Мен өз Отанымның патриотымын.

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 304
  • Тәрбие сағаты
  • 06/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23148


Сабақ: тәрбие сағаты Мектеп: Қарасу ОЖББМ
Күні: 2.09.2017ж Мұғалімнің есімі: С.С. Мухамбеткалиева
сынып: 4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Мен өз Отанымның патриотымын
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар : Тақырыптың мазмұның түсінеді.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптағы негізгі ойды тауып, Отанған деген сезімдерін жаза алады.
Кейбір оқушылар:. Мазмұнын өз сөзімен айтып әңгімені талдап, бес жолды өлең құрастыра алады.
Тілдік мақсат Оқушылар: Жаңа сабақты меңгереді, негізгі ойды табады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: , «ЭКСПО», бәйтерек, патриот
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Тақырыпты түсінеді, әңгімедегі негізгі ойды тауып, өз пікірін білдіре алады.
Жазылым бойынша ұсыныстар: тапсырмалар
Алдыңғы оқу Қайталау:
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар, ескертпелер) Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру
Tопқа бөліну Психологиялық дайындық
Гүл шоқтар арқылы бір-бірін құттықтау.
Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл, ЭКСПО-2017, Астана 3 топқа бөлу
Гүл шоғы
Қима қағаздар
Ортасы
Жаңа сабақ
Ой қозғау:

Жаңа сабақпен танысу

АКТ пайдалану

IV. Жаңа материалды меңгерту бөлімі
«Ассоцация» тәсілі

Аса өнегелі, жауапты
Еңбектенеді, жасайды, күреседі,
Өз Отанын сүйеді,
Азамат.
Патриотизм құндылықтарын бағдарлау.
1.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы екен?
2. Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3.Ел патриоты болу үшін бойымызда қандай қасиеттер болуы керек?
4. Қазақстанда патриоттық бейнесімен көзге түскен қандай тұлғаларға,ақын-жазушыларға, спортшыларға, әншілерге т.б. ұқсағыларың келеді?
«ЭКСПО-2017» туралы 15 дерекке шолу жасау.
«ЭКСПО-2017» салтанатының ашылуын тамашалау.
EXPO (ЭКСПО) сөзі ағылшынның Exposition (көрме) сөзінен қысқартылып алынған.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты Астанада халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті.
І бөлім: «Бәйге» 20 сұрақ
1.ҚР астанасы қай қала? (Астана)
2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады? (Әнұран,Ту,Елтаңба).
3.Әнұранның сөзін кімдер жазған?( Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев).
4.Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші Қалдаяқов).
5.Тұңғыш елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
6. Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков)
7. Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков).
8. Қазақстан қандай мемлекет? (Егеменді,тәуелсіз мемлекет).
9. Ата Заң қай жылы, қай айда қабылданды? (1995жылы,30-шы тамыз)
10. Тәуелсіздікті қай жылы, қай айда алдық? (1991жылы,16-шы желтоқсанда)
11.Тiл туралы Заңы қашан,қай айда қабылданды? (1997 жылғы 11 шiлде)
12. Қазақстан жерінде қанша ұлт өкілдері тұрады? (130- дан астам )
13. Қазақстан тәуелсіздігіне биыл неше жыл? (25 жыл)
14. Жер көлемі жағынан Қазақстан әлем елдерінің ішінде нешінші орынды алады? (9-орын алады )

ІІ бөлім: «Ізін жалғастыр» ( мақал –мәтелдердің ізін жалғастыру)
1.Отан неден басталады... ( от басынан басталады)
2. Отан үшін еңбек етсең ... (халқыңның сүйген ұлы боласың.)
3. Отан үшін отқа түс — күймейсің ...(Арың үшін алыссаң — өлмейсің. )
4. Туған жердей жер болмас,.. (Туған елдей ел болмас.)
5.Кісі елінде сұлтан болғанша ... (өз еліңде ұлтан бол)
6. Тіл мәртебесі ... (ел мәртебесі.)
7. Ерлік білекте емес,... ( жүректе.)
8. Еңбек ерлікке жеткізер... (Ерлік елдікке жеткізер.)
9. Ел үмітін ер ақтар...( Ер атағын ел сақтар.
10. Ерлік – елге мұра... (ұрпаққа - үлгі.)
11. Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,..(Ерте тұрған әйелдің бірі ісі артық.)
12. Еңбек қылсаң ерінбей,..(Тояды қарның тіленбей.)
13. Ер дәулеті ... (еңбек.)
14. Еңбек етсең... ( емерсіз.)
15. Еңбек түбі – береке,...(Көптің түбі – мереке.)

ІІІ бөлім «Ең үздік сурет» Өзінің туған қаласы, ауылына арналған «Менің қалам (менің ауылым) кеше-бүгін-болашақта» атты суреттердің көрмесін ұйымдастыру, оны қорғау;

«Күннің көзін ашайық» инновациялық тәсілі.
Әр оқушы өзінің бойындағы қасиеттерін таныстырады.
Үнтаспа

Оқулық, дәптер

Күн, бұлт
Аяқталуы
Бекіту
Кері байланыс:
Үй жұмысын беру

Бағалау
Топтардың тапсырмасын тексеру Бір -бірін бағалау
-Не үйрендің? –Не қиын болды?
Жарайсыңдар.
Үйге: «Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз»

Стикер Тәрбие.орг сайтынан Мен өз Отанымның патриотымын. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухамбеткалиева Самал Сабитовна

БҚО, Казталов ауданы, Қарасу ОЖББМ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar