Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері
  • 31.03.2016
  • 901 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18318

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:



Тәрбиелік:

Дамытушылық:

Сабақтың типі:
Сабақтың түрі:


Әдіс-тәсілі:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма
V. Білімгерлердің білімн
бағалау.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмір жолы туралы түсінік бере отырып, шығармашылығы туралы ойларын тереңдету, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа ынталарын арттыру, білімдерін кеңейу.

Адамгершілікке, адалдылыққа, кешірімді болуға, рухани тазалыққа үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше іздене білуге, өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру.

Бекіту сабағы.
Практикалық сабақ. Білімді жинақтау қорытындылау.

Сұрақ-жауап, салыстырыу, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыу. Сатылай кешенді талдау, Венн диаграммасы,
Сэккуэй әдісі, INSERT түртіп алу жүйесі.
Қазақ тілі әдебиет теориясы, тарих.

Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, бейне көрініс, оқулықатар.


І. Ұйымдастыру. Білімгерлермен сәлемдесу, түгелдеу. «Жылы сезімдер» жаттығуын ұйымдастыра отырып, аудиторияда жағымды ахуал қалыптастыру.
Білімгерлер шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы сезімдерін айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Мәшһүр Жүсіп өмірінен, шығармашылығынан оқығандарын ортаға салғызу.
Интерактивті тақтадан: Мәшһүр Жүсіп суреті «Атымды Мәшһүр деген үш жүз білді, Дүниеден мұнан артық не табасың?»
Абайдың суреті «Мен де ақынмын, Мәшһүр де ақын. Дегенмен, ол ақын болғанымен Құдайға жақын. Сондықтанда Мәшһүр адамзаттың әулиесі ғой. Абай.
Мәшһүр Жүсіп –ХХ ғасыр басындағы ақындардың аса ірі көрнектісі. Саяси тәртіпті одан батыл сынаған ақын жоқ. Ескіні сынағанда, ол-үлкен сатира, саяси лириканың ақыны, әділет, бостандық идеясын жырлаған- романтик.
Ә. Қоңыратбаев. деген эпиграф сөздер көрсетіліп тұрады.
1 слайд. Ой шақыру. Тапсырмалар арқылы білімгерлердің қызығушылықтарын ояту.
Мәшһүр Жүсіп өмір мен шығармашылығына шолу сұрақтар
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмір жолы мен шығармашылық өсу жолын әңгімелендер. Ақынның «Мәшһүр» аталу себебі неде?
2. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығының тақырыптық ерекшеліктері.
3. Мәшһүр Жүсіп пен В.Радловтың шығармашылық байланысы.
4. Ақын халық ауыз әдебиетінің қандай мұраларын жинап, қағазға түсірді?
5. Ақын ел ішіндегі қандай адамдарды сынады? Халық арасындағы келеңсіз құблыстарға, әлеуметтік теңсіздікке ақынның көзқарасы қалай болды? Бұл мәселе оның қандай көркем шығармаларында сөз болады?
6. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кітапары?
7. Қазақ даласындағы жер мәселесі, әлеуметтік теңсіздік, өркениетті елдің қатарына қосылу үшін оқу-білімнің керек екендігін қай кітабында жан-жақты көрсете білген?
8. Ақынның шығармашылығындағы діни адамгершілік арналар.
9. М.Ж.Көпеев-көсемсөзші, фольклортанушы.
10. Мәшһүр Жүсіптің қазақ әдебиетіндегі алатын орны, шығармаларының идеялық мазмұны.
11. Ақын қандай әйгілі жыр-дастандарды жазып қалдырды?
12. Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларындағы ақын- жыраулар мұрасы.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Бұлақ көзі», «Өнерпаз» өлеңдерін жатқа оқу.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы бейне көрініс
2 слайд: (Мәшһүр Жүсіп кесенесі).
Дүниенің базарында арзан нарқым,
Нарқым арзан болса да, қымбат даңқым.
Тіршілікте ағайынға қадірім жоқ,
Өткен соң, «әттеген-ай» дерсің халқым. Мәшһүр Жүсіп.
3 слайд. Топастыру.

4 слайд. Ассоциация.

5 слайд. Мәшһүр Жүсіп кітаптарының суреттері

6 слайд. Сатылай кешенді талдау.
Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама» өлеңдерін талдау.

Өлең атауы
Әдебиет тегі
Жанр түрі
Бунақ,буын
Ұйқас
Көтерілген мәселесі
Идеясы
Әдеби теорялық ұғымдар (троп пен фигуралар)
Өлеңнің тәрбиелік мәні


Өлең атауы
Әдебиет тегі
Жанр түрі
Бунақ,буын
Ұйқас
Көтерілген мәселесі
Идеясы
Әдеби теорялық ұғымдар (троп пен фигуралар)
Өлеңнің тәрбиелік мәні

7 слайд. Семаникалық карта
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы

Қай шығармасынан алынған?

Үзінді Үлгілі сөз Жыл он екі ай Хал-ахуал Адам екі түрлі Қалмады ойлай-ойлай басымда ми Ғибратнама өлеңі Шайтанның саудасы
Бір адам бар өрік, мейіз ағаш сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
Егер де ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қыл, іждаһтпен бас қадамды.
Ішім- от, сыртым жалын қайнағаны.
Биге пара, байларға өсім болды.
Боталы түйе болды ғой көлігіміз,
Онан басқа бір болмай керігіміз.
Ешқайда жүре алмадық, тұра алмадық
Жанашыр болмаған соң серігіміз.
Жүгім бар, көрмейсің бе, он бес көлік
Келемін айуанға артып екі түлік.
Жұрттың тыныштық, бүтінін ойламаймын,
Саламын бас қосылған жерге бүлік.
Өнерге, ғылым- болсаң жерік,
Беріліер ақыр бір күн басыңа ерік

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат - Шеризат» дастанының мазмұнын баяндау. Білімгерлерге дастанды алдын ала оқып келу тапсырылған. Сондықтан оқушылар дастан сюжетін тізбектей баяндап береді.
Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Талдау сұрақтары.
1. «Гүлшат -Шеризат» дасанының мазмұны, сюжеті. Ақынның айтар ойы, көркемдік ерекшеліктері.
2. «Гүлшат - Шеризат» дастанының сюжеттік желісі қайдан алынған?
3. Дастанның тәлімдік мәні неде?
4. Парахзаттың арам ниеті қандай.

Дәптермен жұмыс.
Дастанға сатылай компелксті талдау жасау

Авторы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Тақырыбы: Адал ниетпен әділ іс қылу.

Идеясы: Әділдіктің жеңіске жетуі,жақсылықтың салтанат құруын дәріптеу
Жанры: Эпос, дастан

Кейіпкерлері: Көркін, Парақзат, Гүлшат, Шеризат, арыстан, керуенбасы Қожа Сағит.
Композициясы: Оқиғаның басталуы. Көркін патшаның бір балаға зар болуы. Аңға шығуы.
Оқиғаның байланысы. Парахзаттың ханымды өлтіртуі, арыстанның баланы арыстанның, керуенбасы Қожа Сағиттың баланы асырап алуы. Парахзаттың түсі.
Шиеленіс. Шеризаттың ержетіп, керуеншілермен бірге Шынмашын еліне
келуі. Гүлшаттың Иран бағы.
Шарықтау шегі. Барыстың хаты. Шындықты білу, Парахзатты зынданға тастау.
Шешімі. Гүлшаттың ара түсуімен Парахзаттың күнәсінің кешірілуі.

Өлең құрылысы: Дастан 11 - 12 буынды, (кейде 7 - 8 буынды жыр үлгісі де араласып келген) 3 бунақты, қара өлең ұйқасымен жазылған.
Бейнелі сөздер: эпитет, теңеу сөздерді тауып, теріп жазу.
Тәрбиелік мәні. Әрқашан кешірімді болу, адамдарға жақсылық жасау.

Образдық талдау. Дастандағы басты кейіпкерлерге төмендегі үлгі бойынша образдық талдау жасаңдар.
1. Кейіпкердің сипаты
2. Кейіпкердің мінезі
3. Ұнамды не ұнамсыз әрекеті
4. Мақсаты.

Еркін жауап. Пікір алмасу.
Сөйлемді жалғастыр. Егер мен Шеризат болсам...
Өмірмен байланыс.
Дастандағы ойды халық даналығымен қалай түйіндеуге болады?

8 слайд. М.Ж Көпеевтің тәлім-тәрбие, бірлік, ынтымақ, мейірімділік, достық тақырыбында ел аузынан жинаған мақал-мәтелдері
«Кім көп мақал-мәтел біледі?» сайыс
1. Денсаулықтың қадірін.....
2. Ұйқыдан басы кетпегеннің...
3. Білмеген айып емес,...
4. Шешеннің тілі ортақ...
5. Байлық- мұрат емес,...
6. Ақыл − білім азығы...
7. Ақыл жастан шығады...
8. Білімді мыңды жығады..
9 слайд. Абай мен Мәшһүр шығармаларының үндестігі (Екі ақының өлеңдерінен алынған үзінді бойынша тақырып орайластығын, идея төреіндестігін салыстырып талдау).
Абай Мәшһүр
1 Терең ой, терең ғылым
іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей
сабап. 1. Өтірік өрттей лаулап жанып
жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып
жатыр.
2 Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз 2. Қалмасын жерде десең айтқан
сөзің,
Өзіңнің өз бойында болсын көзің
3 Ғылым таппай мақтанба,
Ғалым болмай немене.
Балалықты қисаңыз.
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 3. Ғылым біл, жұмыс істе оған
серік,
Жарлыға мал, бұл ғылым бойға
көрік,
Ғылым, білім, өнерсіз, қадірсізді
өлік біл, оны жан деп білме тірлік.
4 Махаббатсыз- дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар Махаббат- сәулесі зор,
Құдай нұры.
5 Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым,
кінә қойма. 5 Көре алмай жарық сәуле талды көзім,
Қартайдым қараңғылық тұманда өзім.
Өткен күн, жасаған жас-бәрі аман бол,
Артымда бес- алты ауыз қалсын сөзім.
6 Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек? Не болы, бақытым, ұйықтап қалып?!
Оянып бір басыңды көтерсейші.


10 слайд. Ой-толғаныс. ВЕНН диаграммасы

Абай Мәшһүр туралы Мәшһүр Абай туралы


Сэнкуэй Бес жолдан тұратын өлең.
1. Зат есім. Мәшһүр Жүсіп.
2. Сын есім. Зат есім. Ұлы данышпан ғалым, талантты, қасиетті.
3. Етістік. зерттеді, жинады, армандады, ойлады, жазды.
4. Сезіну. Мәшһүр Жүсіп- шын жүрегімен халқын сүйген қаламгер.
5. Синоним. Данышпан, ұлы ғалым, ақын, аулие адам.

ІІІ. Сабақты бекіту.

INSERT Түртіп алу жүйесі.

V- білетіні -
Білгеніме сәйкес келмейтіні +
Мен үшін жаңалық ?
Таңқалдырды


Мәшһүр Жүсіптің ғибраты мол асыл сөздері қазақ халқымен мәңгі жасай бермек.
Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
ІV. Үйге тапсырма: «Халқының маржан тілін қадірлеген – Мәшһүр бабам» тақырыбына шығарма жазып келу.
V. Білімгерлердің білімін бағалау. Білімгерлердің сабақтағы жауаптарына баға беру. Тәрбие.орг сайтынан Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жақашева Әлия Берікқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 901 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar