МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН!

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 459
  • Тәрбие сағаты
  • 05/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19894


Сабақ тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын!
Сабақ мақсаты:
а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақ әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап әдістері, АКТ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ән сабағы, бейнелеу өнері, ағылшын тілі.
Сабақ көрнекілігі: мақал-мәтел, сандық, бақылау картасы, тест, жалаушалар, ғажайып үштік, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
«Менің Отаным - Қазақстан» бейнефильмін көрсету.
Оқушылардың назарын өзіме аударып, рәміздер аттарымен сыныпты үш топқабөлу.
Салтанатты күн бүгін,
Шырқалады қай рәміз? (Гимн!)
Көк аспандай туында,
Қалықтайды жас қыран.
1. “Гимн” тобы
Біз тәуелсіз ел болдық,
Өз тағдырын қолға алған.
Қай рәмізі? (Елтаңбасы) елімнің,
Бүкіл әлем қолдаған.
2. “Елтаңба” тобы
Рәмізінде елімнің,
Жалындайды алауы.
Желбірейді көгінде,
Қазақстан рәмізі? (жалауы!)
3. “Ту” тобы
Әр топ өз атауларын қорғап шығады. (Әр топтың білімділігін, іскерлігін, қабілетін, тапқырлығын алған жалаушалар саны арқылы анықтап отыру)
I. Құрастырма-полиглот. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне, ағылшын тіліне аудару.
1-топ: т, о, н, а Отан – Родина-Motherland
е, т, к, е, м, п мектеп – школа-school
у,т ту-флаг- flag
2-топ: і, т, п, а, к кітап-книга- a book
е, ж, р жер – земля-land
а, а, н ана-мама-mother
3-топ: л, ж, з, ұ, д, ы жұлдыз-звезда- a star
к, н, ү күн – солнце-sun
к, е, ә әке-папа-father
II. Ғажайып үштік. Әр топ берілген үш сұраққа жауап береді.
1-топ:
1. Қазақтың тұңғыш президенті кім?
2. Жаздың жайлы кеші. Бойды сергіткен қоңыр салқын леп дымқыл тұнық ауада біліне бастаған. Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп таудан асып, ұясына кіріп барады. Қай мәтіннен алынған үзінді?
3. Абай Құнанбаевтың “Адам болам десеңіз” өлеңін жатқа айт.
2-топ:
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
2. Шәмші Қалдаяқов туралы қай мәтінде әңгімеленеді?
3. М.Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңін жатқа айт.
3-топ:
1. Қазақтың тұңғыш геологы кім?
2. Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар. Қай өлең, авторы кім?
4. Д.Әбілевтың “Туған тілім” өлеңін жатқа айт.
III. Бақылау картасы.
№ Сұрақ Жауап
1 Қазақстан Республикасынеының рәміздері. 1. Ақын.
2 Көк бұйра бір бұлақ.
Тіл қатар былдырап,
Тастарды ұрғылап
Ағады құлдырлап. 2. Отан – оттанда ыстық.
3 Кәкімбек Салықов. 3. Жаңылтпаш.
4 Мақал – мәтел. 4. Елтаңба, әнұран, ту.

№ Сұрақ Жауап
1 Жаңылтпаш. 1. Ұлы жазушы.
2 «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы 2. Қазақ, түрік, орыс, неміс, кәріс, қырғыз, украин, татар, тәжік.
3 Алматы қаласының ұлт өкілдері. 3. Бозда боз ат мінген атам,
Бозда боздап жүрген атам.
4 М. Әуезов кім? 4. Ыбырай Алтынсарин.

№ Сұрақ Жауап
1 Батыр Бауыржан. 1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2 Ыбырай Алтынсарин кім? 2. Құрманғазы
3 Мақал – мәтел. 3. Мәлік Ғабдуллин
4 “Халыққа жеткіз күйімді” әңгімесінде кім жайлы айтылған? 4. Ағартушы, алғашқы ұстаз.
IV. «Кім жылдам?» ойыны.
1.Ай атауы 2.Зат есім 3.Табиғат құбылысы 4.Жалқы есім 5.Төрт түлік 6.Қайсысы? (мақал ма, жаңылтпаш па, жұмбақ па?) 7.Жасанды зат
1-топ. 2-топ 3-топ
1. Кітап 1. Түйе 1. Жылқы
2. Сәуір 2. Сызғыш 2. Мектеп
3. А. Құнанбаев 3. Желтоқсан 3. Қаңтар
4. Қар 4. Шымкент 4. Ә. Молдағалиев
5. Күшіңе сенбе, 5. Ақ тай ақ па, 5. Үй үстінде алтын тас,
Біліміңе сен. Қара тай ақ па. Алайын десен табылмас.
6. Орындық 6. Текемет 6. Қаламсап
7. Қой 7. Жаңбыр 7. Жел
V. Сергіту сәті. «Егемен Қазақстан» бейнефильмі
VI. Ой толғаныс.
1-топ: «Ауылым-алтын бесігім» атты шағын әңгіме жаз.
2-топ: “Жайлауда” Қазақстан табиғатын суреттеу.
3-топ: “Туған жер” туралы өлең жаз (бір шумақ).
VII. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Сандық ішіндегі заттарды мұғалім сипаттап айтады, оқушы жауап береді. Ол не?
1-топ: Табиғат байлығы өзі қатты, түсі қара, жанғыштық қасиеті бар.
2-топ: Дәнді дақылдардың бірі, түсі ақ, тағам ретінде пайдаланамыз.
3-топ: Бөлменің, сыныптың сәні, көмірқышқыл газын өзіне тартып, оттегін бөліп тұрады.
VIII. «Кім алғыр?» ойыны
Үш топқа да “Қарлығаш” деген сөз беріледі. Сол сөзден бір минут ішінде бірнеше сөз құрастыру керек.
IX. Ұйқасын тап.
1-топ:Шота! Арам шөпті ота.
2-топ: Дина! Сөз маржанын жина.
3-топ: Жұрын! Қайда оқыдың бұрын?
1-топ: Оңдасын! Көп пе сенің жолдасың?
2-топ: Ажар! Жүрген жерің базар.
3-топ: Айбала! Өкпелеткен қай бала?
X.Қорыту.
Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді. Бүгінгі сынып сағатымыздың соңында сендерге «Мен өз Отанымның патриотымын» атты медалімен сендерді марапаттасам деп отырмын. Денсаулықтарың мықты болсын, білімдерің шыңдала берсін, өз еліңнің нағыз патриоты болыңдар!
(Медальдарын тағып болғаннан кейін)
Бәрі: «Мен өз Отанымның патриотымын»
«Я патриот своей Родины»
«I m a patriot of my Motherland» (ай эм ә патриот оф май Мазеленд)
«Атамекен» әні. Тәрбие.орг сайтынан МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейсенбаева Римма Ермуханбетовна

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шилібастау орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar