Мақал-сөздің мәйегі

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 425
  • Тәрбие сағаты
  • 05/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19893


Сабақтың тақырыбы: Мақал – сөздің мәйегі.
Сабақтың мақсаты:
1) Ғасырлар шежіресі, халық тарихы, ақыл-өнегесімен көрініс тапқан мақал-
мәтелдердің қолданылу тәртібі жайлы мағлұмат беру;
2) Ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, ауызша көркем баяндау ретін, ой алғырлығын грамматикалық ойындар арқылы жан-жақты дамыту;
3) Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемдігін көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: іздендіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: кесте, «Ақ тілек» сызбасы.
Пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Бүгінгі сабақ қайталау сабағы болғандықтан, «ХХІ ғасырдың көшбасшысы»
ойынымен ұштастырғалы отырмын. ХХІ ғасырдың азаматы қандай болуы керек? (Білімді, білікті азамат болу керек).
Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысқалы отыр, өздерін таныстырып өтсе. Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін.
1-кезең: «Бәйге». Бәйгеге шауып бүгін мен,
Білімімді көрсетем.
Бәйгенің сұрақтары:
1. Мақал дегеніміз не?
2. Күміс көмей тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?
3. Антоним дегеніміз не?
4. Мәтел дегеніміз не?
5. Синоним дегеніміз не?
6. Үлкен-кіші, биік-аласа қандай сөздер?
7. Омоним дегеніміз не?
8. Еңбек туралы бір мақал айт.
9. Евфемизм дегеніміз не?
10. Дисфемизм дегеніміз не?
11. Омонимге мысал келтір.
12. Мақал-мәтелдің айырмашылығы неде?
13. Евфемизмге мысал келтір.
14. Дисфемизмге мысал келтір.
15. «Дария жанында құдық қазба» - мақал ма, мәтел ме?
2-кезең: «Көкпар». «Білгіш білгенін істейді, білімсіз бармағын тістейді».
Бұл бөлімде ұяшықтағы суреттер бойынша мақал-мәтелдер құрастыру.
3 – кезең: «Сөзмерген».
Ар ма, ардақты ағайын, көз көрген.
Алдарыңда тіл сайысы – «Сөзмерген».
Назарымызды экранға аударайық. «Жүйрік болсаң – шауып көр» демекші, кестедегі сөздердерден мақал-мәтел құрастырып, мағынасын ашамыз.
4-кезең. «Тіл білгір». Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан қазіргі заман талабына сай үш тілді білу қажет.
1. Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар.
2. Көз- қорқақ, қол-батыр.
3. Отанды сүю отбасынан басталады.
4. Досы көпті жау алмайды.
5. Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
6. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
7. Өнер алды – қызыл тіл.
8. Ердің екі сөйлегені – өлгені.
5-кезең. «Шешен сөз» . Бұл кезеңде өзіміздің шешендігімізді,
Ділмарлығымызды көрсетейік. Оқулықпен жұмыс жүргіземіз.
Бір сәт тағы экранға көз жүгірсек. 134-жаттығу бойынша берілген сурет. Осыған мақал-мәтелдерді қатыстырып сөйлем құраймыз.
6-кезең. «Ақ тілек». Сызба бойынша сөздер алып, сол сөзді пайдалана мақал-мәтел құрастырып, бір-бірлеріне тілек айту.
Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Енді бағалау парағын тақтаға ілейік.
Оқушылар, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп. Тәрбие.орг сайтынан Мақал-сөздің мәйегі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекжанова Айсулу Ермахановна

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar