Мақтақыз бен мысық ертегі еліне саяхат

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 392
  • Тәрбие сағаты
  • 17/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23095


Ертегі еліне саяхат

Тақырыбы: «Мақтақыз бен мысық»

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.

Білімділік: 1-ден 5-ке дейін сандарды ретімен қою және оларды дұрыс атау, заттарды кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып теңестіре білу дағдыларын бекіту. Заттарды шамасына қарай салыстыра біліуін жетілдіру. Қарама-қарсы мағыналас сөздерді айта білуге жетелеу. Заттарды топтастыра білуге, мақал-мәтелдер айта білуге үйретуді жалғастыру. Пластиллинография технологиясын қолдана отырып әдемі гүл жасауды үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Саусақ буындарын жетілдіру.

Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

- Бүгін біздің оқу қызметіне қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарм,

Арайлап атқан күнге.

Қонақтармен амандасайық.

- Сәлеметсіздер ме. Здравствуйте. Good morning.

Музыка әуенімен топқа мысық келеді. Мысық көңілсіз. Балалармен амандасады.

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

- Сәлеметсің бе, мысық. Сенің көңіл-күйің неге жоқ?

- Балалар, мен сендерге «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен келіп тұрмын. Мақта қыз менің құйрығымды жұлып алды. Құйрығымды бермейді. Маған көмкетесіңдерші.

- Балалар, Мақта қыз мысыққа құйрығын қайтарып беруі үшін, бірнеше тапсырмалар орындауы керек. Мысыққа тапсырмаларды орындау үшін көмектесеміз бе?

- Ия. Көмектесеміз.

1-тапсырма – сиырдан екен. (1-слайд)

1. «Адасқан сандар» ойыны.

Тақтадағы сандарды ретімен дұрысқойып, оларды атайды.

2. «Гүлдер мен көбелектер».

- Алаңқайда қанша гүл өсіп тұр? (Балалар гүлдерді санайды).

- 5 гүл.

Гүлдерге көбелектер ұшып келді. (Балалар көбелектерді санайды).

- 4 көбелек.

- Гүлдер көп пе, әлде көбелектер көп пе?

- Гүлдер көп.

- Олар бірдей болу үшін ен істейміз?

- Тағы бір көбелек қосамыз.

Балалар 1 көбелек қосып, заттарды санайды.

3. «Дұрыс көрсет».

(Ең ұзын, ең қысқа, ең биік, ең аласа, ең жуан, ең жіңішке, ең үлкен, ең кішкентай заттар.)

- Міне, балалар, сиырдың тапсырмасын орындадыңдар. Келесі тапсырма неден екен?

2-слайд. Екінші тапсырма ағаштан.

  1. «Төртіншісі артық» дидактикалық ойыны. 3-слайд.

Интербелсенді тақтадан суреттер көре отыырып, төрт заттың арасынан артық бір затты атайды. Қалған үш затты топтастырып атайды.

2. - «Пинг-понг» ойыны.

Сөздердің қарама-қарсы мағыналас сөздерін атау.

Ыстық-суық, күн-түн, көңілді-көңілсіз, еңбекқор-жалқау, аз-көп, бар-жоқ, жақсы-жаман. т.б.

- Ал, балалар, қарама-қарсы мағыналас сөздер бар қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Көп сөз көмір,

Аз сөз алтын.

Жаманға шөп батады,

Жақсыға сөз батады.

Үлкенге - құрмет,

Кішіге- ізет.

Еңбекқор бала сабаққа қарайды,

Жалқау бала сағатқа қарайды.

Мысық: Қандай ақылды балалар екенсіңдер. Ағашты тапсырмасын да орындадыңдар.

4-слайд.

- Балалар, мысық, келесі тапсырма қыздардан. Қыздар сендермен бірге билегісі келетінін айтыпты. Интербелсенді тақтаға назар аударайық.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

3 – тапсырма - дүкеншіден.

5-слайд.

Тәрбиешінің үстелінің үстіндегі карточкаларды тиісті жыл мезгілінің суретіне орналастыру. Неліктен олай орналастырғандарын түсіндіреді.

Мысалы: Қыс – Аяз ата, қар, аққала, шана.

Көктем – бәйшешек, жылға, құстар, гүлдеген алма ағашы.

Мысық:

- Балалар, жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Келесі тапсырма тауықтан екен. Балалар,бұл тапсырмада кейіпкерлері бойынша ертегіні табу қажет. Мен сендерге кейіпкерлерді атаймын, ал сендер ертегіні атайсыңдар. Ертегіні дұрыс тапсаңдар, экраннан көресіңдер.

- Ата, әже, қоян, қасқыр, түлкі, аю.

- Бауырсақ ертегісі.

- Аю, қыз, үлкен қорап.

- Маша мен аю.

- Қоян, түлкі, аю, ит, әтеш.

- Қоянның үйшігі.

- Қасқыр, ешкі, орман, үйшік.

- Қасқыр мен жеті лақ.

- Жарайсыңдар, балалар! Міне, тауықтың тапсырмасын да орындадыңдар. Енді соңғы тапсырма неде, білесідер ме?

- Тышқаннан.

- Ия, тышқан сендерден көмек сұрайды. Тышқанға ірімшікке баратын жолды тауып беріңдер.

Ойын «Тышқанға дұрыс жол көрсет».

Мысық: Жарайсыңдар, балалар. Сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар.

Тәрбиеші: Мысық, біздің балалар Мақта қызға арнап гүлдер жасап берсін. Сен сол гүлдерді Мақта қызға сыйла. Көңілі көтеріліп қалсын.

- Жарайды.

Балалар үстелге жақындап, пластиллинография технологиясымен гүл жасайды.

Жасаған гүлдерін мысыққа береді.

- Рахмет, балалар. Сендердің жасаған гүлдерің Мақта қызға ұнайды деп сенемін. Сендер маған көмектестіңдер. Енді мен Мақта қызға барып, құйрығымды қайтарып алайын. Сау болыңдар!

- Сау бол, мысық!

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. 

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,

№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші

Оразбаева Мархаббат Балталиевн

Тәрбие.орг сайтынан Мақтақыз бен мысық ертегі еліне саяхат Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оразбаева Мархаббат Балталиевна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar