Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ұлы жеңіске 71жыл!»
  • 27.11.2016
  • 265 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20245

Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Буранбаева Айгүл Алдабергенқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы жеңіске 71жыл!»
Сабақтың мақсаты : Ұлы жеңісті дәріптеу,өз Отанын,елін,туған жерін сүю,туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.Отанын,туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін
қастерлеп,рухын көтеру ,үлгі өнеге тұту.
Сабақтың көрнекілігі:мақал-мәтелдер,Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлігі мен батырлығы үшін
Кеңес Одағының батыры атанған, «Даңқ» орденімен және медальдарымен
марапатталған ақтөбеліктердің суреттері ілінген плакат,шарлар.
Мұғалім:-Құрметті ұстаздар мен құрметті қонақтар «Ұлы Жеңіске 71 жыл!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
І-жүргізуші :-Қадірлі біздің қонақтарымыз , 2016 жылдың 9 мамыр күні Ұлы Жеңіске 71 жыл толады!
ІІ-жүргізуші:-Осы мерекеге байланысты сіздерді бүгін 2 а класс оқушылары қарсы алып отыр.
-Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын !
-Дендеріңізге саулық ,көңілдеріңізге шаттық тілейміз.
-Жер бетінде тыныштық болсын !
-Түнде ұйқымыз , күндіз күлкіміз арылмасын.
-Бейбіт таңда бала сүйіп бақытты болыңыздар!
-Жер бетінде достық жасасын!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Мұғалім:-Мөлдір аспанды бұлт қаптады.Шаттық әні қайғылы үнге,нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.Бұл халық үшін ауыр кезең болды.
І-жүргізуші:-Отанымызға қатерлі күн туды.Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.
ІІ-жүргізуші-Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды.Партизан отряды құрылды. « Бәрі де,Майдан үшін»деген ұран тасталды.
Мұғалім:-Еңкейген кәрі ,өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі ,жері,Отаны үшін арпалысты.
1.Тастар көкке атылды
Орман шулап ,тау құлап
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмайды жау бірақ.
2.Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып
Жау алдында тұрады
Жиырма сегіз шың болып.
3.Тойтарып анталаған жаудың бетін
Көрсеткен батырлықтың құдіретін
Жиырма сегіз батырын туған елі
Ардақтап,мәңгі жасар құрметін.
4. «Көк түтінге көмемін деп көгімді
Ес жидырмай еземін»,-деп елімді.
Келді фашист-жеңе алмады бірақта,
Бақыт үшін қаншама қан төгілді .
Көрші үйге қара қағаз келіпті,
Қайран аға қан майданда өліпті,
Ерлігіне ескерткішті орнатып
Жолдастары басына гүл қойыпты.
Хор: «Ақ кептерлер»
І-жүргізуші:-Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен,ата-бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып,еске алып,әруақтарына бас иеміз.
ІІ-жүргізуші:-Ер есімі ел есінде.Кір жуып,кіндік кескен жері үшін,аялап,әлпештеп өсірген елі үшін,жанған отқа түсіп, жалын кешкен,ер-азаматтар естен шықпайды.Олар тарихта өшпес із қалдырды.
І-жүргізуші:-Халық тыныштық үшін ,бақытты өмір үшін күресті.Сондықтан да,әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.
-Біздер үшін жанын қиған,
Бас иеміз жандарға
Атақ даңқын жеткіземіз,
Ертеңгі атар таңдарға
-Ер есімін алып жүрген
Жас түлектер қаншама
Батыр апа , ағаларым
Таныстырып баршаға
(Ана,Мәншүк,Әлия болып кейінген оқушылар сахнаға шығады)
Ана: -Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Елге дауыл тиетінін біліп ем.
Тыныш жатқан берекелі еліме
Қанышердің келетінін сезіп ем.
Бірақ ,бірақ бейбіт шақтың келеріне
Мен тәңірідей сеніп ем.
Ел қорғайтын ерлерімнің
Мәншүк пен Әлиядай
Қыздарымның ерлігіне сеніп ем
Мәншүк : -Мама ,мама, «күнім» деген сенсің ғой,
Әрең жетті-ау әлсіреген дауысың.
Жыламашы,шыдап бақшы ерсің ғой,
Бар емес пе,бір еркектей намысың.
Сағындың ба,мен де сені сағындым,
Қандай ана сағынбайды баласын.
Қандай бала сағынбайды анасын,
Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың.
Батқан күнмен,басқан түнмен бірге күт,
Мен де саған оралғанша ынтықпын,
Оралмасам,қош бол мама,көрерсің,
Қалған менен соңғы белгі мылтықты
Ана: - Тап –таза,мөп-мөлдір көгілдір,
(көрінбей) Жан еді-ау жапырақтай көктемгі.
Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді,
Әнсің бір жарылып кеткендей от кеуде.
Жан берді жалғызым өрт-топан майданда,
Соғыс қой ақмарал аруды сындырған
О,бүгінге жауапты адамдар
Сақтаңдар ұрпақты
Апаттан , қырғыннан!
Әлия: -Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт ,елге бақыт тіледік.
Отан-ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Отан-ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп
Мәншүк: - Қатар тұрмыз ,қатар жүріп келеміз,
Қатар жүріп,қырдан гүлдер тереміз.
Біздер өлдік,өлмесін деп басқалар,
Бізді қайта туды Отан,ел егіз
Әлия: -Жетсек деген арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі .
Біздің туған күнімізді құттықтап,
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.
Мәншүк: -Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз
Қолымыздан осы болды келгені,
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Ана: -Қош бол,қыран қыздарым менің.
От болып жанып кеткен,ер болып елге танылып кеткен,қос қарлығашым,
өздерің ерте солғанмен,соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды.Ел мен жерің
өздеріңді ұмытпақ емес,қош болыңдар.
Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызы(1925-1944)1925жылы15маусымда Қобда ауданында Бұлақ ауылында туған.1931жылы арасы қайтыс болғаннан кейін Әлия нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді.Москвада Әлия 4-класс бітірді.1938жылы Ленинградтағы №46 балалар үйіне орналастырылды.Рыбинск аудандық әскери комиссариатының жолдамасымен 1943жылы шілде айында мергендер мектебін үздік бітірген Әлия Солтүстік-Батыс майданның 54-ші атқыштар дивизиясының 4-ші батальонына жіберілді.1944жылы14қаңтар Казачиха деревнясын жауданазат ету кезінде ерлікпен қаза тапты.1944жылы 4 маусымда Ә.Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәметова Мәншүк Жіңсікәліқызы (1922-1943) қазақтың қаһарман қызы , Кеңес Одағының Батыры .Екінші дүниежүзілік соғыста осы атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі.Алғашқы қазақ зиялыларының бірі А.Мәметовтің отбасында тәрбиеленген.Алматы мед. институтында оқып жүріп ,1942 жылы Кеңес армиясы қатарына өз өтініші бойынша алынған. Алғашында бригада штабында қызмет етті,кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды .Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста 1943 жылы ерлікпен қаза тапты.1944 жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ән: «Әлия»
1.-Соғыс жалмап аға,іні,бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырдан дауылды.
2.Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.
3.Қан майданға шығарып сап ардағын,
Қыз-келіншек түсірмепті салмағын.
Көрген жоқпыз өздеріңнің арқаңда,
Сай-сүйекті сырқыратқан зардабын.
4.Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
І-жүргізуші:-Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып ,еліміз бейбіт өмірге көшті . Халықтың алдында соғыс зардабын жою,экономика мен мәдениетті,өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын,ғылым мен техниканы дамыту міндеті тұрды.
1.Талай тарих кезеңдерін өткізіп,
Сырын, жырын заманына шерткізіп.
71 жылда елім менің жаңарған.
Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.
2.Жау қолынан жұлып алып,
Жеңісті атам әкелді
Оқ бораннан аман қалып,
Атам көрді әкемді.
3.Жаудан қорғап елін,жерін,
Көз ілместен түн қатты.
Бейбіт таңда күлімдеген,
Немересі тіл қатты.
4.Барлық бейбіт күндер үшін
Қарыздармыз алдында
Үлгісіндей ұлы ерліктің
Жүре бер ата алдымда
Ән: «Солдат болам мен ертең»
1. -Жасы үлкен -өз алдына бір төбе,
Оларға еткен қызметің де мәртебе.
Бәрекелді балам!-десе болғаны,
Бақ құсының қасыңа кеп қонғаны!

2.-Жасы үлкен-өз алдына бір отау,
Олар барда асқақ емес Алатау.
Айналайын бақытты бол!-дегені
Жолыңдағы көп бөгетті жеңеді
ІІ-жүргізуші :-Сескеніп жаудан саспаған
Ерлікке елді бастаған
Аталарға бас иіп
Жол береді жас қадам!
Ән: « Ел қорғауға әзірміз»
1.Мен қазақпын биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен, мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
2.Қақ жүрегім ,дүрсіліңді ұлғайт сен,
Жеңісіңді бар әлемге Күнге айт сен.
Не десең де,сенің сөзің қуатты,
Күнім сөйле,тағы да сөйлей түс таңым.
Қаптап көкке абырой мен баққұсың,
Самға,самғай бер менің Қазақстаным!
І-жүргізуші -Сағынтып талай жыр туар
Оралар әлі-ақ сан жыршы
Даланың иісі бұрқырап,
Қарттарым , аман-сау жүрші!
ІІ-жүргізуші -Ақылменен терең ойлап қарасақ,
Қарттар деген-алдыңдағы парасат.
Өміріңнің өшпей мәңгі іздері
Артыңыздан ере берсін болашақ.
-Осыменен кешімізді аяқтаймыз.
-Қош сау болыңыздар!

№39 жалпы қазақ орта мектебі

ТАҚЫРЫБЫ:
Ұлы Жеңіске 71 жыл!



Дайындаған: Буранбаева Айгүл Алдабергенқызы
Ақтөбе- 2016 Тәрбие.орг сайтынан «Ұлы жеңіске 71жыл!» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Буранбаева Айгүл Алдабергенқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, 71жыл!», жеңіске, «Ұлы
Көрсетілім: 265 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar