Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»
  • 18.04.2016
  • 320 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18685

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.2Kb)

Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар, мереке өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Бала: Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді, Наурыз тойы басталды. Жүргізуші қолындағы сыйлығын балаға береді де: -Бақытты бол! Бақытты бол! (Бала атша шауып залдан шығып кетеді) Жүргізуші: Хош келдің Наурызым, ардақтым, Халқым саған бар үмітін арнапты. Жылда осылай келе берсін жасарып, Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты. (Балалар залға әуенмен екі – екіден қол ұстасып кіреді.) Балаларға көктем мезгілі туралы сұрақтар қойып жауаптарын тыңдау. Ән: «Көктем» Жүргізуші: Құлыным деп, күнім деп, Шырыным деп, ұлым деп. Ертегі айтып түнімен, Еркелеткен күнімен, - дей келе ортаға сайысқа қатысушы ақ жаулықты әжелерімізді сүйкімді немерелерімен бірге шақырайық. 1. Бағытжан Арай әжесімен 2. Тлеумағанбет Кәусар әжесімен 3.Жеткіншек Фариза әжесімен Сайыс мынадай төрт бөлімнен тұрады: 1-бөлім; «Шаңырағым - шаттығым» (өздерін таныстыру) 2-бөлім; «Ойлы болсаң – озып көр» (әжесі мақалды жалғастырады) 3-бөлім; «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету) 4- бөлім; «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (әжесі ою ояды) Әділқазылармен таныстыру. Әділ қазы баға береді, Өздеріңе тиісті. Өнерде кім жеңеді, Алады сол сыйлықты. Сайысымызды бастамас бұрын балаларымыздың Наурыз мерекесіне арнаған тақпақтарын тыңдайық. (Әліби, Сержан, Айзат, Қ. Ерасыл, Ақжан) 1.Келді Наурыз жар салып, Би билейміз, ән салып. Жылда келсін Ұлыс күн, Тұрайық есен қарсы алып. 2.Күттіріп келген жыл басын, 4. Армысың Наурызым, Бізбен бірге тойлашы. Қуаныш боп кір, төрлет. Дастарханға елімнің, Ел болып саған, Береке, ырыс сыйлашы. Көрсетіп жатыр сый – құрмет. 3. Ата – бабам тойлаған, 5. Уа, халайық, халайық, Наурызым, армысың! Әсем әнге салайық. Қызығына тоймаған, Наурыз тойын көңілді, Дархан дала, қарлы шың. Бірге қарсы алайық.
1-Бөлім: «Шаңырағым - шаттығым» Жүргізуші: Тоты құстай құлпырып, Билеп, билеп берейін. Тал шыбықтай иіліп, Шаршадым мен демейін, ортада тобымыздың бүлдіршіндерін «Аса таяқ» биімен.
2-бөлім: «Ойлы болсаң – озып көр» 1- топқа; Өнер алды ....
Еңбектің наны тәтті ...
Отан үшін күрес ...
Қыстың қамын ... Жұмсақ ағаш құртқа жем, ..... 3-топқа; Қонақ келсе .... (құт келер.)
Жұмсақ адам жұртқа жем. Отан оттанда ....
2- топқа; Бір тал кессең ... Қонақ аз отырып, ... (көп сынайды.)
Еңбек етсең ерінбей .... Қойдың сүті .... (қорғасын)
Отансыз адам.... Еңбегі аздың ..... (өнбегі аз) Адам ойға тоймас.... (Бөрі қойға тоймас.)
Ащу дұшпан ....
Ән:
3-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»
Балалар тақпақтары: (Айгүл, Д.Ерасыл, Сая, Іңкәр, Гүлсара)
1.Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
2.Бақта бұлбұл сайрасын,
Сәнді көктем нұрымен.
Наурыз тойы жырымен, 4. Бата беріп атамыз,
Көңіл гүлдей жайнасын. Бата беріп апамыз.
3.Жасай берсін жаңа күн! Тәтті болып жасалған,
Туа берсін жаңа күн. Наурыз көжеден дәм татамыз.
Дүр сілкінсін дала бір, 5.Күн мен түн теңелді,
Құтты болсын Жаңа жыл. Жер шуаққа бөленді,
Құтты болсын Наурыз – той. Соны тойлар ел енді.
4-бөлім; «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
(Әжелеріміз сырмақтарын дайындағанша әсем әнге кезек берейік)
Ән:
Жүргізуші: Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурызды тойлайық,
Қызықты ойын ойнайық.
Ұлттық ойын: «Білек күшін сынасу», «Сақина салмақ»
Әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Би: «Наурыз тойы»
Қортынды: Әділ қазылар сайысты қортындылап, сайыскерлерге мынадай тақырыптарда атақтар мен естелік сыйлықтар табыс етеді. «Мейірімді әже», «Өнерлі әже», «Шебер әже», «Өнегелі әже».
Жүргізуші: Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем,
Тентек болсам кешірген,
Балтай тәтті, бал әжем! Осыменен 22- наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шарамыз аяқталды. Еліміз тыныш, нанымыз көп болсын. Тәрбие.орг сайтынан «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Измағанбетова Салтанат Рустамқызы

Атырау қаласы,Ақжар селосы №59 "Ақбөбек"балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 320 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar