуға тиіспіз.
- Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының оқушылары ұлыларымызды ұлықтап, олардың қадірін танып бабамыздың ескерткішіне бас иеді!

(Оқушылар гүл шоқтарын ескерткіш қасына қояды).

1- Жүргізуші (Зарема)
Тарихтың көшін бастаған
Ғұлама ғалым, хас бабам.
Артынан алты Алаштың
Арнадым саған асқақ ән!
Осы орайда, бүгінгі поэзия жыр кешіміздің беташарын мектебіміздің мақтанышы .............................................................................. «Туған жер» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер!
...................... сынып оқушысы .......................................... « » әні.
Сөзін жазған: ..................., әні: ............................. Қарсы алыныздар!

1- Жүргізуші (Қуат) :
2-
«Ұлттық ділдің бастауы –тарих».
Қадырғали бабамыз өз заманындағы озық ойлы тұлғалардың бірі. Оның «Жылнамалар жинағы» халқымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін құнды мұрағат. Аталған жинақ жайында өз кезінде орыс ғалымдарымын қоса, Шоқан Уәлиханов, бертінде Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Манаш Қозыбаев сияқты дара тұлғалар өз бағасын берген болатын.
Осы орайда, биыл біздің қаламызда Қадырғали би Жалайыр бабамыздың 485 жылдық мерей тойына арналған ғылыми конференцияны қала әкімі Ермек Амантайұлы Алпысов мырза ашып, терең мазмұнды баяндама жасаған болатын.
Олай болса, келесі сөз кезегі Талдықорған қаласының әкімі Алпысов Ермек Амантайұлына беріледі.
....................................................................................................................................................................

Келесі сөз кезегі бүгінгі жыр кешінің қонағы, өлкетанушы, КСРО Мәдениет саласының үздік қызметкері, көп жылдар бойы бабамыздың еңбектері туралы жазылған кітап мақалаларды жинақтап, зерделеген «Жалайыр тарихынан» атты көп томдық кітаптың авторы Құлтай Нұрқалбайұлына беріледі.

.......................................................................................................................................................................

3- Жүргізуші (Зарема):
Бақыты үшін елінің,
Жерін жаудан қорғаған.
Білімі үшін ұрпағын,
Білімін өзі шындаған. - деп жерлес ақындарымыз жырлағандай, келесі сөз кезегі жергілікті ақын ....................................

Әміре Арын ағамызға беріледі.

1- Жүргізуші (Қуат) :

- Құрметті жыр сүйер қауым! Әз баба Қадырғали Жалайыр Қосымұлына арналған жыр кешіне Талдықорған қаласының «Тамшыбұлақ» жас ақындар ұйымының мүшесі, Текелі қаласының жас қаламгері Мадреимова Сабина Шегебайқызын ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар!

1- Жүргізуші (Қуат) :
Жыр кешін №19 орта мектеп гимназиясының жас таланты мен жыр сүйер шәкірті жалғастырады! Қарсы алыңыздар! Ортада 7 «Б» сыныбының жас қаламгері Жанат Аятолла:
........................................................................................................................................
(Қадырғали би Жалайыр туралы өлең-жырлар және өздері шығарған өлеңдерін оқушылар оқиды.)

1. 11 «Ә» сынып оқушысы Жанатұлы Азамат: Сайлаубай Тойлыбаевтың «Жалайыр бабам!» өлеңі


2. 6 «А» сынып оқушысы Әлиқызы Аяулым :
5 «А» сынып оқушысы Уағызхан Аяулым: Әли Ысқабайдың «Өсиет сөзі ұлағат» өлеңі

3. 10 «Б» сынып оқушысы Жебеген Аружан: Лида Жанботақызының «Қайталанбас нар тұлға»

4. 8 «Ә» сынып оқушысы Жұмағали Салауат Батық Мәжитұлы «Қадырғали бабамның баласымын!»

5. 7 «А» сынып оқушысы Хасан Диас:
7 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Зарема: Жанбота Саясиұлы «Ұлы көшбасшы»

6. 9 «А» сынып оқушысы: Рахимкулова Динара: Әміре Әрін «Шығыстың шынары»

7. 6 «Ә» сынып оқушысы Амантай Назерке : Нұрила Бектемірованың «Асыл бабам, алашым!» өлеңі

8. 7 «А» сынып оқушысы Кендебай Салтанат: Ерғазы Манапұлы «Дала данышпаны»

6 «А» сынып оқушысы Инберген Жанель: Сайлаубай Тойлыбаев «Жалайыр бабам!»
9. 10 «А» сынып оқушысы Талшын : Нұрила Нағашбаеваның «Сенсің пірім» өлеңі

1- Жүргізуші (Қуат) :
Жайсаңын жаннат жердің қырлап берем,
Жасымнан жалайырды жырлап келем.
Қадірі аса түскен қарашыңа,
Қонғандай осы есіммен бір бақ кенен, - деп Жұматай жақыпбаев ағамыз жырлағандай, Қазақ тарихында өшпес мұра, із қалдырған жан-жақты ғұлама ғалым Қадырғали би Қосымұлы Жалайыр бабамыз біз үшін мәңгі мақтанышымыз болыцп қала береді. Біз әрқашан ата-бабалар жаратқан мәдениет пен парасат арқылы мақтанамыз.
Бабамыздың даңқын ұлықтауға арналған «Ұлы дана бабамыз» атты поэзиялық жыр кеші осымен өз мәресіне жетті. Назарларыңызға үлкен рахмет, тыңдаушы да, көрермен қауым! Хош - сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Ұлы дана бабамыз. Қадырғали Жалайри Қосымұлының ңүғ жыдығына орай. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дюсембинова Назира Ермуханқызы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы №19 ОМГ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar