"Мақал-мәтел" сайысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1580
  • Тәрбие сағаты
  • 03/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19308


«Бейнеу мектеп - интернаты» КММ-сі




Кітапхана меңгерушісі: Ділманова Айнагүл

2015-2016 оқу жылы

Мақал- мәтел бәйгесі

Мақсаты: Оқушыларды рухани, зерделік жағынан тәрбиелеу, мақал -мәтелдің айырмашылығы мен ұйқастығын ажырату, әртүрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнеріне баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеті:Тәрбие жұмысын тартымды, қызықты,ұтымды ұйымдастыру арқылы өздерін тікелей қалыптастыра отырып тағылым беру, қазіргі өмір талабына сай қалыптастыру.

Кітапханашы: Сәлеметсіздар ме ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің өткізіп отырған «мақал-мәтелдер» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымыз
5 бөлімнен тұрады.
І –Бөлім: «Кім жылдам?»
ІІ – бөлім: «Әрі қарай...»
ІІІ – бөлім: «Жасырдым жұмбақ»
ІҮ – бөлім: «Ой - толғау»
V - бөлім: «Кім көп біледі?» деп аталатын,5 бөлімнен тұрады. Олай болса, сайыскерлерімізбен таныс болайық.
І – топ:4-сынып: «Тұлпар» тобы - деп аталады.
ІІ – топ:3- сынып: «Сұңқар» тобы – деп аталады.
Ал, енді таныс болсақ, сабағымызды бастайық.
Бірінші бөліміміз «Кім жылдам?», - деп аталады.Яғни
мақал-мәтелдің жартысы оқылады , жалғасын сендер табуларың керек. Әр дұрыс жауабын тапқан топтарға 10 ұпайдан қосылады..

1- топ «Тұлпар» тобы

1. Қойшының таяғынан,
( Келіннің аяғынан).

2. Бассыз берген мал мазақ,
(Бақсыз берген тіл мазақ).

3. Жеті рет піш,
(Бір рет кес.)

4. Жақсының аты өлмейді,
(Жазушының хаты өлмейді).

5. Аңдамай сөйлеген,
(Ауырмай өледі).

2- топ «Сұңқар»
1.Атаңа – не қылсаң,
(Алдыңа сол келеді).

2.Әдепті бала арлы бала,
(Әдепсіз бала сорлы бала).

3.Көп сөз көмір,
(Аз сөз алтын.)

4. Жақсының өзі өлгенмен,
(Сөзі өлмейді).

5. Сөз сүйектен өтеді,
(Таяқ еттен өтеді).

Келесі сайысымыз «Әрі қарай ...» деп аталады. Мен бір мақал айтамын соның ішіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мақалды толықтырасыздар.

1- топ «Тұлпар» тобы
1.Оқусыз білім жоқ,
... күнің жоқ.
(білімсіз)

2.... ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
(Балапан)

3.Су ішкен ... түкірме.
(құдығыңа)

4. ... оттанда ыстық.
(Отан)

5. Еңбек түбі береке,
Көптің түбі ....
(мереке)
2- топ «Сұңқар» тобы

1.Әзілің жарасса, ... ойна
(атаңмен)

2. ... алды қызыл тіл.
(Өнер)

3. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, ... жарады.
(Бас)

4. Ердің атын ... шығарар.
(еңбек)

5. Есің барда ... тап.
(елің)

Ендігі сайысымыз «Жасырдым жұмбақ» деп аталады.
Мен бір жұмбақ жасырамын. Сіздер сол жұмбақты шешіп, сол шешкен жауабыңызда шыққан сөзді қатыстырып мақал-мәтел құрайсыздар.

1- топ «Тұлпар» тобы

1. Табақ толы алмас
Таңда түк те қалмас.
(Ай, жұлдыз)

2.Ақ дейді, пәк дейді
Аяқтың астына,
Ешқашан төкпейді.
(Сүт)

3.Өзі ала, өзі сұр,
Тілінің ұшында уы бар.
(жылан)

4. Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
(Мектеп)
5. Ақ далаға қара дәнді
Қолыммен себемін.
(Дәптер)

2- топ «Тұлпар» тобы
1.Қара киім киіп алып,
Балшықтан үй соғады.
(Қарлығаш)

2.Жарға шығып ойнайды
Ойынға бір тоймайды.


Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
(Ешкі)

3. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(Әтеш)
4. Қабат – қабат қалып,
Іші толған әріп.
Үйретеді көп деп,
Құрметтейді халық.
(Кітап)
5. Бұлаңдаған құйрығы –
Бір алдарлық қулығы.
(Түлкі)

Ендігі сайысымыз: «Ой толғау» деп аталады.
Ережесі: Экрандағы ұяшықты таңдаймыз. Ашылған тапсырмаға мақал – мәтел құраймыз. Шеше алмаған топқа, көрермендерден демеуші болуға болады.
1 –топ: «Тұлпар » тобы бастайды.

Төрт түлік мал туралы: (1. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды
2. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
3. Семіздікті қара қой көтерер).
Табиғат туралы: (1. Қыстың қамын жаз ойла
Жаздың қамын қыс ойла
2. Шағала келмей жаз болмас
3. Сұмырай келсе су құрыр).
Үй-іші отбасы туралы: (1Ата – бәйтерек,
Бала - жапырақ).
2. Қазанға тиме қарасы жұғар,
Балаға тиме бәлесі жұғар).
3. (Мал баланың шашуы).
Тамақ туралы: (1. Ас иесімен тәтті.
2. Ет етке, сорпа бетке.
3. Ет дегенде бет барма).

Тіл туралы: (1. Тіліңмен жүгірме,
Біліммен жүгір.
2. Іріген ауыздан, шіріген сөз шығады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ).
Ынтымақ – бірлік туралы: (1. Бірлік болмай,
тірлік болмас.
2. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
3. Досыңды сатпа).
Еркін тақырыпта: (1. Үрлесем-ақ бопты...
Дайын етем допты.
2. Олай тартсаң өгіз өледі,
Бұлай тартсаң арба сынады.
3. Басы қатты болса,
Аяғы тәтті болады).

Еңбек туралы:: 1. (Еріншек екі істер
2. Еріншектің ертеңі таусылмас.
3. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей).
Өнер – білім туралы: (1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Ақыл азбайды,
Білім тозбайды).
3. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар).

Жақсы оқушылар! ендігі сайысымыз «Кім көп біледі?» деп аталады. Бұл сайысымызда әр топтың оқушылары мақал - мәтелді кезек - кезек айтып жарысады. 1 мақалға 10 ұпайдан қосылып отырады.

1 – «Еңбек» туралы
2 – «Отан» туралы
3 – «Оқу – білім» туралы

Келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Осымен, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Сарға селосы
«Бейнеу мектеп - интернаты»КММ-сінің кітапхана меңгерушісі:
Айнагүл Ділманова Тәрбие.орг сайтынан "Мақал-мәтел" сайысы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айнагул Дилманова Баянтурлиевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға селосы "Бейнеу мектеп-интернаты"КММ "Кітапхана ісі" "Бейнеу мектеп-интернаты"КММ-сі кітапхана меңгерушісі

Пікірлер: 0

avatar