Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Мектеп: оқу құралдары"
  • 16.02.2016
  • 466 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16313

Тақырыбы: «Мектеп: оқу құралдары» .
Мақсаты : « Білім », « махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеті :
- Оқу - білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру ;
- Оқуға білім алуға деген ынталарын дамыту
- Кітапты қадірлеуге , еңбекті сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі : Плакат , сөзжұмбақ ,

І . Ұйымдастыру кезеңі .
Шаттық шеңбері :
Армысың асыл күн ,
Армысың асыл жер ,
Армысың көк аспан
Армысың қонақтар

ІІ . Мақсаты : Бүгінгі тіл дамыту сабағында өтетін тақырыбымыз « Мектеп , оқу құралдары »

Жаңа сабақ : Балалар сендер мектепке не үшін келесіңдер ?
Мектепте кімдер жұмыс істейді ?
Біздің мектептің аты қалай аталады ?
Сөзжұмбақ « Мектеп »

1
2
3
4 М е к т е п
Е к і
К е м п і р қ о с а қ
Т у
д ә п т Е р
6 П а р т а

1 . Біз білім алатын орын .
2. Сан
3. Жаңбырдан кейін шығатын құбылыс .
4. Рәміз
5. Оқу құралы
6. Сабақ оқитын орын

Көрнекілікпен жұмыс:
Балалар мына заттар бізге таныс па ?
Қане атайықшы .

Жұмбақ шешу
1. Жазу жазып , жалықпаған ,
Жаза – жаза арықтаған . / бор /
2. Қабат- қабат қаттама ,
Ақылың болса , аттама . / кітап /

3. Өшірді ,сүртті ,
Өзгені құртты ,
Өзін де құртты . / өшіргіш /

4. Алты қырлы ,
Алтын сырлы . / қарындаш /
Балалар алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалған.
Осы бізге керекті оқу құралдарды күтіп , ұқыпты ұстауымыз керек .

Өшіргіш пен қарындаштың мұңы

Балалар мектеп жайлы қандай тақпақтар білесіңдер ?
Қане өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдерші .

Кітаптың жыры

Неліктен кітапты « ұстаз » деп атаймыз ?
Кітаппен қалай дос болуға болады ?

« Оқусыз білім жоқ , білімсіз күнің жоқ » деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
Балалар кітап оқу арқылы білімді боласың . Білімді адам - ол күшті адам . өйткені адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі .
Қорытынды :
Оқу – білім туралы мақал -мәтел жаттап , мектептің суретін салып келу . Тәрбие.орг сайтынан "Мектеп: оқу құралдары" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдраймова Гулзат

Алматы облысы Райымбек ауданы "Бестөбе негізгі мектебі мдшо" Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 466 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar