Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ұлы жеңіс мәңгі есте сақталады!
  • 25.05.2016
  • 345 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19120

Ұлы жеңіс мәңгі есте сақталады!
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы отан соғысы туралы үнтаспа,гүлдер, шарлар, интерактивті тақта
Өтілу барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар , оқушылар! Еліміздегі қазақ хандығының 550 жылдығы және ассамблеяның 20 жылдығымен тұспа – тұс келген ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп, барша адал ниет адамзатты тағы да бір қуантады. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті , қызық пен қиындықты,өткерді емес пе? Ата-бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі-Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамнйң жүрегінде.
2-жүргізуші:
Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа,
Елестетер қара тажал өлімді.
Келді міне , күндей жайнап гүл көктем.
Самал желі шашты тарап, бетті өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.
Ән: «Әлі есімде»
(Видеоролик «Соғыс туралы» көрсетіледі)


Би: «Катюш а»
Көрініс: 1945 жыл
1-әйел: Мына сұрапыл бәле соғыс бітпеді-ау...Азаматтарымыздың хабары да жоқ, ошары да жоқ.
2-әйел: Қайта соған қуансаңшы. Өткен жолы білесің бе, анау көрші кемпірдің баласынан хабар келеді деп жүргенде «Қара қағаз» келгенін. Қазір хабар жоғына қуану керек. Әйтеуір тірі дағы.
(Бригадир келеді) Бригадир: Амансыздар ма! Балалар да шаршаған болар? Демалып алыңдар кішкене.Демалыңдар
1-қарт : Әбеке –ау! Біздің армия жайлы ,майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр. Бізге қарағанда сауаттысың ғой.
2-қарт: Ой , құдайға шүкір, бізідікілер Герман жеріне кіріп, фашист жауызды ойсыратып жеңіп жатқанға ұқсайды.
1-қарт : Әп, бәрекелді! Арам қатқырларға , иттерге де керегі сол. (Осы кезде бір бала жүгіріп келеді) Бала : Пошташы Наурызбай атам келе жатыр. Наурызбай: Сүйінші! Халқым,жұртым,сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп,жеңілгендерін мойындапты. Жеңіс! Жеңіс! Біз жеңдік!
1-жүргізуші: Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. «Ер басына күн туып, етегімен қан кешкен, ат басына күн туып ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ауылымыздан аттанған 62-ге жуық аталарымыз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, сіздер мен біздерді бақытты өміріміз үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында аттанғаны мәлім. Елден аттанған сарбаздарымыздың 35-і кеуделерін оққа тосып, жеңісті өз өмірлерінің өтеуімен жақындатты, олар топырағын қайта оралып баса алмады. Біздер сол батыр аталарымызды ешқашан ұмытпаймыз және ұмытуға қақымыз да жоқ.
2-жүргізуші: Міне, соғыс қасіреті туған ауылымызды да, осылайша ананы баладан,баланы әкеден, әкені баладан айырып көздің жасын көл етті.
1-жүргізуші: Құрметті бейбіт елдің тұрғындары! Есімдері аңызға айналған ағаларымызды , әкелерімізді , тарих бетінде бұл соғыс «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген ел үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер - азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиіспіз.
2-жүргізуші :Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмаақ сол бір апат қайғыны.
1-жүргізуші:Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл –көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
(Бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)
Хор: «Жеңіс туы желбіреп»

2-жүргізуші: Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы- баладан,баланы-анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ....
1-жүргізуші: Батыр бол балаларым, бәрің дағы,
Тап берген дұшпан иттің сынды сағы.
Жаса,жаса бейбітшілік,
Не құрыса қанды соғыс мәңгілікке құрысын.
Хор: «Ден победы»

Жүргізушілер бірге:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Хормен: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген..» Тәрбие.орг сайтынан Ұлы жеңіс мәңгі есте сақталады! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сандуғаш Дәрменова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 345 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar